Тұрақты даму қазіргі уақыттың қажеттілігін қанағаттандыратын, бірақ
келешек ұрпақтың қабілеттілігінің меншікті қажеттіліктерін қанағаттандыруда
қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек.
Болашақта тұрақты дамуды 4 белгіге ерекшелеуге болады.
1.Сарқылатын, қалпына келетін (жер, орман) табиғи қорларының сақталуы.
2.Сарқылмайтын ғарыштық энергия, (күн, жел) табиғи қорларының
азаюын баяулату.
60
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Оқу құралы
3.Қалдықтарды
азайтатын
қор
жинақтаушы
технологияларды, және аз қалдық шығаратын өндірісті енгізу.
Қоршаған ортаның ластануы шектен тыс артпауы керек.
4.Заңға сүйенген тұрақты дамудың негізін жасау, табиғатты қолдануды
экономикалық механизмдендіру арқылы қалпына келтіру және
қоршаған ортаны қорғау.
Бұл төрт белгіні тұрақты даму концепциясын өңдеу кезінде есепке
алынуы керек. Тұрақты даму концепциясы - бұл дамуда қоршаған орта
факторларының әсері ескеріледі. Тұрақты даму концепциялары өркениет
тарихында өте маңызды талаптар туралы дамудың негізі болатын
принциптерді келтіреді:
-табиғат және қоғам арасындағы тепе-теңдік:
-қоғам ішіндегі тепе-теңдік даму жеке елдер мен аймақтар;
-өркениеттер мен ірі дүние жүзілік агломерациясы;
-адамзаттың қазіргі заманғы және келешек жағдайының аралық
теңдігі;
-келешек ұрпаққа арналған табиғи қорлардың тіршілігін сақтауы.
Тұрақты даму бағдарламасы 5 негізгі қайшылықтан тұрады. Оларды шешу
үшін әр түрлі даму тәсілдерін қолданады.
-нақты өмір аралығындағы табиғатпен үйлесімді өмір сүру
қайшылығы, адамдардың табиғат пен үйлесімді өмірде болуы;
-нақты даму және қоршаған орта қайшылығы;
-қазіргі заманғы және келешек ұрпақ арасындағы ынта қайшылығы;
-бай және кедей елдер мен адамдар арасындағы қарама-қайшылық;
-экономика ішіндегі қайшылықтар: өндіріс үлгілерінің орындаулары
және оны тұтынуға жағдай жасаушылар, тұрақты дамуды шығаруды
және азайтуды болжайды.
|