Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі


-сабақ  Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылыстары



Pdf көрінісі
бет49/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71
Байланысты:
zoologiya 2-bolim

15-сабақ 
Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылыстары. 
Сабақтың мақсаты: Ақ егеуқұйрықтың систематикалық жағдайымен 
танысып,  әртүрлі  сүтқоректілердің  сыртқы  және  ішкі  құрылыстарымен 
танысу. 
Сабаққа  қажетті  құрал-жабдықтар:  Ақ  егеуқұйрықтың  және 
жергілікті  жердің  сүтқоректілердің  тұлыптары,  ақ  егеуқұйрықтың  ішкі 
құрылысының ылғалды препараттары, микроскоптар, түрлі түсті кестелер. 
 
Жалпы түсінік. 
Дене пішіні. Тіршілік ететін ортасының түрліше болуына байланысты 
сүтқоректілердің  дене  пішіні  түрліше  болады.  Оның  ішінде  кеңінен 
таралғаны  жер  бетінде  мекендейтін  төрт  аяқты  жануарлар.  Олардың  аяғы 
ұзын  болады  да,  ол  бауырымен  жорғалаушылардағыдай  кеудесінің  екі 
бүйіріне  орналаспай,  астына  орналасқан.  Сондықтан  тізе  буындары 
денесінің  алдына  қарай,  ал  шынтақ  буындары  денесінің  арт  жағына  қарай 
бағытталған.  Мойын  бөлімі  жақсы  жетілген,  ал  құйрық  бөлімі  керісінше 
дененің  қосалқы  бөліміндей  нашар  дамыған.  Жер  астында  тіршілік  ететін 
түрлерінің  денесі  ұршық  сияқты,  мойыны  қысқа,  сыртынан  айқын 
байқалмайды.  Құйрығы  редукцияланған.  Аяқтары  өте  қысқа  болады.  Суда 
тіршілік ететіндерінің дене пішіні балық тәрізді болады да аяқтары ескекке 
айналған. Кит тәрізділерде тек қана алдыңғы аяқтары сақталған. 


 
 
 
47-Сурет. Аналық егеуқұйрықтың ішкі мүшелерінің орналасуы 
1-жүрек; 2- сол аорта доғасы; 3-көмекей; 4-кеңірдек; 5-өкпе; 6-
көкет(диафрагма); 7-құлақ маңы сілікей безі; 8-өңеш; 9-қарын; 10-12-елі 
ішек; 11-ұйқы безі; 12-ащы ішек; 13-тоғы ішек; 14-соқыр ішек; 15-тік ішек; 
16-аналь тесігі; 17-бауыр; 18-көкбауыр; 19-бүйрек; 20-несепағар; 21-қуық; 
22-жұмыртқа безі; 23-жұмыртқа жолы; 24-жатыр мүйізі; 25-жатыр; 
26-қынап; 27-шығару тесігі; 28-жыныс тесігі; 29-көкірек қуысы; 30құрсақ 
қуысы. 
 
Тері  жамылғысы.  Сүтқоректілердің  түрлі  ортада  тіршілік  етуіне 
байланысты  тері  жамылғысының  құрылысы  басқа  омыртқалылармен 
салыстырғанда анағұрлым күрделі болады. 
Омыртқалылардың  тері  жамылғысы  сыртқы  –  эпидермистен  157-
суреті,  оның  астыңғы  қабаты-  кутистен  немесе  нағыз  теріден  тұрады. 
Эпидермис  өз  тарапынан  екі  қабаттан  тұрады.  Бірінші  –  төменгі  қабатын  – 
мальпигиев  немесе  өсу  қабаты  деп  атайды.  Ол  қабаттың  жасушалары 
цилиндр немесе төрт бұрышты тәрізді болады. Бұл қабаттың үсті жалпақтау 
келген  жасушалардан  тұрады.  Сонымен  қатар  бұл  қабаттың  үстіңгі 
жасушалары  біртіндеп  қайызғақ  түрінде,  немесе  қабат  түрінде 
(тюленьдерде) түлеп түсіп отырады. 
Сүтқоректілердің  –  түгі,  тырнақтары,  тұяқтары,  мүйіздері  (бұғыдан 
басқаларында),  қабыршақтары  және  түрлі  тері  бездері  осы  эпидермис 
қабатынан пайда болады. 


 
Сүтқоректілердің  терінің  кутис  қабаты  өте  жақсы  жетілген.  Кутис 
талшықты дәнекер ұлпаларынан қалыптасады. Кутистің астыңғы қабатының 
ішкі  беті  жұмсақ  талшықты  ұлпалардан  тұрады.  Кейбір  қысқы  ұйқыға 
жататын  жануарларда  (саршұнақ,  суыр,  борсық,  т.б.)  май  қабаты  жақсы 
жетілген.  Май  олар  үшін  қысқы  ұйқы  кезіндегі  қоректік  материал  болып 
саналады. 
Сүтқоректілердің  түгінің  сыртқы  бөлімін сабақ,  ал  теріге  еніп  тұрған 
бөлімін түбі деп екіге бөледі. Түк сабағын тікелей жарып микроскоп арқылы 
қарағанда  мына  қабаттардан  өзек,  сірі  және  сыртқы  қабық  қабаттарынан 
тұратынын байқауға болады. Өзегі арасында ауа болатын торлы ұлпалардан 
құралады. Сондықтан түк жылуды нашар өткізеді де, жануардың денесіндегі 
жылудың  сақталуына  себепші  болады.  Оның  сыртқы  сір  қабаты  өте  тығыз 
болғандықтан  түу  мықты  болады.  Ең  үстіңгі  жұқа  қабығы  түкті  сыртқы 
механикалық  және  химиялық  әрекеттерден  қорғайды.  Түк  түйініне  қан 
тамырлары  келеді.  Ол  түк  түйініндегі  жасушалардың  жетілуін  қамтамасыз 
етеді.  Түктің  тері  бетіне  шығып  тұрған  сабағы  өсу  қабілетін  жойып, 
мүйізденіп  кетеді.  Терідегі  май  бездерінен  шығатын  майы  түкті  майлап, 
оның мықтылық қасиетінің сақталуына және су өтпеуіне себепші болады. 
Ет жүйесі – өте жақсы жетілген және көптеген бұлшық етер жіктеліп, 
өз  алдына  орналасқан.  Құрсақ  қуысын  бірде  кеңейтіп,  бірде  тарылтып, 
сүтқоректілердің тыныс алу процесін жеңілдетуге көмектеседі. Тері астыңғы 
ет  қабаты  жақсы  жетілген.  Ол  терінің  кез  келген  жерін  қозғалысқа  келтіре 
алады. Приматтарда мұндай ет бет бөлімінде болады, оны мимикалық еттер 
деп атайды. 
Ас  қорыту  жүйесі.  Сүтқоректілерде  ас  қорыту  жүйесі  ерінінен 
басталады,  етті  ерін  тек  қана  кит  тәрізділерде  және  клоакалы  жануарларда 
ғана  болмайды.  Етті  ерін  сүтқоректілерге  қоректілерін  ұстауға  керек. 
Жақтың ішкі жағын ауыз қуысы дейміз. Қоректік заттар бұл жерде тістердің 
және сілекей бездерінің әсерінен механикалық және  химиялық өзгерістерге 
түседі. 
Сүтқоректілердің  тістері  –  күрек  тістер,  шошақ  тістер,  жалған  азулар 
және  езу  тістер  деп  бөлінеді.  Түрлі  жануарлардың  тістерінің  сандары, 
формалары 
мен 
атқаратын 
қызметі 
түрліше 
болады, 
мысалы, 
жыртқыштардың  шошақ  тістері  өте  жақсы  жетілген  және  олардың  ұшы 
өткір  болады.  Сол  сияқты  жоғарғы  жағының  соңғы  жалған  азуы  және 
төменгі жағының бірінші нағыз азулар деп аталады. 
Төменгі жақ сүйегінің арасына етті тіл орналасады. Оның жәрдемімен 
қоректік  заттар  қабылданып  ауыз  қуысында  ұсатылған  кезде  оларды 
араластырады. 
Ауыз қуысының арт жағында жұтқыншақ орналасқан. Жұтқыншақтың 
үстіңгі жағына жалғасып жататын ішкі танау тесіктері және евстахиев түтігі 
болады.  Жұтқыншақтың  төменгі  бөліміне  өңеш  жалғасады.  Өңештің  еті 
тегіс  ұлпалардан  құралады.  Кейбір  күйіс  қайтаратын  жануарларда 
жұтқыншақтан  келетін  көлденең  салалы  еттер  болады.  Осы  еттердің 


 
көмегімен  өңеш  еріксіз  жиырылып  күйіс  қайырғанда  қарындағы  қоректік 
затты кекіріп аузына келтіруге көмектеседі. 
Қарын  басқа  ас  қорыту  мүшелерінен  айқын  бөлінген  және  көптеген 
сөл  шығаратын  бездері  болады.  Қарынның  көлемі  және  оның  ішкі 
құрылысы  қоректік  заттарының  түріне  байланысты  әрбір  түрде  түрліше 
болады.  Күйіс  қайтаратын  сүтқоректілердің  қарны  өте  күрделі  құрылған. 
Мысалы, сиырдың қарны төрт бөлімнен тұрады:  1) үлкен қарын, оның ішкі 
бетінде  қатты  бүр  болады;  2)  жұмыршақ  қарын,оның  ішкі  беті  торлы 
ұяшықтарға  бөлінген;  3)  жалбыршақ  қарын,  оның  ішкі  беті  көлденең 
орналасқан  қатпарлардан  тұрады;  4)  ұлтабар  немесе  безді  қарын.  Үлкен 
қарынға  түскен  қоректік  зат  сілекейдің  және  бактериялардың  әрекетінен 
ашиды. Қорек заты үлкен қарыннан оның перистальтикалық қозғалысының 
әсерінен  жұмыршақ  қарынға,  одан  күйіс  қайырғанда  –  ауызға  келіп түседі. 
Ауызда тамақтық зат ұсақталып, сілекеймен әбден араласады. Пайда болған 
жартылай  сұйық  зат  жалбыршақты  өңешпен  жалғастыратын  жіңішке 
саңылау арқылы жалбыршақ қарынға, одан ұлтабарға барады. 
Нағыз  ішек  –  аш  ішек,  тоқ  ішек  және  тік  ішек  деп  үшке  бөлінеді. 
Өсімдік  тектес  қатты  азықтармен  қоректенетін  түрлердің  (кемірушілердің) 
аш  ішегі  мен  тоқ  ішегінің  шекарасында  ұзын  және  тұйық  бітетін  бүйені 
болады,  ал  кейбір  сүтқоректілерде  (маймылдарда,  шала  маймылдарда, 
қояндарда)  кішкене  құрт  тәрізді  тұйық  өсіндімен  бітеді.  Жануар  тектес 
азықпен  қоректенетін  сүтқоректілердің  кейбір  түрлеріне  (көп  күрек  тісті 
қалталыларда)  бүйен  болмайды.  Бүйен  ашытқыш  чанның  қызметін 
атқарады.  Егер  тамақтық  заттың  құрамында  клетчатка  көп  болса,  ашу 
процесі  де  соғұрлым  күшті  болады.  Өсімдік  тектес  азықпен  қоректенетін 
жануарларда  ішектері  ұзын,  ал  кез  келген  тамақпен  немесе  жануар  тектес 
затпен қоректенетіндерінде қысқа болады. 
Бауыр көк еттің (диафрагманың) астыңғы жағына орналасқан. Өт пен 
ұйқы безінің жолдары он екі елі ішекке ашылады. 
Тыныс  алу  мүшелері.  Жұтқыншақ  астына  көмекей  орналасады. 
Көмекей бірнеше шеміршектен тұрады. Көмекейдің төменгі жағында сақина 
сияқты  оймақ  тәрізді  шеміршек  болады.  Ал,  алдыңғы  және  бүйір  жағынан 
тек  қана  сүтқоректілерге  тән  қалқан  тәрізді  шеміршек  қоршап  тұрады. 
Оймақ  тәрізді  шеміршектің  үстіңгі  көмекейдің  арқа  жағында  бір  жұп  ожау 
тәрізді  шеміршек  болады.  Қалқан  шеміршегінің  алдыңғы  шетіне  жұқа 
жапырақ  тәрізді  үстіңгі  көмекей  жалғасады.  Оймақ  тәрізді  және  қалқан 
шеміршегінің  алдыңғы  шетіне  жұқа  жапырақ  тәрізді  үстіңгі  көмекей 
жалғасады. Ойық тәрізді және қалқан шеміршегінің арасында кішкене қалта 
тәрізді  қуыс  –  көмекей  қарыншасы  болады.  Дыбыс  байланысы  бір  жұп 
қатпар  түрінде  қалқан  шеміршегі  мен  ожау  тәрізді  шеміршектің  арасында 
жатады.  Кеңірдіктер  мен  бронхылар  өте  жақсы  жетілген.  Ең  ұсақ 
тарамдарын бронхиолдар деп атайды. Бронхиолдар кішкене альвеолдар деп 
аталатын  көпіршіктермен  аяқталады.  Альвеолдар  ұяшық сияқты  болады  да 
керегелері  өте  жұқа  екенін  байқау  қиын  емес.  Бұл  ұяшықтарға  қан 
тамырларының  ұші  келеді.  Сүтқоректілердің  тыныс  алуына  және 


 
шығаруына қабырға аралық еттер мен көк еттің – диафрагманың үлкен әсері 
бар,  яғни  олардың  жиырылып  жазылуының  нәтижесінде  көкірек  қуысы 
кеңейіп,  ауа  қабылдап  немесе  тарылып,  өкпеден  газдың  шығуына  себепші 
болады. 
Қан  айналу  жүйесі.  Сүтқоректілердің  сол  жақ  қарыншадан  шығатын 
бір  ғана  сол  жақ  қолқа  доғасы  болады.  Қолқадан  кететін  қысқа  атсыз 
артерия,  оң  бұғана  асты  артериясына  ашылады,  оң  және  сол  ұйқы 
артерияларына тарамданады. Сол жақ   бұғана  асты  артериясы  қолқа 
доғасынан  кетеді.  Кейде  сол  жақ  ұйқы  артериясы  атсыз  артерияан  шықпай 
қолқа  доғасынан  шығады.  Арқа  қолқасы  омыртқа  жотасының  астыңғы 
жағында  жатады  да  одан  еттерге  және  ішкі  мүшелерге  көптеген  қан 
тамырлары кетеді. 
Вена  жүйесіндегі  ерекшеліктер:  1-бүйректердің  қақпа  қан  айналысы 
болмайды;  2-сол  жақтағы  алдыңғы  қуыс  вена  аз  ғана  түрлерінде  жүрекке 
өзінше  барып  құяды.  Көпшілік  жағдайда  ол  оң  жақ  алдыңғы  қуыс  венамен 
қосылып,  дененің  алдыңғы  жағындағы  қанды  жинап,  оң  жүрекшеге  келіп 
құйылады;  3-кардиналдық  веналардың  дара  веналары  болады;  4-көптеген 
түрлерінде оң жақ дара вена өз бетінше алдыңғы қуыс венаға құйылады, ал 
сол жақ дара вена қуыс венамен байланысын үзеді де көлденең вена арқылы 
оң жақ дара венаға барып құйылады. 
Зәр  шығару  және  жыныс  жүйелері.  Зәр  шығару  мүшелері  –  жұп 
мықын  бүйректері  бел  маңайындағы  омыртқа  жотасының  екі  қапталында 
орналасқан. Бүйректің ішкі жақтарынан несеп (зәр) ағарлар шығып, қуыққа 
ашылады.  Қуықтан  несеп  арнаулы  несеп  каналы  арқылы  сыртқа  шығады. 
Аталықтарында  несеп  каналы  жыныс  мүшесінің  ішімен  өтеді  де, 
аналықтарында-клитордың  басында  ашылады.  Әрбір  бүйректің  алдыңғы 
шетінде ақшылдау дене-ішкі секреция мүшесі болып табылатын бүйрек үсті 
дене орналасқан. 
Жыныс  мүшелері  –  аталықтарында  тұқым  бездері  жұмыртқа  тәрізді 
пішінді  болып,  құйрық  түбіндегі  ерекше  қапшық-ен  қалтасының  ішіне 
орналасқан. Тұқым бездерінің жоғарғы жағында олардың өсінділері болады 
да, олардан тұқым жолдары шығады. Қос тұқым жолы шап каналы арқылы 
құрсақ  қуысына  бағытталады.  Дене  қуысында  қосымша  жыныс  бездері-
тұқым  көпіршіктері  мен  қуықтың  жанында  пристательдік  бездері  болады, 
бұл  қосымша  жыныс  бездерінің  жолдары  да  тұқым  жолдарына  қосылып, 
одан жыныс мүшесінің ішімен өтетін зәр шығару каналына ашылады. 
Аналық  жыныс  мүшелері  бүйрек  маңайында  орналасқан  жұп 
жұмыртқа  бездерімен  берілген.  Бір  жұп  жұмыртқа  жолдары  құрсақ  қуысы 
жағынан  қарағанда  түтікше  тәрізді  болып,  оның  алдыңғы  ұштары  кең 
воронкаға  айналады.  Жұмыртқа  жолдары  қалың  қабырғалы  түтікше-жатын 
мүйіздеріне енеді. Оң және сол жақ жатын мүйіздері өзара қосылып, жатын 
денесін құрайды. Жатын сыртқы жыныс тесігіне ашылатын ұзарған қынапқа 
жалғасады.  Сыртқы  жыныс  тесігіне  қынаптан  басқа  несеп  жолы  да 
ашылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет