12-ТАРАУ
КОМПЬЮТЕР МАЗМҰНДЫҚ ЖЕЛІСІН ОҚЫТУ
ƏДІСТЕМЕСІ
12.1 Компьютердің құрылғыларын оқытудың
əдістемелік əдістері
Информатиканың базалық курсының мазмұндық желісі – ком-
пьютер желісі екі тармаққа бөлінеді: компьютер құрылысы жəне
компьютердің программалық жабдықтамасы (3-қосымша). Ком-
пьютер мазмұндық желісі барлық курс бойынша өтіледі. Базалық
курстың бірқатар тақырыптары ЭЕМ құрылысы туралы түсініктерді
тереңдететін, компьютердегі жұмыс дағдысын дамытатын компью-
термен байланысты.
Компьютердің мазмұндық желісін меңгеру екі мақсатқа
бағытталған бағыттар негізінде жүргізіледі:
1. құрылғыны, ЭЕМ қызметінің принциптері мен программалық
жабдықтамасын ұйымдастыруды теориялық оқып-үйрену;
2. мəліметтерді өңдеудің түрлерін орындау үшін компьютерді
пайдалану дағдысын меңгеру, компьютерді тəжірибелік игеру.
Достарыңызбен бөлісу: |