Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Алгоритм ұғымын енгізу əдістемесі



Pdf көрінісі
бет187/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

13.2 Алгоритм ұғымын енгізу əдістемесі

9-сыныпта  «Алгоритмдеу  негіздері  жəне  алгоритм  құру  тех-

нологиясы»  жəне  «Паскаль – программалау  тілі»  тараулары 

қарастырылған [1].




358

Объектінің  бастапқы  жағдайынан  соңғы  жағдайына  түрлену 

үдерісін  сипаттайтын  орындаушыға  түсінікті  нұсқаулардың 

көмегімен  жазылған  əрекеттердің  қатал  тізбегін  алгоритм  деп 

атайды.

Қарапайым  жағдайда  алгоритм  дегеніміз  алға  қойған  мақсатқа 

жету үшін орындалатын əрекеттердің тізбегі. 

Бұл    жүйенің  орталық  объектісі  алгоритмді  орындаушы  болып 

табылады.  Орындаушы – алгоритмді  құрастыру  үшін  басқарушы 

объект (немесе субъект) болып табылады. Басқарудың көз қарасында, 

орындаушының    сипаттамасы – орындаушының  командалар 

жүйесі  (ОКЖ)  болады.  Бұл  орындаушы  түсінетін  жəне  орындай 

алатын    көптеген  шекті  командалар.  Əртүрлі    жұмысты  орындау 

үшін, орындаушы, енгізер алдында алгоритм, ал шығарар алдында 

берілген нəтиженің шешімін алады.

Алгоритм  өзіне  тек  ОКЖ-ге  енетін  командаларды  ғана  енгізе 

алады. Алгоритмге деген талап түсініктеме қасиеті деп аталады.

Алгоритмнің келесі бір қасиеті – дəлдік. Əрбір команда  атқарушы 

əрекетінің бірізділігін анықтау үшін құрылу керек. Мысалы,  аспазды 

атқарушы  ретінде  алып,  оның  тағам    дайындау  рецепті  бойынша 

алгоритм  құралық.  Бірақ    рецептің  бір  бөлімінде  “Бірнеше  қасық 

қант салу” – деп жазылса, ол мысал дұрыс болмайды. Неше қасық, 

қандай қасық (шай қасық, ас қасық)? Əр аспаз  өз түсінігі бойынша 

жасайды жəне нəтижесі əртүрлі болады. Мысалды дəл келтіру  үшін 

былай жазамыз: “2 ас қасық қант салу”.

Орындаушы  жұмысы  тізбекті  формальданған  алгоритмнің 

орындаушы  командасынан  құралды.  Бұл  жерден  автоматты  

арындаушы мүмкіндігі тууы мүмкін деп үміттенуге болады. Мұндай 

алгоритмнің автоматты орындаушысы компьютер болып табылады.

Алгоритмнің    анықтамасында  берілген  тағы  бір  қасиеті – 



шектелу.  Ол  былай  бейнеленеді:  алгоритмнің  орындалуы  жəне 

ізделінген қорытындыны алу – шеткі сан қадамның алдында аяқталуы 

керек. Мұнда əр қадам алдында жеке команданың орындалуы жүзеге 

асады. Бұл қасиет программист  циклданбаған деп атаған жағдайды 

ескерту болып табылады. Шексіз орындалатын алгоритм нəтижесіз. 

Сондықтан    шектелу  қасиетін  алгоритмнің  қорытындысы  деп  те 

атайды.

Əдебиеттерде алгоритімнің тағыда мынадай екі қасиеті кездеседі: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет