Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


«XXI ғасырдың күн тәртібі»-нің  Орталық  Азиядағы



Pdf көрінісі
бет60/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   131
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯ-ЖӘНЕ-ТҰРАҚТЫ-ДАМУ-1

«XXI ғасырдың күн тәртібі»-нің  Орталық  Азиядағы               
тапсырмасының орындалуын  бағалау 
Бүгінгі күнде әлемнің көп елдері тәуелсіз табиғи қорғау саясатын 
жүргізе отырып, экология саласында аймақтық деңгейде  әріптес  бола  
алады.    Сонымен  қатар,  экологияға  негізделген  тұрақты  дамуға  көшу 
Орталық  Азияның  даму  барысындағы  приоритеті  болып  табылады. 
1993  жылы  Орталық  Азия  басшылары «Арал  проблемаларын 
шешуде  бірге  жұмыс  жасауға,  экологиялық    сауықтыру    және    Арал  
өңірінің  әлеуметтік  –  экологиялық    дамуын    қамтамасыз  ету, 
экологиялық  апатқа қарсы  негіз  салған  келісім-шарт  жасады. 
1997 жылы ақпанда Орталық Азия елдерінің Елбасылары Алматы 
декларациясына  қол  қойды,  ол  құжат  1998  жыл  «Қоршаған  ортаны 
қорғау  жылы»  деп  жарияланды.  Бұл  құжат  Орта  Азия  Елбасыларының  
аймақтық  тұрақты    даму    стртегияларының    саяси    бостандығын 
айқындады.  1998  жылдың    наурызында    Орталық    Азия    елінің 
мемлекет басшылары «Экологияны және табиғатты  тиімді  пайдалану 
саласында бірігіп  қызмет ету» келісім-шартына қол қойды.  
1998  жылдың  сәуірінде  Алматыда  Орталық  Азия  қоршаған  орта 
министрлерінің  конференциясы  өтті.  Онда  Еуропалық  қоршаған  орта 
министрлерінің конференциясына дайындық және кызметтестік жайлы 
сұрақтар    қарастырылды.    Сонымен    бірге    қоршаған    ортаны  бірлесе 


 
 
81 
отырып    қорғауға  ынталы  екендігін  және  ұлттық  бөлімдер  жүйесі 
барлық  аймақта  «Аймақтық    экологиялық    орталық  (АЭО)» 
кұратындығын айқындады. 
2000  жылдың  14-16  ақпаныңда  Тегеранда  болған  «Азия  және 
Тынық  мұхит    үшін    экономикалық    және  әлеуметтік  комиссия» 
аймақтық  экологиялық  бірлестік    қоршаған    ортаны    қорғау    әсеріне  
аймақтық  жоспар қажеттілігін  дәлелдеді.  21-22 маусымда Бурабайда 
(Қазақстан)  «Қоршаған  ортаны  қорғау»  жөніңдегі  аймақтық  жоспар 
концепциясы  тұрақты  даму  мемлекет  аралық  комиссия  отырысында 
ұсынылды. 
2000  жылдың  тамызында  БҰҰ-ның  бағдарламасы  бойынша 
Бангокте  ұлттық    және    аймақтық    жоспарын  дайындайтын  семинар 
өтті.  Бұл  семинарда  серіктестіктер  мен  ұлттық  эксперттер  Орталық 
Азияға  әсер  ету  жоспарын      дайындау    кағидаларын  қолдады.  2001 
жылдың шілдесінде барлық  елдер  ұлттық  жоспарларын  дайындады. 
Мұнда    негізгі    бес  мәселе  қамтылған;    ауа  ластану,  су  ластану,  жер 
және  таулардың  құлдилауы.  Орталық      Азия    елдерінде    қоршаған  
ортаны қорғау ынтымақтастығы жемісті жұмыс атқаруда. Атап айтсақ:  
1.Арал  өңірінде бірігіп жұмыс жасау ұсыныстары. 
 Арал  өңіріндегі  апатпен  күрес  субрегиональды  іскерлік 
ретінде  қарастырылады,  ол    Орта    Азия    елдерінің    тәуелсіздігін  
жарияламай    тұрып  басталған.    Тәуелсіздікті    жариялаған    соң  
«Халықаралық  координациялық су тұтынудың   жылдық  квотасын»   
белгілеу  үшін  су  шаруашылық  комиссия  құрылды,  бірақ  ол  1993 
жылға  дейін  халықаралық  қаржыландыруды  алған  жоқ.  Қаржылық 
ұйымдардың  ең  алдымен  дүниежүзілік  банк  қатысуымен,  Арал 
теңізінің проблемасы жайында халықаралық  отырыс   жасалды  және  
ол  халықаралық  координациялық  су шаруашылық   комиссиясының  
жұмыстарын  өзіне  қабылдады. 
 


