Аппараттық құралдар. Мəтіндік редактор көмегімен мəтіндік
құжатты жасау үдерісі кешенді сипатқа ие болады, себебі мұнда
компьютердің барлық негізгі құрылғылары қатысады. Осы
тақырыптың аясында оқушылар ЭЕМ-нің əртүрлі аппараттық
құраушыларымен жұмыс жасаудың тəжірибелік дағдыларын да-
мытып қана қоймай, компьютер құрылғылары туралы, олардың
жұмыс жасау принциптері туралы білімдерін де тереңдету керек.
Сол себепті «Компьютер» мазмұндық желісі мен ақпараттық тех-
нология мазмұндық желісі қиылысады. [3] əдістемелік құралда осы
тақырыпты оқу барысында алатын ДК-дің аппараттық құралдары
туралы оқушыларға жаңа мəліметтер берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |