Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


терін  күнделікті  өмірдегі  тəжірибелік  іс-əрекетінде  пайдалана



Pdf көрінісі
бет256/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

терін  күнделікті  өмірдегі  тəжірибелік  іс-əрекетінде  пайдалана 

білуі керек.

17.2 Информатиканың қазіргі кездегі əлеуметтік 

қырлары

Əлеуметтік информатиканың кілттік ұғымдары: ақпараттық ре-

сурстар,  ақпараттандыру,  ақпараттық  қоғам,  ақпараттық  мəдениет, 

ақпараттық  қауіпсіздік,  ақпараттық  құқық  болып  табылады.  Бұл 

ұғымдар толығырақ [1-3] оқулықтарда қарастырылады.

Тақырыпты оқытуға арналған əдістемелік нұсқаулар

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Ақпараттық ресурстар.

2. Ақпараттық қоғам.

3. Ақпараттық мəдениет.

4. Ақпараттық құқық жəне қауіпсіздік.

Базалық  курста  əлеуметтік  информатика  мəселелерімен  та-

нысу  пропедевтикалық  сипатта.  Толығырақ  жоғарғы  сыныптарда 

информатиканың бейіндік курсы аясында оқып-үйретіледі.

Бұл  тақырыпта  ақпараттық  ресурстар  ұғымы  негізгі  болып 

табылады. «Ресурс»  сөзіне  синоним  «жинақ», «артық»  сөздері. 

Адамзат  қоғамы  материалдық  ресурстарды  (тағам  өнімдері,  киім, 

тұрғын үй, транспорт жəне т.б), энергетикалық ресурстарды (мұнай, 

көмір,  электр  энергиясы  жəне  т.б.)  пайдаланбай    өмір  сүре  алмай-

ды. Кішкене дəрежеде адамзатқа ақпараттық ресурстар: кез келген 

түрдегі ақпаратты тасымалдаушыда сақталған білім, адамзат идеясы 

жəне олардың жүзеге асуы бойынша нұсқаулар қажет. Ақпараттық 

ресурстардың сақтаушысы мұрағат, мəліметтер қоры, Интернет сер-

верлер жəне т.б.

Бұл  тақырыпты  сабақта  талқылай  келе,  оқушылардың  наза-



446

рын  ақпараттық  ресурстардың  келесідей  ерекшелігіне  аудару  ке-

рек:  ақпараттықтан  басқа  кез  келген  ресурс,  оны  қолданғаннан 

кейін  жоғалып  кетеді  (мұнай,  тағам,  электр  энергиясы  жəне  т.б. 

жұмсалады).  Ақпараттық  ресурстар  көбейеді,  яғни,  олар  үздіксіз 

өспелі жылдамдықпен артады. Бұл феноменді ақпараттық төңкеріс 

деп  атайды.  Қандай  да  бір  ақпарат  ескіреді  жəне  өзектілігін 

жоғалтады. Бірақ, оған қарамастан, өзекті ақпараттың көлемі артады. 

Бұл тақырып аясында оқушылар оқу үдерісінде қандай ақпараттық 

ресурстарды қолданатындығы туралы мəселені талқылау керек.

Ақпараттық  ресурстарды  сақтау,  тасымалдау  жəне  өңдеуге 

арналған  қазіргі  құралдар  АКТ  болып  табылады.  Адамзаттың 

барлық іс-əрекеті аясына АКТ енгізу қоғамды ақпараттандыру деп 

аталады. Ақпараттандыруға байланысты ақпараттандыру іс-əрекеті 

аясына еліміздің тұрғындары араласуда, бұл ақпараттық қоғамды 

қалыптастыруға  əкеледі.  Ақпараттық  қоғамда  адамдардың  еңбек 

іс-əрекетінің  түрі  ақпараттық  іс-əрекет  болып  табылады.  Мұнда 

ақпараттық  ресурстар  қоғамдық  прогреске  əсер  ететін  маңызды 

ресурс  түрінде  айналады.  Басқаша  айтқанда,  ақпараттық  қоғамнан 

көшу,  еліміздің  жартысынан  көп  тұрғындары  ақпараттық  саламен 

жұмыс істегенде ғана мүмкін болады.

Елімізді ақпараттандыру дəрежесі туралы тұрғындардың пайда-

ланатын компьютерлерінің санына, ауқымды желі серверлерінің са-

нына жəне өндірісте жəне тұрмыста Интернетті пайдаланатын адам 

санына байланысты айтуға болады.

Келесі қарастырылатын тақырып «ақпараттық мəдениет». Жеке 

адамның ақпараттық мəдениеті оның АКТ саласындағы білімі мен 

біліктілігі,  сонымен  қатар  осы  саладағы  құқықтық  жəне  этикалық 

нормалармен  танысу  жəне  олардың  сақталуымен  анықталады. 

Информатиканың  мектеп  курсында  болашақ  ақпараттық  қоғамның 

мүшелерінің ақпараттық мəдениетінің негізін қалыптастыру  мақсат 

етілген.


Ақпараттандыру  үдерісінің  дамуымен  барлық  электрондық 

ресурстарға:  программаларға  жəне  мəліметтерге  авторлық 

құқықты  қорғау,  сонымен  қатар  құқық  бұзушылардың  қылмыстық 

əрекеттерінен ақпаратты қорғау өзекті мəселелер болып табылады. 

Бұл  саладағы  білімнің  үлкен  тəрбиелік  мəні  бар.  Оқушылардың 

программалық  өнімдер  жəне  мəліметтер  қорының  құқықтық 

мəртебесі:  лицензияланған,  шартты-ақысыз  жəне  тəуелсіз 



447

таратылатындығы  туралы  түсініктері  болуы  тиіс.  Ақпараттық  са-

лада құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары: ақпараттық құқық 

бұзушылық  түрлері  жəне  олардың  алдын  алу  тəсілдері  туралы 

мəлімет, сонымен қатар осындай құқық бұзушылыққа қарсы жазалау 

түрлері туралы мəлімет болып табылады. Қысқаша жəне жеткілікті 

түрде мұндай мəліметтер [2, 3] оқулықтарда қарастырылған.

Аталған  тақырыпты  оқып-үйрену  салдарынан  шығатын 

тұжырым:  барлық  құралдармен  ақпараттық  ресурстардың 

қауіпсіздігін  сенімді  қамтамасыз  ету  (программалық-техникалық, 

құқықтық) қауіпсіздіктің маңызды факторы болып табылады.

Оқыту нəтижесінде оқушылар:

 

– «ақпараттық  ресурстар», «ақпараттық  қоғам», «ақпараттық 



мəдениет»  ұғымдары,  қазіргі  қоғамда  АКТ  қолданудың  негізгі  са-

лалары, ақпараттық құқықтың қызметі, ақпаратты қорғаудың негізгі 

мəселелерін білуі керек;

 

– жеке  ақпаратты  сақтаудың  жеке  құралдарын  пайдалануды, 



ақпаратты  таратуда  оның  құқықтық  жəне  этикалық  аспектілерін 

ескере отырып қолдануды үйренуі керек

 

– жеке  ақпараттық  іс-əрекетті  ұйымдастыру  жəне  оның 



нəтижелерін  жоспарлау  үшін,  қоғамның  ақпараттық  ресурстарын, 

сəйкесінше,  құқықтық  жəне  этикалық  нормаларды  сақтай  отырып 

пайдалану бойынша алған білім жəне біліктіліктерін күнделікті 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет