Пән: қазақ тілі Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің «№45 бейімделген орта мектебі» Мұғалімнің аты-жөні: Темиргалиева А.К. Қатысқандар саны: Сынып: 4 «А» Қатыспағандар саны:
Шаттық шеңбері: Еденде күннің ,бұлттың жаңбырдың суреттері салынған қима қағаздар жатыр.Оқушылар өз көңіл-күйлеріне сәйкес суретті алып,өз таңдауы бойынша айтып береді. Топқа бөлу. 1-топ-Зат есім.
2-топ-Сын есім.
3-топ-Етістік.
4-топ-Сан есім.
Топ ережесі: Жақсы балалар,бүгін біз сендермен алған білімдерімізді қайталайтын боламыз.Ол үшін сендермен «Алтын қақпа»ойынын ойнаймыз.Оның мақсаты:әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы мақсатқа жету.қақпаға кіру.Қақпаның ішінде «Алтын сандық» бар.Тапсырмаларды орындап біткеннен кейін «Алтын сандық» ашылады.Оның ішінде не бар екенін сонда көреміз.Алтын қақпаға жету үшін бірнеше қақпа бар.