«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет8/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

 

Емдік гимнастикасының тәсілдері 

       Емдік  гимнастикасының  тәсілдеріне  жаттығулар  жиынтығы  және  табиғат  факторлары  (ауа, 

су,  күн  сәулесі)  жатады.  Бұлардың  ішінде  негізгісі  жаттығулар  жиынтығы.  Олар  гимнастикалық, 

спорттық-қолданбалы, ойын түрлері болып үшке бөлінеді. 

       Гимнастикалық  жаттығулар анатомиялық белгілеріне  (қол, аяқ, дене бұлшық еттеріне), 

белсенділігіне  (жылдам,  ақырын,  күшпен),  ерекшелігіне,  түр-сипатына  (тыныс  алу,  дайындау,  реттік 

санау,  түзету,  үйлестік  лақтыру,  тепе-теңдік,  қарсыласу,  асылу,  тіреу  т.б.),  жабдықтандыруға 

(снарядпен, снарядсыз, арнайы аппараттармен) байланысты бірнеше топқа бөлінеді. 

       Жаттығулар  жиынтығын  барлық  денеге  бірдей  әсер  ететін  жалпылама  немесе  тек  бір  ғана 

мүшеге әсер ететін арнайы жаттығулар ретінде қолданады. Бұл жаттығулардың арақатынасы аурудың 

түріне, кезеңіне, жынысына, жасына қарай өзгеріп отырады. 

       Спорттық-қолданбалы  жаттығулар.  Бұған  жүру,  жүгіру,  секіру,  лақтыру,  өрмелеу,  жер 

бауырлап  жоғарлау,  шаңғы  тебу,  туризм,  коньки  тебу,  экскурсия,  серуендеу,  тұрмыстық  еңбекке 

бейімделген қимылдар, қайықта ескек есу т.б. жатады.  

       Осы  көрсетілген  спортты  қолданбалы  жаттығулардың  әрқайсысы-ақ  организмге  тиімді 

әсерін  тигізетіні  белгілі.  Әрбір  жаттығу  жай  жүруден  басталады.  Көбінде  жаттығумен  өз  бетінше 

айналысатын  адамдар  (жүрек-қан  тамырларымен  ауырғандары  семіздікке  ұшырап,  тыныс  жолдары 

зақымданғанда,  буындар  мен  ішек-қарын  ауырғанда)  ақырын  аяндап  жүруден  бастайды.  Қазақ 




халқында  ежелден  келе  жатқан  әдет,  қатты  ыстығы  көтеріліп  ауырған  шақта  бірер  күн  төсекте 

жатқызып қояды, ал ыстығын қайтару үшін көк шөпке жалаңаяқ жүргізеді. Көбірек қимылдаса, жер-

ана ауруды тартып алады деген ұғым да бар.  

       Ал  жүгіру  болса  кейінгі  кезде  ел  арасында  жиі  қолданып  жүрген  әдіс.  Ол  ішкі  ағзаларға, 

жүрек,  өкпе,  буындарға  айтарлықтай  күш  түсіреді.  Сондықтан  оны  көбінде  санаторий-курорттарда 

қолданады. Аурудың жазылып келе жатқан кезеңінде, ал кейбір аурулардың жаңа басталған шағында 

ақырын жүгіртеді. Емдік гимнастикада жүгіру мен жүру алма-кезек ауысып отырады.  

       Секіру  жаттығулардың  қарқынды,  үдемелі  түрі.  Ол  организмге  айтарлықтай  күш  түсіреді. 

Секіру  арқылы  адамның  қимылдары  үйлестіріледі,  жылдамдығы  артып,  буын  қимылдары  реттеледі. 

Бұл мектепке, жоғары оқу орындарында арнайы медициналық топтағы балаларға тағайындалады. Сол 

сияқты  емханалармен  санаторийларда  ересек  адамдарға  жіптен  секіру  не  өкшені  көтеріп  селкілдеу 

ретінде беріледі. 

       Лақтыру  –  кішкене  резина  доптарды  арнайы  межеге  лақтырады  немесе  үлкен  доптарды 

әріптестер бір-біріне әрқилы жағдайда лақтырады (басынан жоғары, кеудеден, белден, сырт  айналып 

оң  не  сол  жағынан  т.б.)  Мұндай  жаттығулар  бұлшық  еттерін  жетілдіріп,  буындардың  қимыл-

қозғалысын, дененің сезімталдығын арттырып, жүріс-тұрысын, тепе-теңдік  қалпына келтіреді, көңіл-

күйді  көтереді.  Емдік  гимнастикасының  бұл  түрі  арнайы  немесе  жалпы  сырқаттың  жағдайына 

байланысты  қолданылады.  Әсіресе,  құлақ-мұрын  ауруларында,  гипертония,  нерв  жүйесі 

зақымданғанда (вестибуляр аппараты) адам түзу жолмен жүре алмай, бір жағына қисайып сыңар езу 

аттай  «қабырғалап»  кететін  жәй  кездеседі.  Міне,  сондай  кезде  емдік  гимнастикасының  осы  тәсілін 

қолданады. 

       Өрмелеу  –  көлденең  жазықтыққа,  тік  биіктікке,  беткейге,  сатыға,  арқанға  т.б.  өрмелеу. 

Мұның  барлығы  дененің,  әсіресе,  аяқ-қолдың  бұлшық  еттерін  ширатып,  шынықтырып,  қимыл-

қозғалысын арттырады, тепе-теңдік қалыпты сақтайды. Емдеу гимнастикасының бұл түрін ортопедтік-

травмотологиялық, неврологиялық ауруханаларда кеңінен қолданады. 

       Еңбектеу  не  бауырмен  жылжу  –  омыртқа  жотасының  қимылын  жақсартады.  Дене  бір 

жағына қисайып кеткенде, сынғанда, асқазан-ішек, гинекологиялық аурулармен ауырғанда үй ішінде 

еңбектеп жүру өте пайдалы.  

       Шаңғы  тебумен  санаторий,  профилакторийларды,  өз  бетімен  спортпен  шұғылданған 

адамдар  жиі  айналысады.  Бұл  денедегі  ең  үлкен,  кесек  өттерге  әсер  етеді.  Барлық  организмнің 

нығаюына, нерв жүйесінің түзілуіне барынша ықпал жасайды. 

       Жүзу – дененің жылуын бірқалыпты ұстауға, шынықтыруға ықпал жасайды. Оны жүрек-қан 

тамыры,  тыныс  мүшелері  ауырғанда,  зат  алмасуы  бұзылғанда,  дененің  мүсіні  қалыпты  жағдайдан 

ауытқығанда қолдануға болады.  

       Серуендеу,  экскурсия,  туризм  терренкур  (мөлшерлі  жоғары  жүру)  –  курорттарда  аурудың 

қалған  әсерін  біржолата  жою  үшін  қолданылады.  Мұның  бәрі  өкпе-жүрек,  нерв  жүйесінің  ауруына 

шалдыққандар үшін өте пайдалы. 

       Ойын  –  адамдардың  көңіл-күйін  көтеріп,  қимыл  қозғалыстың  үйлесімділігін,  назарын, 

ілтипат-ықыласын  арттырып,  жылдамдықты  шыңдайды.  Ойын  бір  орында  қозғалмайтын,  жылдам 

жүгіріп ойнайтын және спорттық ойын болып үшке бөлінеді. Спорттық ойындар волейбол, баскетбол, 

бадминтон, теннис және т.б. 

       Табиғат факторлары – ауа, күн сәулесі, су – адам денесінің ауруға қарсылығын арттырып, 

төзімділігін үдетеді. Ол науқасқа да, сауға, үлкенге де, кішіге де түгел пайдалы. Тек қандай тәсіл болса 

да ептеп, мөлшерімен қолданған жөн. 

       Емдік гимнастиканың осындай  тәсілдерін дұрыс пайдалану үшін оның түрлерін, кезеңдерін, 

негізгі  нұсқауларын  немесе  методикасын,  қозғалыс  режимдерін  білу  қажет.  Оны  емдеу 

профилактикалық орындарда арнайы мамандар жетік біліп, қалыпты мөлшерде қолданады. Сондықтан 

көпшілік қауымға емдік гимнастиканың құпияларын түгел айтуды емес, аурудың түріне қарай қандай 

емдік гимнастика қолданылады, оны үйде өз бетінше қалай орындауға болады, міне, осы мақсат еттік.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет