«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


Бірыңғайлау немесе қалпына келтіру механизмі



Pdf көрінісі
бет7/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   94
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Бірыңғайлау немесе қалпына келтіру механизмі 

       Қандай  науқастан  болмасын  құлан  таза  айығын  кету  әркімнің  арманы.  Бірақ  анатомиялық 

құрылысы  қалпына  келгенмен,  кейбір  мүшелердің  қызметі  бірыңғай  болмайды.  Міне,  осы 

функционалдық  қасиетін  деңгейіне  келтіру  үшін  барлық  аурудан  кейін  дене  жаттығуларымен 

айналысу  қажет.  Тек  сонда  ғана,  жоғарғы  нерв  жүйесінің  басқару  қызметінің  басқа  органдармен, 

буындармен  ішкі  ағзалармен  байланысты  түзеледі.  Бірінсіз  бірінің  күні  жоқ.  Тек  осындай  байланыс 

қалпына келсе ғана, адам толық жазылады, ауруынан айығады деуге болады.  

       Жоғарыда  айтылған  емдік  гимнастикасының  механизмдері  бір-бірімен  тығыз  байланыста. 

Солардың әсерінен емдік гимнастиканың бірнеше қыры мен сырын ашуға болады. Олар: біріншіден, 

бүкіл  денеге  әсер  ететін  өзгеше  терапиялық  қасиеті;  екіншіден,  аурудың  асқыну  процестеріне  жол 

бермейтін  патогендік  қасиеті;  үшіншіден,  денедегі  әр  мүшенің  қызметін,  іс-әрекетін  қатарға  қосып, 

қалпына  келтіретін  функционалды  қасиеті;  төртіншіден,  кемтар  болған  мүшеге  сүйемелдеу,  соған 

бейімделу,  науқастың  көңілін  көтеру  қасиеті;  бесіншіден,  емдік-педагогикалық  қасиеті  –  ол  ауру 

адамның  алдына  бір  мақсат  қойып,  барлық  ынта-жігерімен,  сана-сезіммен  жаттығуларды 

орындауында. 

       Осындай  дене  гимнастикасының  жан-жақты  әсерінен  сырқат  адам  толығымен  қатарға 

қосылады.  Оның  ой-өрісі,  еңбекке  қабілеті  артып,  өз  мамандығын  меңгеретін,  әлеуметтік, 

экономикалық қажетке жарайтын бағалы қызметкер болуына мүмкіндік туады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет