Озон қабатының бұзылуы. Жердің озон қабатының бұзылуы
адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер тіршілігі үшін
ықтимал қатер болып табылады. 1973 ж. бергі байқаулар Қазақстанның
үстіндегі озон қабатының қалыңдығы 5-7 пайызға азайғанын
көрсетті.Біздің ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық
келісімдерге 1998 ж. қосылды.
Жердің шөлейттенуі және тозуы. Қазақстанның көп бөлігі
күншуақты аймақта орналасқан, аумағының 66 пайызы түрлі деңгейде
шөлейіттену процестеріне бейім.