115
мәселелермен тығыз байланысты. Халықтың ауруға шалдығу деңгейі
соңғы жылдары 2-3 есе артқан. Халықтың өсуі мыңға шаққанда 15.3 –
ке кеміген. Балалар өлімінің деңгейі мыңға шаққанда 30.4 құрайды.
Негізгі себеп – суға байланысты аурулар. Экологиялық жағдайлар
аймақтың әлеуметтік- экономикалық дамуына кедергі келтіреді.
Қазақстандағы өоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттарды
сараптай және қорытындылай келе ұлттық деңгейде ең алдымен
шешуді талап ететін маңызды экологиялық мәселелерге мыналар
жатады:
1. Су ресурстарының тапшылығы
2. Жайылымдар мен егіс танаптарының азаюы
3. Урбанизацияланған
территориялардың
атмосфералық
ауасының ластануы
4. Мұнай өндіретін аймақтардағы қоршаған ортаның ластануы
5. Қоршаған ортаның өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен
ластануы
6. Ормандармен ерекше қорғауға алынған территориялардың
жетіспеуі
7. Су қорларының шайынды сулармен ластануы
8. Радиациялық ластану
Достарыңызбен бөлісу: