Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет272/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

Теориялық мəліметтер

Тезаурус құруға қажетті ұғымдар:

Құрылымдық  программалау  (алгоритмдердің  үлгілік  басқару 

құрылымы, қадамдап бөлшектеу əдісі, модуль),

1. объектілі-бағытталған  программалау  (объект,  объектілер 

қасиеті, өңдеу əдісі, оқиға, объектілер класы),

2. логикалық  программалау  (фактілер,  ережелер,  құрамды 

объектілер, шешімді іздеу),

3. жолдар, 

4. тізімдер, 

5. файлдар, 

6. рекурсия.

Тақырыпты мазмұндық əдістемелік талдау

Жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  жоғары  сынып 

оқушыларының  программаларды  сауатты  əзірлеу  дағдыларын 

қалыптастыру  мақсатында  құрылымдық  программалауды  келесі 

сипатқа  ие  қарапайым,  түсінікті  программалар  құру  əдісі  ретінде 

оқыту  керек:  модульдік,  таңдау  мен  қайталаудың  бірыңғай 

құрылымын  қолдану,  басқаруды  жіберудің  құрылымсыздығынан 

бас тарту, жаһандық айнымалыларды шектеулі қолдану. Объектілі-

бағытталған  программалау  технологияларын  оқып  үйрену 



466

оқушылардың программалық аспаптық құралдарды дұрыс қолдану 

дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Қазіргі заманғы програм-

малау тілдерінің көпшілігінің негізін объектілі-бағытталған əдістер 

құрайды,  осындай  тілдер  негізінде  пайда  болған  программалар  да 

объектілі-бағытталған  болады,  сондықтан  объектілі-бағытталған 

əдістер тұжырымдамасын оқушыларға дұрыс түсіндіру керек.

Жасанды  интеллект  негіздерімен  танысып,  білімді  өнімдік 

модель  арқылы  жүзеге  асыру  тəсілдерін  практикада  меңгеруге 

негізделген  логикалық  программалау  тілін  меңгеру  жоғары  сынып 

оқушыларының логикалық ойлауын қалыптастыруға ықпал етеді.

Жұмыс жоспары

1. Программалау  бойынша  білім,  біліктілік  пен  дағдыны 

кемелдендіру  сабағының  нақты  тақырыбын  таңдау  (оқытушымен 

келісіп).

2. Таңдап  алынған  тақырыпқа  сəйкес  оқу,  əдістемелік  жəне  ар-

найы əдебиеттер оқу, əдебиеттердің аннотацияланған тізімін құру.

3. Оқу  үдерісінде  қолданылатын  программалау  жүйесінің 

функциональдық мүмкіндіктерін игеру.

4. Төмендегі 1-тапсырманы орындап, жазбаша есеп тапсыру.

5. Пікірлер аукционына қатынасу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет