Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


-бап. Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау



Pdf көрінісі
бет97/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   131
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯ-ЖӘНЕ-ТҰРАҚТЫ-ДАМУ-1

 
6-бап. Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау 
саласындағы құқықтары мен міндеттері 
1.  Қоғамдық  бірлестіктердің  қоршаған  ортаны  қорғау  саласында 
өз қызметін жүзеге асыру кезінде: 
     өздерінің    экологиялық  бағдарламаларын  әзірлеуге,  бекітуге 
және насихаттауға, азаматтардың құқықтары  мен мүдделерін қорғауға, 
оларды  ерікті    негізде  қоршаған  ортаны    қорғау  саласында  белсенді 
қызметке тартуға: 
      қоршаған  ортаны  қорғау  мен  сауықтыру,  табиғи  ресурстарды 
ұтымды пайлалану мен молықтыру жөніндегі жұмыстарды орындауға, 
экологиялық,  ғылыми және  мәдени    жағынан  ерекше  құнды  қоршаған 
орта  объектілерін  қорғауға,  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтарды 
ұйымдастыру мен олардың қызметіне қатынасуға: 
экологиялық  тәрбие  мен  білім  беру  жөніндегі  жұмыстарды, 
қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді белгіленген 


 
132
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
тәртіппен орындауға: 
мемлекеттік  экологиялық  сараптама  өткізуді  талап  етуге  және 
қоғамдық экологиялық сараптама өткізуге: 
қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  қоғамдық  бақылауды  
жүзеге асыруға: 
мемлекеттік  органдар  мен  ұйымдардан  қоршаған  ортаның  жай-
күйі      және  оны  сауықтыру  жөніндегі  шаралар  туралы  дер  кезінде, 
толық және анық ақпарат алуға: 
қоршаған  ортаны  қорғау  саласында  мемлекеттік  органдармен 
және  халықаралық  ұйымдармен  ынтымақтасуға  және  өзара  іс-қимыл 
жасауға,  олармен  келісімдер  жасаса  отырып,  олар  үшін  шарттар 
бойынша заңдарда көзделген белгілі бір жұмыстарды орындауға: 
қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  заң  жобаларын  талқылауға 
қатысуға: 
кәсіпорындарды,  құрлыстар  мен  экологиялық  жағынан  зиянды 
өзге  де  объектілерді  орналастыру,салу,  қайта  құру  және  пайдалануға 
беру туралы, сондай-ақ заңды сол сияқты жеке тұлғалардың қоршаған 
орта  мен  адам  денсаулығына  теріс  әсер  ететін  шаруашылық  және  өзге 
де  қызметтен  шектеу,  тоқтата  тұру,  тоқтату  туралы  шешімдердің 
әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге: 
кінәлі ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа 
тарту  туралы  мәселелер  қоюға,қоршаған  ортаны  қорғау  туралы 
заңдардың бұзылуы салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне 
келтірген зиянды өтеу туралы сотқа талап-арыз беруге: 
Өздерінің заңдарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде 
көзделген  басқа  да  құқықтарын  белгіленген  тәртіппен  іске  асыруға 
құқығы бар. 
2.Қоғамдық  бірлестіктер  өздерінің  қызметін  қоршаған  ортаны 
қорғау  және  қоғамдық  бірлестіктер  туралы  заңдарға  сәйкес  жүзеге 
асыруға міндетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет