157
Негізгі терминдер мен анықтамалар Абиотикалық факторлар –абиотические факторы-тірі организмге ықпал етуші температура, ауа, ылғал, жарық, жер бедері, топырақ пен су қасиеті сияқты бейорганикалық әсерлер кіреді. Абориген – абориген-табиғатта ұзақ жылдар бойы түп-кілікті және тұрақты мекендеген бір елдің ежелгі байырғы тұрғылықты халқы. Автотрафтылар-өздігінен бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзіп қоректенетін организмдер Адам экологиясы- адамның тіршілігіне қатысты экология Авиатозаңдату – авиаопыление – ұшақ арқылы зиянды организмдерге қарсы күресте қолданылатын тәсілдер. Авиатыңайту – авиаподкормка- минералдық немесе микробиологиялық тыңайтқыштарды ұшақ арқылы қолдану. Авиахим күресу – авиахимборьба-зиянкестерге және өсімдік ауруларына қарсы күресте пестицидтерді немесе репе-ленттерді ұшақ арқылы қолдану. Автотроф – автотроф- күнкөзінің (фотосинтез)немесе химиялық құбылыстардың (хемосинтез)энергиясы арқылы бейорганикалық заттарды түзейтін организм. Агриофиттер – агриофиты – жаңа тіршілік жағдайына тез бейімделген табиғи ортада таралған өсімдіктер. Агрохимия – агрохимия – ауыл шаруашылық дақылдары-ның жоғары өнімін арттыру үшін өсімдіктердің қоректенуін, егістіктегі әр түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық препараттарды қолдану, топырақ химиясын ондағы өтетін химиялық және биохимиялық құбылыстарды зерттейтін ғылым саласы. Агроценоз – агроценоз – антропогенді әсерлер нәтижие-сінде қалыптасқан және белгілі құрамы бар егін егіп пайдаланатын дақылдар бірлестігі. Әлсіз түр – вид уязвимый – ортаның тіршіліктің, адам әрекетінің мардымсыз өзгерісіне төтеп бере алмай, тез азайып кететін түр.