Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі


Сүтқоректілердің  орталық  жүйке  жүйесі  және  тірек  –  қимыл



Pdf көрінісі
бет52/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71
Байланысты:
zoologiya 2-bolim

Сүтқоректілердің  орталық  жүйке  жүйесі  және  тірек  –  қимыл 
жүйесі. 
Сабақтың 
мақсаты: 
Сүтқоректілердің 
жоғары 
сатыдағы 
омыртқалылар  екендігіне  байланысты  орталық  жүйке  және  тірек  –  қимыл 


 
жүйелерінің ерекшеліктерімен  танысып,  сүтқоректілердің  мінез  –  қылығын 
ашып көрсету. 
Сабаққа  қажетті  құрал  –  жабдықтар:  Сүтқоректілер  миының, 
көзінің  ылғалды  препараттары,  есту  мүшесінің  модель  аппликациясы, 
сүтқоректілер қаңқасының коллекциялары, түрлі-түсті кестелер. 
 
Жалпы түсінік. 
Сүтқоректілердің  миы  басқа  жануарлардың  миымен  салыстырғанда 
әлде  қайда  үлкен  болады.  Ол  мишық  163-сурет  пен  алдыңғы  ми 
сыңарларының көлемді болуына байланысты. 
Алдыңғы  мидың  дамуы  негізінен  оның  қақпағының-ми  күмбезінің  
өсуімен байланысты. Алдыңғы мидың қақпағы ми қарыншақтарының бүйір 
керегелерінің  жүйкелік  заттарынан  өседі.  Пайда  болған  ми  күмбезі  екінші 
реттегі күмбез немесе неопаллиум деп аталады. Ол жүйке жасушалары мен 
талшықтарынан тұрады. Сүтқоректілерде ми қыртысының жақсы жетілуіне 
байланысты, оның сұр заты ақ затының үстне орналасқан. Ми қыртысының 
жоғарғы  жүйке  әрекетінің  рталықтары  болады.  Сүтқоректілердің  мінез-
құлқының  күрделі  болуы,  әртүрлі  сыртқы  әсерлерге  беретін  күрделі 
жауаптары  алдыңғы  ми  сыңарларының  қыртысының прогрессивті  дамуына 
тікелей байланысты. Екі ми сыңарлары сүйелді дене деп аталатын ақ жүйке 
талшықтарының комиссураларымен байланысқан. 
Алдыңғы  ми  сыңарларының  беті  көпшілік  түрлерінде  тегіс  болмай, 
көптеген  сайлар  болады  да  оның  беттік  ауданын  ұлғайтып  тұрады.Тіпті 
болмағанда маңдай бөімін самай бөлімінен бөліп тұратын бір сайы болады, 
оны  сильвиев  бороздасы  деп  атайды.  Одан  ары  қарай  маңдай  бөліміне 
шүйде  бөлімінен  бөліп  тұратын  көлденең-роландов  бороздасы  кетеді. 
Жоғарғы  сатысындағы  сүтқоректілердің  ми  қыртысында  бороздалары  өте 
көп  болады.Аралық  ми  үстіңгі  жағынан  көрінбейді.Эпифиз  бен  гипофиз 
үлкен болады. 
Ортаңғы  ми  өз  ара  біріне-бірі  перпендикуляр  екі  бороздамен    төрт 
төмпешікке бөлінген.Жануарлардың қозғалысының күрделі болуына сәйкес 
мишығы үлкен, әрі бірнеше бөліктерге бөлінген. 
Сезім мүшелері. Сүтқоректілердің иіс сезу мүшесі өте жақсы жетілген 
және  тіршілігінде  маңызы  зор.  Осы  мүшелерінің көмегімен  олар  жауларын 
сезеді,тамағын, бірін-бірі  іздеп табады. Көптеген түрлері  қоректерінің иісін 
бірнеше жүз метр қашықтан анықтайды. Тек қана толығынан суда тіршілік 
етуге  көшкен  түрлерінде  киттерде  иіс  сезу  мүшесі  радиацияланған.  Есту 
мүшесі  164-сурет  сүтқоректілердің  көпшілігінде  өте  жақсы  жетілген.Оның 
құрамында  төменгі  сатыдағы    кластың  өкілдерінде  болатын  ортаңғы,  ішкі 
құлаққа,  жаңа  екі  бөлім;  сыртұы  дыбыс  жолы,  құлақ  қалқаны  енеді.  Құлақ 
қалқаны кейбір сүтқоректілерде киттерде, ескек аяқтылардың көпшілігінде, 
жер астын мекендейтін  көртышқандарда т.б. болмайды. Құлақ қалқанының 
дыбысты күшейтуде маңызы зор. 
Дыбыс  жолының  ішкі  ұшы  дабыл  жарғағымен  аяқталады,  оның  арт 
жағында  ортаңғы  құлақ  қуысы  болады.  Ортаңғы  құлақ  қуысында 


 
қосмекенділер  мен  бауырымен  жорғалаушылардай  бір  ғана  есіту  сүйегі 
болмай,  үш  сүйек  болады.  Балға  дабыл  жарғағына  тиіп  тұрады,  оған 
қозғалмалы  болып  төс  бекіген.Төс  өз  тарапынан  қозғалмалы  болып 
үзеңгімен  байланысқан.  Үзеңгі  ішкі    құлақтың  жарғақты  лабиринт 
маңайындағы қуысқа тіркеледі.Бұл қөрсетілген жүйе құлақ қалқаны ұстаған, 
дыбыс  жолы  арқылы  ішкі  құлаққа  келетін  дыбыс  толқынының  берілуін 
жетілдіре түседі. 
Көру  мүшелері.  Сүтқоректілердің  көру  мүшелерінің  құрылысында 
ерекше өзгешелік болмайды. Көру мүшелерінің жануарлардың тіршілігінде 
құстармен салыстырғанда аса маңызы жоқ. Көздеріндегі аккомодация кірпік 
еттерінің  165-  суреті  әсерінен  хрусталиктің  формасын  өзгерту  арқылы 
орындалады.  Сүтқоректілердің  көпшілігінің  жоғарғы  және  төменгі  қабағы 
өте жақсы дамыған және бірсыпырасында түссіз ымдау жарғағы болады. 
Қаңқасы.  Сүтқоректілердің  миының  үлкен  болуына  байланысты,  ми 
сауыты да үлкен болады.  
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет