55
тұрақты қызығушылықтарын дамыту, оқу дағдыларын қалыптастыру
жəне проблемалық жағдайларды туызып жəне оларды шешу арқылы
жеке ақпараттық ортаны ұйымдастыру тəсілдеріне оқыту;
– ақпараттық-дидактикалық – білім ақпараттық ресурстар-
мен жұмыс істей білу, ақпарат алу жəне оны білім беру үдерісінің
мақсаты мен міндеттеріне сəйкес қайта өңдеу; қазіргі заманғы оқыту
əдістерін, түрлерін жəне құралдарын қолдану;
– дамытушы – əр түрлі оқу пəндерін оқытуда информатиканың
əдістерін жəне АКТ құралдарын меңгеру мен қолдану арқылы
танымдық тəуелсіздікке, интеллектуальдық жəне шығармашылық
қабілеттілікке ынталандыру; алгоритмдік жəне жүйелі ойлауды да-
мыту;
– кəсіпке бейімдеушілік – еңбек нарығында талап етілетін
əртүрлі салада ақпараттық іс-əрекет тəжірибелерін жинақтау;
– рефлексивтік – мұғалімнің өзіне бағытталған, бақылау-бағалау
іс-əрекетіне байланысты.
Информатика мұғалімінің коммуникативтік біліктілігі ақпа-
раттың əр түрлі көздерін пайдалану арқылы танымдық жəне
коммуникативтік есептерді шешу үдерісінде, информатика мен АКТ
құралдарымен бірге іс-əрекет ету біліктіліктерінде көрінеді.
Əдістемелік құзырлылықтың жоғарыда аталған құраушыларына
ие болу информатика мұғалімдерінің информатиканы оқытудың
қазіргі заманғы түрлері мен əдістерін меңгерулеріне қажетті алдын
ала жағдай туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: