57
руханилық идея түсініктер ақыл-ой ғана, яғни Гегельдің диалектикасы
басы мен төмен қарап теріс жүреді. Оны аяғынан тұрғызып, оны оң
сипат беру қажет болды. Мұның мәні Гегель диалектикасына,
материалдық тұрғыдан келіп, оның негізіне табиғат пен адамзат
қоғамының объективті диалектикасын жатқызу деген сөз. Бұл міндетті
атқаратын неміс классикалық философиясын жаңа мазмұнда, жаңа
сипатта дамытушы К.Маркспен, Ф.Энгельс болды. Ол диалектиканың
үшінші формасын материалистік диалектиканы өмірге әкелді. Олар
Гегельдік диалектиканың мәнді дәнін даму идеясын ғана сақтап қала
отырып, нақты шынайы материалдық және рухани дүниенің біртұтас
даму диалектикасын қалыптастырды. Даму идеясын тарихи
құбылыстарды, әлеуметтік таптық қатынастарды жеке меншіктің
түбірлік мәнін, мемлекеттің табиғатын зерттеуге пайдаланды. Олар
диалектиканың табиғаттың, қоғамның, адам ақыл ойының дамуымен
өзара байланысының ең жалпы заңдылықтары туралы философиялық
ғылым екенін тұжырымдады.
Философия тарихында объективтік диалектика және субъективтік
диалектика ұғымдары қалыптасты.
Объективті диалектика – объективті шындықтың процестерін
құбылыстарына қатысты заңды байланыс.
Субъективті диалектика – объективті дүниенің бейнеленуі
объективті дүниемен, рухани дүниенің арасындағы қарым- қатынас
диалектиканың осы екі бұтағының өзара байланысы.
Даму деген – белгілі бір бағыттағы көбінесе ілгерілеу өрлеу
бағыттарындағы қозғалыс. Ол материалдық және идеалдық
объектілердің заңды сапалық өзгерістерінің тұрлаулы процесі. Даму
процесінде кез-келген объекті өзінің жойылу, бүліну пайда болуынан
тұрады. Заттардың ішкі құрылымы өзгеріске ұшырайды және
қасиеттері ауысады.
Диалектиканың қарама-қарсы қалыптасқан даму концепциясы
танымдық және ойлау әдісі – метафизика деп аталады. Метафизиканың
негізгі белгілері мыналар:
1. Метафизика тұрғысынан алғанда объекті бөлшектері
механикалық жай қосындысы ретінде қаралады.
2. Объекті, сыңар жақты бір беткей қабылданады. Оның бір
қырындай әсерленіп, бір жақтары елеусізденіп көрінеді.
3. Метафизика қозғалысты дамуы қарапайым ғана үлкею
немесе кішірею есебінде қарастырады.
Метафизикалық концепцияның классикалық мысалы, кең тараған
«тепе-теңдік теориясы» Ағылшын философы Г.Спенсердің пікірінше,
дүниеде өмір сүріп отырған барлық құбылыстардың негізі –
тепе-
Достарыңызбен бөлісу: