1-бап.Еркеше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау
режимі бар не мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына
келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен
реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы учаскелері.
2-бап .Мемлекеттік табиғи-қорық қоры Мемлекеттік табиғи-қорық қоры- қоршаған ортаның табиғи
эталондар, уникумдар мен реликтер, ғылыми зерттеулерге, ағарту,
білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған зат-болмыс
ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды,
Мемлекттік қорғауға алынған объектілерінің жиынтығы.