2. Деректер қорындағы математикалық логика.
4. Программалаудағы математикалық логика.
лық логиканың негізгі ұғымдарына келесілер жатады.
307
Логикалық шамалар – АҚИҚАТ, ЖАЛҒАН (true, false) сөздерін
білдіретін ұғымдар.
Логикалық өрнектер – күрделі немесе қарапайым пікірлер.
Күрделі пікірлерге логикалық амалдар қолданылады. Формальданған
түрде жазылған (жақшаларды, операция белгілерін, айнымалыларды,
тұрақтыларды қолданып) логикалық өрнектерді логикалық
формулалар деп атайды.
Логикалық амалдар – математикалық логикада бес негізгі
логикалық операциялары анықталған: конъюнкция (логикалық
көбейту), дизъюнкция (логикалық қосу), логикалық терiске шығару
(инверсия), импликация, эквиваленттілік. Бұлардың алғашқы үшеуi
амалдардың толық жүйесiн құрайды, қалған амалдар солардың
салдары арқылы бейнелене (жүйелене) алады. Əдетте информатикада
осы үш амал қолданылады.
Оқушылар логикалық амалдарды орындау ережелерін, логикалық
өрнектердің ақиқаттық кестесін құруды білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: