Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет110/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

3.  Модельдің  тəжірибелік  орындалуы.  Бұл  ойланған  тəрбие 

жұмысының 

нақты 

педагогикалық 



үдерісте 

орындалуы. 

Оқушылардың қызығушылығын сақтау үшін кеш ұйымдастырылған, 

үзіліссіз  болып  өтуі  керек.  Көпшілігі  жүргізушіге,  оның 

дайындығына,  жақсы  ұйымдастырушы  бола  білуіне,  тапқырлық 

танытуына, тыңдаушыларды тарта білуіне, олармен байланыс орната 

алуына байланысты. 

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда барлық қатысушалыр-

дың  өз  орындарында  болуын  қадағалау  керек,  техникалық 

құралдарды тексеруі керек, жоспар уақытында орындалуына назар 

аудару  керек,  əйтпесе  жақсы  ойластырылған,  нақты  жоспарланған 

істің тиімділігі төмен болуы мүмкін. Тиімді практикалық орындалу-

да сабақтың негізгі төрт кезеңі сақталуы керек: 

І. Ұйымдастыру кезеңі (0,5-3 мин).

Педагогикалық  мақсаты:  оқушылардың  зейінін  сыныптан  тыс 

жұмысқа аудару, оған қызығушылығын арттырып, жағымды эмоция 

тудыру.

Тəн  қателер:  сабақтың  басталуының  қайталануы,  ұзаққа  созы-

луы.

Ұсыныстар:  оқушылардың  тиімді  жұмылдырылуы  ұйымдасты-




251

рушылық  кезеңдегі  дəстүрлі  емес,  маңызды  материал  үлкен  əсер 

етеді: жұмбақтардың қолданылуы, мəселелік сұрақ, ойындық кезең, 

дыбыстық жазба, оқушылардың басқа орынға ауысуы жəне т.б.

ІІ. Кіріспе бөлім (сабақтың 1/5 не 1/3 бөлігі)

Педагогикалық  мақсаты:  оқушыларды  белсендіру,  тəрбиелік 

əсер бойынша орналастыру. Мұғалім оның педагогикалық болжамы 

оқушылардың  мүмкіндігімен  қаншалықты  сəйкес  келетіндігін 

анықтайды. Бұл кезеңде оқушыларды тартып қана қоймай, мұғалімге 

сабақ кезінде түзетулер енгізу керек пе жоқ па, соны анықтайды.

Тəн қателер – оқушылардың күтпеген реакциясынан мұғалімнің 

қорқуы.


Ұсыныстар:  кіріспе  бөлім  мазмұнына  сəйкес  кіріспе  əңгімеден 

(танымдық,  эстетикалық)  немесе  бой  жазудан  (викторина,  жарыс, 

КТК) тұрады.

Бірінші  жағдайда  сұрақтар,  екінші  жағдайда-тапсырмалар 

қызықты болуы керек. Кіріспе бөлімде оқушыларда кештің өткізілуі 

жайында  алғашқы  түсініктер  болуы  керек,  олардың  əрекеттері 

ұйымдастырылған  болуы  қажет.  Бағалаудың  нақты  көрсеткіші 

беріліп, қажетті ережелер түсіндірілуі қажет.

ІІІ. Негізгі бөлім уақыты бойынша ең ұзақ (сабақтың 1/3 бөлігінен 

сəл көп). 

Педагогикалық мақсат: кештің негізгі идеясының жүзеге асуы.

Тəн  қателер:  мұғалімнің  белсенділігі,  көрнекіліктің  болмауы, 

құралдар  мен  əдістердің  жалпылама  қолданылуы,  сабақтың  оқу 

атмосферасын құру.

Ұсыныстар:  сыныптан  тыс  жұмыстың  қызметінің  жүзеге 

асуындағы  оқушылардың  максимальды  белсенділігі  тəрбиелік 

тиімділігінің  жоғары  болуын  көрсетеді.  Сыныптан  тыс  сабақтарда 

оқушыны белсендіру кəдімгі сабақтан ерекшелендіреді.

IV. Қорытынды бөлім (сабақтың 1/4 не 1/5 бөлігі). 

Педагогикалық мақсаты: оқушыларды алған білімдерін тəжіри-

беде  қолдануға  баулу.  Осылайшы,  қорытынды  бөлім  оқушыға 

мұғалімнің тəрбиелік əсерін жүзеге асыруға көмектеседі.

Тəн  қателер: «Ұнады  ма?», «Жаңа  не  білдіңдер?»  сұрақтар 

типімен еленбейді.

Ұсыныстар: Тестік үлгідегі нақты тапсырмалар беру: кроссворд, 

мини-викторина, блиц, ойындық жағдаят жəне т.б.  

2. Өткізілген жұмысты талдау. Талдау жүйелі түрде орында-



252

лады. Мұндай талдау қорытындысы екі негізгі функцияны құрайды: 

ұйымдастырушылық жəне тəрбиелеушілік. 

Тəрбиелік кешті талдай отырып, жағымды нəтижелерді анықтау 

керек, сəтті қолданылған əдістерді, шарттарды атап көрсету керек. 

Сəтсіздіктің орын алған себептерін анықтау керек. Əрбір өткізілген 

кештің  педагогикалық  талдауы  мына  негізгі  критерийлермен  сай 

келеді: 1) мақсаттың  болуы; 2) тақырыптың  көкейкестілігі  мен 

заманауилығы; 3) оның  бағыты; 4) мазмұнының  ғылымилылығы 

мен  тереңдігі; 5) кешті  өткізу  мен  ұйымдастырудағы  мұғалім  мен 

оқушының даярлығы. 

Сыныптан  тыс  жұмыстарды  педагогикалық  кеңестер  мен 

əдістемелік кеңестерде талқылап отыру керек. Тəрбие жұмыстарын 

бағалау кезінде оқушыларды да тарту керек. Мұндай мақсатта мек-

теп радиосын, қабырға газетін, көрмелерді қолдану керек. Мұндай 

жұмыс формалары ұжымда кең талқылануды талап етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет