Өздігінен реттелу – клетканың қалыпты құрамының
тұрақтылығын сақтау құбылысының өздігінен жүруі. Популяция – эволюция барысында қалыптасқан, ареал-дық белгілі бір бөлігінде ұзақ тіршілік еткен, еркін будандаса алатын белгілі бір түр дараларының бірлестігі; өздігінен көбе-йіп отыратын оқшауланған бір биологиялық түрге жататын топ; эволюцияның негізгі өлшем бірлігі. Популяция тығыздығы – әр бір түрдің аудан немесе көлем бірлігіне келетін даралар мөлшері. Постэмбрионалдық даму – (ұрықтан кейінгі даму)-организмнің жұмыртқа қабықшасының жарып шыққаннан кейін, ал ұрығы
161
құрсақта дамитын сүтқоректілерде туа салысымен дамуы. Дұрыс даму, түрленіп даму болып бөлінеді. Продуценттер (түзушілер) – күннің жарық энергиясын сіңіру арқылы бастапқы өнім болып саналатын органикалық заттарды түзетін организмдер. Редуценттер (ыдыратушылар) – органикалық заттарды минералды заттарға ыдырататын және сол арқылы табиғатта қажетсіз заттардың жиналуына жол бермейтін организмдер. Су – тіршіліктің көзі, клеткадағы зат айналым әрекет-терін жетілдіруге маңызы өте зор. Клетка салмағының 75 па-йызы судан тұрады.