Ботаникалық бау – ботанический сад – жер шарындағы
өсімдіктер әлемінің байлығын, коллекциясын жинау, оларды өсіру арқылы ғылыми-зерттеулер жүргізілетін, оқу-үйренуге маманданған, қолданбалы ғылыми мекеме. Биогенді заттар – вещество биогенное – организм әрекетінен жер бетінде пайда болған химиялық қосындылар, екіншісі: тіршілік үшін қажетті химиялық қосылыстар. Биологиялық тепе-теңдік – биологиялық жүйенің динамикалық күш- қуат тұрақтылығын сақтау. Биом – белгілі бір аймақта тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар түрлері. Биомасса– түзілген органикалық заттар мен барлық даралар жиынтығында түзілген энергияның жалпы мөлшері немесе бір түрге түрлер тобына жататын организмдердің белгілі бір жер көлеміндегі массасының жалпы саны. Биосфера (грек .bios - өмір және sphaira - шар) – Жер планетасының тірі ағзалар тіршілік ететін, ең үлкен экожүйе. Биосфера эволюциясы – түрлердің, олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің түсіп қалып, бұрын болмаған екінші бір түрлердің пайда болу құбылыстары. Биогенді зат – тірі емес заттар, тірі ағзалардың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған (кейбір шөгінді жыныстар: әктас, бор т.б. және мұнай, газ,тас көмір).