көздерінен оқып білу жəне төмендегі тапсырмаларды орындау арқылы
тақырыпты бекіту. 1. Тақырып бойынша э к о н о м и к а л ы қ с ө з д і к (глоссарий) жасау. 2. Тақырып бойынша л о г и к а л ы қ с х е м а л а р құрастыру. 3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:
- Қазақстанда үлкен ашық экономиканы қалыптастыру жəне
дамыту;
- Нобель сыйлығының иегері Роберт Манделл жəне ашық экономи-
ка үлгісі. 4. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):
- Макроэкономикалық тепе-теңдіктің формалары мен шарттары;
- Ішкі жəне сыртқы тепе-теңдік. 5. Тест сұрақтарына жауап беру керек: 1. Мына тұжырымдардың қайсысы кіші ашық экономикаға тəн емес:
а) инвестиция мөлшері əлемдік пайыз мөлшерлемесіне тəуелді
ə) ұлттық жинақтар инвестицияға тең
б) таза экспорт мөлшері ұлттық табысқа тəуелді
в) импорт мөлшері импорттауға деген шекті бейімділікке байла-
нысты