 
82
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
 
                                          
                  6-сурет  Арал теңізінің экологиялық жағдайы 
 
2.Кедейшік.   
Кедейшілік    пен    қоршаған    ортаның    жәй-күйі    өзара  тығыз 
байланысқан.  Соған  қарамастан  кедейлікте  өмір  сүрушілер  негізгі 
ауыртпалықтарын  экологиялық  зардаптардан  алады.  Олар  тірі  қалу 
мақсатында табиғи Халық  санының өсу шегі қоршаған орта сапасын 
шарасыз  нашарлауға  алып  келуде.  Адамдардың  табиғи  қорларды 
шектен  тыс  пайдалануы    салдарынан    келешек    ұрпаққа    ештеңе 
қалмау қауіптілігі туып отыр.  Халық саны жоғары, тығыз орналасқан 
аймақтарда  табиғи  қорлардың  ұзақ  мерзімді    тұрақты    қолдануынан  
проблемалар туындауда.  
Кедейлік    және  экологиялық  зардап  өзара  кешенді  түрде 
байланысқан.  Бұл  байланыс  әлеуметтік,  экономикалық,  мәдениет, 
физикалық және мінез-құлықтық факторлардан тұрады. Адамдардың 
экологиялық мінез-құлқын түсіндіруге   арналған  табиғи  қорларды  
иелену  немесе   қолдану  аспектілері,  қоғамдық  қорларға  рұқсат,  күш 
немесе  әлсіздік  бірлестіктері  мен  жергілікті  мекемелердің,  сонымен  
бірге  шек  койылған    уақыт    шарттарының    шешімдерін    таңдауы  
қажет. 
3.Саясат және қоршаған ортаны қорғау мен кедейшілікті азайту 
бағдарламасы.  
Кедейшілік Орта Азия елдерінде шешімін табу қажеттілігі бар    
проблемалардың      бірі.    Бірақ    кедейлікті    жылдам    қысқарту    үшін  


 
 
83 
жаңа  жұмыс  орындары  мен  табыстардың  өсу  шегіне  талап  
қойылады. Жалғыз экономикалық  өсу  шегі  кедейліктің  жойылуына  
жеткіліксіз.  Сонымен  бірге    қосымша    кедейлікпен    күреске  
халықаралық, аймақтық  және ұлттық  стратегия  қажет. 
Көпшілік  елдерде  ұлт  саясаты  денсаулық  қорғау  саласында 
болады,  бірақ    ол  концепциялар  әрқашан  талапқа  сәйкес    бола 
бермейді. Көптеген дамушы  елдерде  денсаулық қорғау мен кедейлік, 
әлеуметтік – экономикалық  даму  және  экология мен байланыс ұғымы  
жеткіліксіз. 
Адамзат    тарихында  бізге  дейін  қазіргідей  әртүрлі  күрделі  және 
экологиялық  мәселелер  мен  кемшіліктер  болмаған.  Адам  баласы  үшін  
алғаш  тарихта    даму    жолын    дұрыс    тандау,  сонымен    бірге    оларды  
қоршап  тұрған    ортамен    биосфераны  тануға  байланысты  мәселелер  
болатын.  Ал  қазіргі  кезеңде  ең  маңызды  мәселе  адам  өмірінің  
қажеттілігі  мен  қоршаған  ортаны қорғау болды.  
Әлеуметтік    салаларда    қызметтердің    көптеген    түрлері  
биосфераның  күй-жағдайына    тәуелді    болды  және    әлеуметтік  
тұрғыдан    қарағанда    өте    жоғары  зерттелуі  керек.  Біз    оны  тек 
қоғамдық    тұрғыдан    ғана  емес,  сонымен  бірге    табиғаттың  зардап 
шегуі  тұрғысынан қауіптіліктің алдын алуымыз қажет.  
Биосфера қоршаған ортаның ресурсы болғандықтан, бейбітшілік  
қоғамға  көшу  тұрақты  дамуға  тек  қана  халықаралық  бірлестікте 
болудың    тиімділігін    ғана    көрсетті.  Осыған    байланысты    Қазақстан  
Республикасының  халықаралық қатынастағы тұрақты даму приоритеті 
мынаған  келіп  тіреледі: 
-  халықаралық  серіктестік  қоғамдық  дамуга  көшу туралы  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет