53
ал тәулігіне 1000 ккал төмен энергия алу адам денсаулығына зиян
келтіреді. Жер шарында 1 млрд-тан астам адам азық-түліктің
жетіспеушілігінен зардап шегуде. Аштықтан жыл сайын 13-18 млн
адам көз жұмса, оның ¾ балалар. Дамушы елдерде азық-түлік
сапасының төмендігі, жетіспеушілігі, ал мешеу елдерде аштық жиі
байқалады. ФАО(БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы
ұйымы) деректері бойынша дамушы елдердегі халықтың 20%- дан
астамы жартылай аштықта өмір сүруде. Азық-түлікке деген
сұраныстың артуы урбандалуға да әсер етеді. Дамыған елдерде
жануартекті азық-түліктің көп пайдаланса, дамушы елдерде
өсімдіктекті тағамдарды жиі пайдаланады. Дамушы елдерде
жергілікті халықтың азық-түлігінің басым бөлігін энергетикалық
құндылығы төмен дақылдар құрайды. Сонымен бірге дамушы
елдерде белгілі бір тағам түрін көп пайдаланады. Гватемала
тұрғындары тіршілікке қажет энергияның 70% жүгері өнімдерінен
алса, Батыс Явада күріштің үлесі 90% шамасында болады. Жалпы
алғанда ғаламдық азық-түлік проблемасына бірнеше факторлар әсер
етеді:
-
физикалық-географиялық жағдай және халықтың орналасуы:
-
көлік және байланыс құралдарының дамуы:
-
әлемдегі саяси жағдай:
-
дүниежүзілік экономика мен сауда қатынастары:
Қазіргі кезде азық-түлік
проблемасын шешу бағытында жан-
жақты зерттеу жұмыстарын жүргізуде.Соның бірі жер қорындағы
жарамды жерлерді анықтау. Голландық ғалымдар жүргізген есептер
бойынша құрлықтың 27,4%-ы, яғни 3714 млн га аумақ егістік жер
болып табылады. Бұл жан басына шаққанда 0,25 га деген сөз.
Болжамдар бойынша, болашақта жер қоры азайып азық-түлік
қымбаттап бұл кедей елдерде халықтың жаппай ашаршылыққа
ұшырауына алып келуі мүмкін. Азық-түлік тапшылығының басты
себебі - 1956 жылдан бері адам басына шаққанда егістік жерлерінің
көлемінің қысқарып, басқа мақсаттарға пайдаланылуы және
топырақтың эрозияға ұшырауына байланысты. «Жасыл революция» -
ға байланысты 1970-ші жылдары жаңа сорттарды енгізу, суғару,
тыңайтқыштар мен гербицидтерді пайдалану арқылы өнімнің төмендеуі
тоқтатылды. Алайда суғару үшін судың тапшылығына байланысты
Аустралияда, Африкада бұл әрекеттер іске аспады. Қазіргі таңда
суғару жұмыстары үшін судың тапшылығы Азияда, Америкада
байқалуда. Сондай-ақ балық қоры да күрт азайды. 1950 жылдан 1989
жылға дейін әлем бойынша балық аулау 19 миллионнан 89 миллионға
жетті.
54
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Оқу құралы
Достарыңызбен бөлісу: