Геологиялық айналым - (табиғаттағы үлкен заттар
айналымы)- қозғаушы күші экзогенді және эндогенді геологиялық процестер болып табылатын айналым. Ген инженериясы – керекті бір клетканың генетикалық қасиеттерін өзгерту мақсатында табиғатта жоқ жаңа гендерді құру. Генофонд – түрдің немесе басқа жүйелік топ популяциясы гендерінің жиынтығы. Геохронология – Жер қыртысын құраушы тау жыныс-тарының жасын және жүйелік қалыптасу уақытын зерттейтін ғылым саласы. Геохронологиялық кесте – Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының және жануарлар мен өсімдіктер даму тарихы қалыптасқан жасы туралы кесте. Гомоестаз – табиғаттың өзін-өзі реттеуі. ГРИНПИС – (Greenpeace –«Зеленый мир») тәуелсіздік халықаралық қоғамдық ұйым, 1971 жылы Канадада құрылған, не-гізгі мақсаты қоршаған ортаның дегредациясына жол бермеу. Даму – организмнің немесе оның жеке бөліктері мен мүшелерінің уақыт өткен сайын күрделеніп өзгеру құбылысы. Жерсіндіру – өсімдіктер мен жануарларды жаңа орта жағдайларына үйретіп бейімдеу құбылысы.