жолдары туралы мəселенi түбегейлі мақсатқа сай шешу
оны оқыту үшін жеке оқу курс ашу болып табылады... Əрине
кибернетикадағы кейбiр мəлiметтер ақылға сия-тындай шеңберде
басқа оқу пəндерiне: математикаға, биологияға жəне еңбекке баулу
курстарына енгiзiлуi тиiс. Жалпы орта бiлiм беру мазмұнында жаңа
пəннiң пайда болуы онымен тығыз байланыстағы пəндердiң орны
туралы басқаша қайтадан ойластыруды, тіпті, олардың мазмұнына
кейбір жөндеулер енгізуді қажет етедi. Бұл өзгерiстердің пəнаралық
байланыстардың құрылымы мен сипатына əсер етпеуі мүмкін емес»
[4, 213-б.]. Осы қорытындыларды дамыта отыра, [23] мақала автор-
лары «информатика» оқу пəнінің мектеп бiлiм беру құрылымындағы
орнын толығымен негіздейді: «Жалпы кибернетикалық білім жалпы
білім беру мазмұнының базалық құраушысы болып табылады. Бұл
оған келесі дидактикалық формуланы таратуға болады деген сөз,
яғни жалпы білім берудің кез келген базалық құраушысы бiлiм беру
мазмұнына екi түрде: ерекше оқу пəні (бұл қазір информатика кур-
сы) түрінде жəне басқа оқу пəндеріне «кірме» түрінде енедi».
Достарыңызбен бөлісу: |