ІІІ. Студент «портфолиосының» компоненттері.
1. Ақпараттық үдерістер ерекшеленетін, əдеби шығармаларының
қорын құрыңыз. Бұл фрагменттерге сұрақтар құрастырыңыз жəне
оларды білімді жəне оқыту үдерісіндегі əрекеттер тəсілдерін қолдану
кезеңінде пайдалану əдістемесін жазыңыз.
2. «Ақпарат саны. Ақпарат санын өлшеу бірліктері» тақырыбы
бойынша электрондық тапсырмаларды дайындаңыз.
ІV. Рефлексия.
Синквейн (француз тілінен аударғанда «бес» дегенді білдіреді)
– бұл қысқа өрнек түрінде ақпарат синтезін талап ететін бес жол-
дан тұратын өлең. Синквейндерді жазу ережесі: 1) бірінші жол
тақырыпқа теңестірілетін бір зат есім сөзінен тұрады; 2) екінші –
тақырыпты нақтылайтын жəне түсіндіретін екі сөз сын есімнен
тұрады; 3) үшінші жол етістік пен есімше арқылы өрнектелетін,
таңдалған тақырып аясындағы əрекетті сипаттайтын үш сөзден
құрастырылған; 4) төртінші жол – синквейн авторының тақырыпқа
қатынасын бейнелейтін төрт сөзден құралған фраза; 5) соңғы жол
335
– тақырыптың мазмұнын бейнелейтін бір сөзден тұратын синоним
мен метафора.
Мысал.
Ақпарат.
Пайдалы, сенімді.
Сақталады, өңделеді, қолданылады.
Қазіргі қоғамның қажетті ресурсы.
Білім.
Достарыңызбен бөлісу: |