4. əмбебап ПҚ.
462
Тақырыпты мазмұндық əдістемелік талдау
Ақпараттық
технологияларды
əртүрлі
қолданушылар
əзірлеушілер де, компьютерлік аумақта кəсіпкер емес тұлғалар да
пайдаланады, сондықтан АТ екі класқа бөлінеді: аспаптық жəне
қолданбалы технологиялар. Аспаптық АТ программалық қолдауы
ретінде көбінесе əмбебап программалық құралдар қарастырылады
(мəтіндік жəне графикалық редакторлар, МҚБЖ, кестелік процес-
сорлар жəне т.б.). Информатиканың базалық курсында оқушыларды
осы құралдардың мазмұндық толықтыруларымен таныстырса,
бейіндік сыныптарда əмбебап ПҚ тереңдетіп оқыту керек.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптар-
да информатиканы оқыту міндеттерінің бірі оқушыларды болашақ
кəсіби қызметіне дайындау болғандықтан:
– оқушыларды кəсіби бағдарланған ПҚ функционалдық
толықтырылымдарымен таныстыру керек;
– қолданбалы АТ ұғымы аспаптық ақпараттық технологиялардың
арнайы модификациялары ретінде анықтау керек;
– аспаптық жəне пəндік ЖАТ өзара əсерін түсіндіру керек,
өйткені жаңа АТ пайда болуы пəндік оқытудың технологиясын
түбегейлі өзгертеді.
Пəндік оқытудың технологиялары белгілі бір қызметтерді
орындауға бағытталады. Мұндай технологиялар үлгілік неме-
се уникалды сипатта болады. Бірінші жағдайда, олар əмбебап ПҚ
функционалдық толықтырылымы ретінде жүзеге асса, екінші
жағдайда қолданбалы АТ көмегімен автоматтандырылады.
Достарыңызбен бөлісу: