Қалдықсыз өндіріс - өндіріс барысында табиғатқа зиянды
қалдықтар шығарылмайтын процесс. Шаруашылық іс-әрекет үшін
(өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық индустриясын қоса) шартты
ұғым. Шын мәнінде кез келген қалдықсыз өндірісте пайдаланылған
энергия түрінде болса да (әйтпесе термодинамика принциптері
бұзылатын еді) қалдықтар болады. Қалдықсыз өндіріс үшін қалдығы
аз өндіріс термині дәлірек келеді.
Қалдықсыз технология - 1) адам мұқтаждығы көлемінде табиғи
ресурстар мен энергияны және қоршаған ортаны қорғау саласында
білімді, әдістерді, құралдарды практикалық қолдану; 2) шикізат пен
энергияны тиімді пайдаланып өнімді шығару; бұл жағдай дайындалған
өнімді өндіру және пайдалану кезінде қоршаған ортаға шығарылатын
ластағыш заттектер мен қалдықтар көлемін бір мезгілде азайтуға
мүмкіндік береді; 3) жеке өндіріс немесе өндірістер жиынтығы,
олардың практикалық қызметі нәтижесінде қоршаған ортаға теріс әсер
болмайды. Шикізатты және энергияны максималь пайдалануды
қамтамасыз ететін және қоршаған ортаға теріс әсерді экологиялық
зиянсыз дәрежеге жеткізетін немесе жоюға мүмкіндік беретін
ұйымдастырушылық-техникалық шаралар, технологиялық процестер
және шикізат пен материалдарды дайындау әдістері; 4) қатты, сұйық,
газ тәріздес және жылулық қалдықтар мен шығарындыларды ең аз
беретін технология; 5) теория жүзінде қалдықтардың барлық түріне ең
аз қол жететін технология; 6) технологиялық процестер тізбегі, онда
бір өндірістің қалдықтары басқа өндіріс үшін шикізат болады.