80
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Оқу құралы
жастардың тұрақты
дамуды қамтамасыз
етудегі рөлі.
ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға, жоғары өмір
сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек.
Жастар планета халқының 1/3-не жа-қын бөлігін, ал көптеген
дамушы елдерде – жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін
арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау
мен даму мәселе-леріне көп көңіл бөлінуі керек.
Тұрақты
даму
мақсатындағы
ғылым мен білім
беру
Қазіргі кезде ғылыми-зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау
мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті
өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді
зерттеуде:
Ауа-райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы,
демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия
мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық
зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б.
Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қор-шаған ортаны
қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз
етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты
дамуының қажетті шарты.
Достарыңызбен бөлісу: