Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау
Сыныптан тыс жұмысты мектепте барлық педагогикалық ұжым
жүргізеді: директор, оның орынбасарлары, сынып жетекшілері,
пəн мұғалімдері, тіпті ата-аналар комитеті. Оқушылар сынып-
тан тыс жұмысты ұйымдастырушы жəне оған қатысушы ретінде
қатыстырылады.
Сынып жетекшісі сыныптан тыс жұмысты өз сыныбында жос-
парлап, бағыттайды. Сыныптың сыныптан тыс жұмысы мектептің
жалпы оқу тəрбие əрекетіне байланысты болады. Əрбір мұғалім
жоспар құрып, мектеп əкімшілігі бекітеді.
Жоспар былтырғы тəрбие жұмысының талдау нəтижесіне байла-
нысты құрылады.
Сыныптан тыс жұмыстың жоспарын құру үдерісі оқушыларды
тəрбиелеуде пайдалы біліктілік пен дағдыны қалыптастыруда үлкен
мүмкіндіктерге ие. Сондықтан да оқушылардың талаптары мен
тілектерін есепке алып, олармен жоспарды талқылау қажет, уақыт
аралығы мен орындаушыларды бірігіп анықтауға болады. Ол үшін
236
оқушылармен əңгімелер ұйымдастырып, сауалнама жүргізуге, жаз-
баша жұмыс материалдарын пайдалануға болады. Бұл жұмысқа
оқушылардың ата-аналарын да тарту қажет.
Жоспардың орындалуын директор мен оның орынбасарла-
ры қадағалап отырады. Олар сыныптан тыс жұмыстарға қатысып,
мұғалімдермен отырып, оларды талдайды, сонымен қатар сы-
ныптан тыс жұмыстың сапасы жағынан сұрақтармен алмасып,
педагогикалық кеңестері айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |