Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Сыныптан тыс мерекелердің кейбір түрлері



Pdf көрінісі
бет104/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

Сыныптан тыс мерекелердің кейбір түрлері

Информатикалық  кеш – сыныптың  жұмыс  қорытындысын 

өткізуге  арналған  форма.  Оқушылар  мұғаліммен  бірігіп  кештің 

мазмұнын ойластырады. Кешке материалдар таңдайды: əзіл тапсыр-

малар, жинақтауға арналған тапсырмалар, ребустар, сөзжұмбақтар, 

викториналық  сұрақтар.  Кештің  тəрбиелік  мəні:  оқушылар 

сыныптың  намысы  үшін  күреседі,  оқушылардың  бойында  жеңіске 

жетуге деген сезіммен күреседі.

Информатикадан  викторина – бұл  ойын.  Мұны  үйірмеде 

қолданған  тиімді.  Викторинаның  тапсырмалары  мазмұны  жеңіл, 




238

түсінікті,  жазуды  қажет  етпейтін,  ойша  шешуге  арналған  сұрақтар 

болуы  тиіс.  Сабақ  кезіндегі  шығарылатын  есептер  викторинада 

қызықсыз. Есептерден бөлек викторинаға информатикадан сұрақтар 

қосуға  болады.  Тіпті  əзіл-есептер  де  қосуға  болады.  Викторина 

қандай да бір тақырып көлемінде немесе құрастырылған да болуы 

мүмкін.

Белгілі  тұлғалармен  кездесу  –  өскелең  ұрпақты  қалыптастыру-

дың  маңызды  құралы.  Мұндай  кездесулер  сыныптық  не  болмаса 

жалпы мектептік болуы мүмкін. Кездесу «компьютерлік» мамандық 

өкілдерімен, компьютер қолданатын басқа маман иелерімен, сəйкес 

мамандық таңдаған мектеп түлектерімен ұйымдастырылуы мүмкін. 

Мұғалім кездесуді ашып, сөз сөйлеген кезде кездесуге шақырылған 

тұлға  жайында  қысқаша  айтып  өтіп,  сөз  соңында  тыңдаушыларға 

рахмет айтуы тиіс. 



Іскерлік  ойындар – оқытудың  белсенді  əдісі.  Мұндай  ойындар 

ұйымдастырылған семинар негізінде де болуы мүмкін. 

Іскерлік ойындардың негізгі белгілерін В. Я. Платов төмендегідей 

ұсынады:


 

– объект моделінің болуы;

 

– рөлдердің болуы;



 

– шешімін табу барысында рөлдік мақсаттарды айыра білу;

 

– қандай да рөл орындаушы қатысушылардың қатынасы;



 

– барлық ойын ұжымының ортақ мақсатының болуы;

 

– шешімнің көп нұсқалылығы;



 

– эмоционалдық қысымды басқару;

 

– ойыншылардың  топтық,  жеке  əрекеттерін  бағалаудың 



тармақталған жүйесі.

Іскерлік  ойында  оқушылар  өзінің  алыс  жақын  болашақтарын 

жоспарлайды, бірақ барлық əрекеттер ойындық құрылымға ие. Оған 

оқушылар  ойнап  отырып  нақты  қоғамдық  істерді  жоспарлайтын 

ұжымдық шығармашылық істер де жатқызылады. 

Іскерлік ойындар оқушыларға қиындық тудырады, мұнда сюжет-

тік  сызықтар,  қарым  қатынастың  эмоционалдық  фоны  берілмеген. 

Оқушыларға ол үшін ерік жігер қалыптастырып, кеш бойына олар-

ды қолдап отыру керек. Біріншіден, оқушыларға нақты, үлкендердің 

ісімен  айналысқан  қызықты.  Екіншіден,  жұмыс  қызығушылығы 

бойынша құрылған шығармашылық топта ұйымдастырылуы керек. 

Үшіншіден,  оқушылар  өздерінің  жұмыстарының  нақты  нəтижесін 

көруі керек: есепті шешу алгоритмі, кеш жоспары, т.б.



239

Сыныптан тыс жұмыс кезіндегі іскерлік ойындар – сəтті бағыт. 

Мұндай  ойындар  өз  əрекетін  құруды  үйретеді.  Əсіресі  іскерлік              

ойындар  ішіндегі  ең  бағалысы  оқушылар  мен  педагог,  ата-аналар-

мен  бірігіп  ойнайтын  іскерлік  ойындары.  Іскерлік  ойындар  нақты 

бір жасқа арналып, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп құруы 

тиіс. Іскерлік ойындардың сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын 

төрт типін атап көрсетуге болады:

 

– кең ауқымды (бірнеше сынып) жəне жалғасымды (бірнеше ай-



лар) іскерлік ойындар;

 

– нақты ақпарат талдауына негізделген іскерлік ойындар;



 

– сыныптың бəрі қатысатын қысқа мерзімді іскерлік ойындар;

 

– үстелдік іскерлік ойындар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет