Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАРАУ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МАЗМҰНДЫҚ



Pdf көрінісі
бет201/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

14-ТАРАУ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МАЗМҰНДЫҚ  

ЖЕЛІСІН ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ

14.1 Мəтіндік ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы

Тақырыпты оқытуға əдістемелік нұсқаулар

Мəтіндік  ақпараттық  технологиялар  тəжірибеде  ең  көп 

қолданылатындарға  жатады.  Қолдану  аймағы:  жазба  құжаттарын 

дайындау, баспа қызметі. Екінші бағыттағы арнаулы компьютерлік 

құралдар  баспа  жүйелері  деп  аталады.  Осы  тақырып  қозғалған 

барлық  оқулықтарда  технологияның  осы  түрінің  қолдану  сала-

сы, «қағаз»  түрімен  салыстырғанда  мəтіндерді  дайындау  жəне 

сақтаудың  компьютерлік  тəсілінің  артықшылықтары  туралы 

сұрақтар қарастырылады (5-қосымша).

7-сыныпта ақпараттық технологияларға арналған тұтас бір тарау 

қамтылған [1]. Бұл тарауда оқушылар ақпараттық технологиялардың 

даму  кезеңдерімен,  ақпараттың  əртүрімен  (графикалық  ақпарат, 

мəтіндік ақпарат, сандық ақпарат, дыбыстық ақпарат) жұмыс жасау 

технологияларымен жəне олармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін 

стандартты бағдарламалармен  алғаш танысады.

Ал 8-сыныпта  графикалық  ақпараттарды  өңдеу  техноло-               

гиясы  тақырыбында  компьютерлік  графика  туралы  мағлұматтар 

алып, кəсіби графикалық редакторларда жұмыс жасайды. Мəтіндік 

ақпаратпен  жұмыс  жасауға  арналған MS Word – мəтіндік  процес-

сорымен  танысып,  мəтінді  өңдеудің  күрделі  əрекеттерін  орындай-

ды  (сурет  кірістіру,  кесте  құру,  колонтитулдарды  қою  жəне  т.б.). 

MS Excel кестелік  процессорымен  танысып,  бағдарламада  əртүрлі 

есептеулер жүргізеді, формулалармен жұмыс жасайды, диаграмма-

лар тұрғызады. Тағы күрделі тақырыптардың бірі мəліметтер қоры 

сұрақтарымен танысып, MS Excel программасында мəліметтер қорын 

құрып,  олармен  əртүрлі  əрекеттерді  жүзеге  асырады  (мəліметтерді 

реттеу, сүзгілеу) [2]. 

Мəтінмен  жұмыс  жасаудың  компьютерлік  технологияның 

теориялық негіздеріне мəтіндік ақпаратты кодтау сұрақтары жатады.



375



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет