13-ТАРАУ
АЛГОРИТМДЕУ ЖƏНЕ ПРОГРАММАЛАУ
МАЗМҰНДЫҚ ЖЕЛІСІН ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ
13.1 Алгоритмдеу мен программалауды оқытудың
əдістемелік тəсілдері
Алгоритмдеу тақырыптарының мазмұны мына ұғымдар
тізбегі арқылы анықталады: алгоритм, алгоритмнің қасиеттері,
алгоритмді орындаушылары, орындаушының командалар жүйесі,
алгоритмді орындау түрі, негізгі алгоритмдік құрылымдар,
көмекші алгоритмдер (4-қосымша).
Мектептік жоспар бойынша информатика пəнінде алгоритмдеуді
оқытудың екі мақсаттық аспектісі бар:
Бірінші – дамытушы аспект, оқушылардың алгоритмдауды
меңгере дамуы.
Екінші – программалық аспект. ЭЕМ үшін программа құру,
алгоритм құрудан басталады.
Кəсіби программистің білім сапасы – алгоритмдық ойлау
қабілетінің кең дамуы болып табылады. Бастапқыда айтылған
екі аспектіні талдайтын болсақ: бірінші аспект информатика
курсының іргетасты компоненті болып табылады. Онда оқушылар
программалық тілдердің жоғарғы деңгейлі екендігімен, жаңа үлгідегі
программа құру жобасымен танысады. Соның арқасында оқушылар
”трансляция” (эфирге шығару) деген түсінікті қабылдайды. Екінші
аспект профориенталдық сипаттамасын негіздейді. Программист
мамандығы қазіргі уақытта кең жайылған жəне танымал. Мектеп
қабырғасындағы программалауды оқыту, оқушылардың өз білім
деңгейін тексеруге жəне бағалауға көмектеседі. Бұл əсіресе, жоғарғы
сыныптар жəне информатика курсы тереңдетіліп оқылатын сынып-
тар үшін қолайлы əдіс.
Достарыңызбен бөлісу: |