Cұрақ: Жар таңдауда екінші рет қателескім келмейді. Қандай кеңес айтасыз? Жауап: Бірінші рет жасаған қатіліктерден сабақ алу керек
деп ойлаймын. Өзіңізге мына 3 сұрақты қойып көріңізші:
1. Мен бірінші ретте нені дұрыс жасадым?
2. Ендігі жолы нені жақсарта аламын?
3. Бірінші реттен қандай сабақ алдым?
Бәрін жаңадан бастау ешқашан кеш емес.
Cұрақ: Жігіттер қыздың қай мінезіне қызығады? Бағалайды? Жауап: Биязылығына, жұмсақтығына, «әлсіздігіне»
қызығады. Мойынсұнатын, жігітті құрметтейтін қыздан
артық қыз жоқ. Жігіт қыздың жанында өзін құрметті, мықты,
қамқор адам ретінде сезінсе, сол сезімді сыйлай білген
қызды жақсы көреді. Кейде сымбатты жігіттің жанында
анау айтқандай сұлу емес жарын көріп «Қалайша?»
деуің мүмкін. Бірақ, біл, демек, ол қыз жігітке сол бір
сезімді сыйлай білген, сол үшін ол жігіттің көзінде сұлу әрі
тартымды.
99
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ
-ж
ау
ап
ҚОСЫМША