– мәтіндердің жанрлық тұрғыдағы байланысы, қарым-қатынасы.
Бахтин пікірі бойынша автор бұрынғы және заманауи әдеби
туындылармен үнемі диалогқа түседі, мәтін өз бойына өзге мәтіндердегі
ойды жинақтайды, сөйтіп жаңа мәні туындайды.
Қазіргі әдебиеттануда «интермәтінділік» термині кең түрде
қолданысқа енді. Бұл термин арқылы құрамына бейсаналы, автоматты
түрдегі дәйексөздер ғана емес, бұрынғы мәтіндерге және әдеби
деректерге арнайы бағытталған, маңызды, бағалы сілтемелер жасау
кіретін мәтінаралық байланыстың ортақ құрамы танытылады. Сондай-
ақ мәтінаралық байланыста автор сөзі мен бөгделер сөзі, жекелей
алғанда, қос дауыстылық та ескерілетінін айтуға болады.
Тұжырымдама.
1. Көркем мәтін - өзара ішкі байланыстары мол көпқабатты құбылыс. Әдеби
шығармада
сюжет
оқиғалардың
тізбегінен,
яғни
уақыт-кеңістік
қатынасындағы кейіпкерлерінің өмірінен, бір-бірімен алмасып отыратын
әрекет-жағдайлардан тұратыны белгілі. Онда берілген үлкенді-кішілі
әрекеттердің бірлігі сюжет, идея, кейіпкерлер арқылы қабысады. Автордың
толғамы әр түрлі ситуация ішінде шектеусіз көрініп отырады да, шығармадағы
оқиғалар уақыттан тыс, кешенді де сипат алады.
2. Баяншы – оқырманға кейіпкердің әрекеттері туралы баяндап, оның өту
уақытын белгілеп, кейіпкердің бейнесін, ортасын суреттеп, оның ішкі
дүниесін ашады. Бұл кезде ол бәрінен тысқары тұрады. Баяншының міндеті
бір мезгілде өзі бейнелеп отырған шектеулі кеңістікте көріне отырып, оның
оқырмандарына да арналады.
|