Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет71/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   131
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯ-ЖӘНЕ-ТҰРАҚТЫ-ДАМУ-1

 
Хабарлы аспекті:  
а)  ғылымның  жоғары  дәрежеде  дамуы,  техникалардың  
жүзеге  асырылуы;  
ә)  табиғи  және  қоғамдық  ғылымдардың  теорияларының 
карым-қатынасының жеңуі;  
б) бұқаралық  хабар кұралдарының  кең  таралуы; 
 в)  стратегиялық  тұрақты  дамуды    нақты  бағаламаудың 
фактілерінің  сыншысында  идеологиялық  жұмыска  электрондық, 
бұқаралық  хабар құралдардың кең таралуы; 
 г) ақпараттық қорларды басты орында ұсыну:  
с)  болмыстық    сананың    дамуының    адамдарға  ғылыми 
болжау кабілеттіліктері. 
Даму үшін сандық өсу шегінен аса қажетті. Тұрақты дамудың 
негізгі  приоритеттеріне  ең  алдымен    адамдардың,  халықтың    өмірі  
сапалық  жағынан  жоғары  болуы тиіс. «Өмір сапасы»- ол адамды, 
жанұяларын  әлеуметтік  тұрмыс    жағынан    жақсартады    немесе 
жақсартуға үлес  қосады. Сонымен бірге затсыз игіліктердің өте кең 
аспекті:  жеке  қауіпсіздік,  кепілдік,  мүмкіншілік,  сапалы  білімдер, 
сапалы дәрігерлік қызмет ету, мәдениеттілік даму және эстетикалық  
сапалары  биіктен  көрініс табады. 
Білім,  медицина,  мәдениет,  ғылымды    қосқанда    дамуда    және 
әлеуметтік  жүйенің  толық  жетілдіруінде  приоритет  гуманитарлық  
аспектімен тиісті қайталанған болуы шарт. Одан қоғамның физикалық, 
өнегелі және рухани денсаулығын анықтайды,  соңында  өмір  сапасын 
қалыптастырады.  Тіршілікті    тәртіпті    дамытуға    әрбір    адам  немесе 


 
 
97 
әлеуметтік  топ  тиісті  құқықпен  қамсыздандырылған  болуы  қажет. 
Одан кейін, қоғамның тұрақты дамуын психологиялық тұрғыдан толық 
жабдықтау.  Адамдардың  мақсаттары  көптеген  экономикалық,  заң 
шығаратын,  әкімшілік  өлшемдерден  тұрады.  Адам    идеологиясыз  өз 
идеологиясымен өмір сүре алмайды және ол қоғамды құрайды немесе 
біріктіреді.  Экологиялық  қоғам  дамуы  үшін  жаңа  әлеуметтік, 
экономикалық идеология құру және тұрақты бекіту қажет. 
Нақты  айтсақ,    қауіпсіздік  дегеніміз  -  бұл  адамның 
денсаулығына,  амандығына  көңіл  бөлуі  мен  өмірге  қабілеттілігінің 
негізгі  құқығы,  өмірін  қамсыздандыру    мақсатында    қайнарларды, 
қорларды    әлеуметтік    ретке  келтіруде    қауіп-қатерге    қарсы    тұру. 
Қауіпсіздіктің негізгі қауіп-қатері үшке бөлінеді: 
-  әскери  қауіптілік:    ядролық  соғыс,  көпшілікті  қарумен  кұрту, 
халықаралық    қару-жарақ    тасымалдары,  ірі  соғыстар  мен    дау-
жанжалдар: 
-  экономикалық  және    әлеуметтік  қауіптілік  -  халықтың  аштық  
тудырушы    қайыршылық    күйі,  шамадан    тыс  өсу  шегі  және 
урбанизация, бүкіл  халықаралық  миграция және т.б.; 
-  экологиялық  қауіптілік  –  атмосфера    құрамынының  өзгертуі  
мен  олардың  зардаптары, тұщы табиғи сулардың, мұхиттардың және 
жағалаудағы      айдыңдардың    ластануы,  орманның    жойылуы    және  
шөлдендіру,  топырақ    эрозиясы    мен  жерлердің    құнарлылығының  
жойылуы және т.б. 
Қазіргі  заманда  өркениет  бар  болғанмен,  ол   қауіпті  аймақтарда 
орналасқан.  Сондықтан,    экологиялық  мәселелер  шешімдерді    талап  
етеді.  Жаhандық    экологиялық    мәселелердің  шешіміне  арналған 
жалпы мақсатты жобалар төмендегіше сипатталады: 
1. Жаhандық  энергетикалық  және  биогеохимиялық  айналымын 
зерттеу (энергетиканың даму болашағы және оның өсуі; бұрынғы және 
қазіргі өнеркәсіп қалдықтарынан ластанудың сандық  анықтамасы). 
2. Жаhандық 
өзгертулердің  бағалауына  арналған  бақылау 
жүйелерінің  негізделуі  (жерде  және  ғарышта  орналасқан  бақылаудын 


 
98
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
жаңа  жүйелерінің  дамуы;  қазіргі  және  алда  жоспарланған  бақылау 
жүйелерінің жаhандық өзгеру бағалауымен  сәйкес талдауы). 
3.Биоәртүрлілікте    басты    өзгерулерді  талдау  (биоәртүрлілікпен 
суреттеу және бақылау; биогеохимиялық айналым мен биоәртүрлілікке   
байланысты талдау). 
4.Экологиялық  өзгерулерді  түсіну  негіздерінің  теориялық және 
методологиялық  өңдеуі  (экожүйелердің  тұрақсыздығын  зерттеу:  
жаhандық    экологиялық    өзгерулердің    алдын-ала    хабар  беруіне 
арналған  методологиялық  талдауы). 
5.Халықаралық    деңгейде  талдауы    (халықаралық  геосфералы-
биосфералық  бағдарлама;  қоршаған  ортаны  сипаттауда,  зерттеуде  
халықаралық келісімдер). 
Жаhандық 
қауіпсіздікпен басқару жобасы: 
-ең  маңызды  жобамен    зерттеу,  яғни  дүниежүзілік  бірлестіктің 
өмір  сүруіне  әсер  ете    алатын,  экологиялық,  демографиялық, 
экономикалық,  саяси,  гуманитарлық  және  әлеуметтік  аспектілерімен 
бірге әсер ете алатын; 
-  әрбір  жобадағы    компонеттерінен  қауіптілікті  өңдеуі  және 
бағалаулары,  олардың арасындағы өзара әрекеттестігі; 
-  келісімдердің,  бағдарламалардың  және  жаhандық  қауіпсіздік  
мақсаттарының    шешіміне    арналған  институттардың  нәтижелі 
колдануы,  халықаралық    ынтымактастықты    кеңейту  жолдарын  
қарастыру. 
Жаhандық 
экологиялық  проблемаларды  шешу  жолдары 
және    экологиялық    кауіпсіздікті  нығайту,    коршаған  ортаны  қорғау 
халықаралық деңгейдегі мәселе. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет