Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет58/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   131
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯ-ЖӘНЕ-ТҰРАҚТЫ-ДАМУ-1

26– принцип 
Мемлекеттер қоршаған ортаға қатысты дауларын бейбіт жолмен 
және БҰҰ жарғысына сәйкес тиесілі әдіспен шешіп отырады. 
27– принцип 
Мемлекеттер 
мен 
халықтар 
осы 
декларацияға 
енген 
принциптердің  орындалуы  жолында,  сондай-ақ  орнықты    даму  
бағытында    халықаралық  құқықты  одан  әрмен  жетілдіріп  отыру  үшін 
ниетті еріктілік пен серіктестік рухына ынтымақтасады. 
(Ағылшын тілінен қазақ тіліне тәржімелеген  ТұяқбаевМ., ф-м.ғ.к. 
“ЖЕРБЕСІК-Орнықты даму”. 1996. №1) 
 
XXI  ғасырдың  күн  тәртібі 
1992  жылдың  маусым  айында  Рио-де-Жанейро  қаласында  өткен 
БҮҰ-ның  қоршаған  орта  мен  даму  бойынша  өткен  конференциясы 
“Тұрақты  даму”  концепциясын  және  “XXІ  ғасырдың  күн  тәртібіне” 
атты ауқымды бағдарламасын  қабылдады. Бұл  бағдарламада  шешілуі  
болашақта    тұрақты    дамуды    қамтамасыз  ететін  жалпы  мәселелер 
қарастырылған. Оған әртүрлі ғаламдық проблемаларды қамтитын 100-
ден  аса  бағдарламалар  кіреді.  Мысалы:  аштық  пен  кедейлікті  жеңу, 
қоршаған  ортаның  проблемаларын  шешу,  қоғамның   рөлін  жоғарлату. 
XXI ғасырдың күн тәртібі - бұл XXI ғасырдағы  адамзаттың  ғаламдық   
проблемаларын    кешенді  қарастырып,  әсер  ету  бағдарламасы.  Бұл 
құжатта  жануарлар  мен  өсімдіктерді  сақтау, орманды қорғау, жердің 
құнарсыздануының және атмосфера мен гидросфераның  ластануының  
алдын алу  мүмкіндіктері көрсетілген. 
«XXI  ғасырдың  күн  тәртібі»  өз  ішіне  «бір  қалыпты  жетілуге» 
жетудің  басты  бағдарламасын    құрайды.  Онда  барлық  елдердің  «бір 
қалыпты жетілуге» керекті  мәселелері  қарастырылған  және  олардың 
бастысы  табиғат  және    табиғат    ресурстарына    ұқыпты    қарау, 
халықаралық  жағдайды жақсарту  үшін  нақты,  сенімді  және  шынайы  
әлемдік    экономика  құрылымы  қажет.  Әлемнің  кейбір  бөліктерінде 
тұтыну  деңгейі  өте  жоғары  екендігі    белгілі.  Бұл    біздің    қоршаған  
ортаға  өте  жоғары  деңгейде  күш  түсіреді.  Сонда  да  тұтынушылар 
сұранысының  басты  қажеттіліктері  қанағаттанарлықсыз  болып  отыр. 


 
 
77 
Кедей  адамдар  өздерінің  тамақка,  медициналық  қызметтерге,  тұрғын 
үйге  және  білім  алуға  деген  өз  сұраныстарын  толығымен 
қанағаттандыруға жағдайы жоқ. Тұтыну құрылымын қамтамасыз ететін 
талаптарға  көзделген  кешенді  страгегияны  жандандыруды,  калдық 
деңгейін 
төмендетуді 
және 
өндірістік 
үрдісте 
органикалық   
ресурстарды  пайдалануды талап етеді.  
«XXI  ғасырдың  күн  тәртібі»  дамыған  елдерде  БҰҰ-ның  алға 
қойған  мақсатын,  экологиялық    бағытталған    комек    көрсету    үшін  
дамушы    елдерге  ұлттық    азықтың    балдық    0.7%    пайызын    бөлуге 
шақырды.  Өндіріс  пен  тұтыну    құрылымын    өзгерту    үшін    әртүрлі  
Концепциялар алға қойылды. 
Олардың    біріншісі  —  «экотиімділік»,  яғни  қоршаған  ортаны 
ластау  мен  қалдықтар  ресурстарын  төмендету,  энергетикалық  және 
шикізаттық  ресурстарды    тиімді    қолдану    және    экономикалық 
тиімділікті барынша толық  жетілдіру  болып  табылады. 
Екінші концепцияның  негізі  «экокеңістік»- даму тұрақтылығын 
бұзбай  қолданылатын  энергияның,  судың,  аймақтардың,  қалпына  
келмейтін табиғи  ресурстардың  керекті  мөлшері  табылды.  Қоршаған  
орта  бір  жағынан    ресурстар    көзі    ретінде    қарастырылады,  ал 
қызметтердің орындалуы қоршаған ортаның  ластануымен байланысты 
деградациямен  шектеледі.  Экокеңістіктің  концепциясы  өндіріс  пен 
қолданыс  жүйесін,  технологияларды    тиімді    қолданғанда    жақсарту  
шаралары  туралы айтылды. 
Экокеңістік    түсінігі    әлемдік    қолданыс  пен  өндірістің    үстіңгі  
шекарасын және белгілерін болжауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге 
экокеңістік  адамның    сұранысының    арақатынасына    және    қоршаған  
ортаның    қызметіне  әсер  етуге,  тұтыну    құқықтарын    таратуға 
негіздендіру. Тұрақты дамуға жетуге  арналған  стратегиялық   әртүрлі 
болуы  және  адам  әрекеттеріне,  қоршаған    ортаның    нақты  
құрылымдарына, яғни  талапқа сәйкес болуы шарт. 
Осыған  орай  үш  даму  стратегиялары  ұсынылады: 
-Бірінші  - жер  биотасының  табиғи  тепе-теңдік  жүйелерінің  адам 
шаруашылығымен 
әрекеттестік 
стратегиясы, 
биологиялық 


 
78
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
әртүрліліктің  мекендеу    ортасын    сақтау,  олардың    соңғы    мақсаты  
болып  келеді. 
-Екінші  -  адам    шаруашылығы    мен  жасанды  экожүйелердің 
әрекеттестік  стратегиясы. 
-Үшінші  -  шаруашылық  етуші  адам  (өндіріс)  жасанды  орта 
экожүйелерімен  әрекеттестік  стратегиясы. 
 
ХХІ ғасырдың күн тәртібінің” негізгі бағыттары 
(М.Китинг бойынша) 
1 – кесте  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет