Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы



Pdf көрінісі
бет69/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы

Интерактивті  технологиялармен  оқыту  аудио,  бейне  жəне 

компьютерлік оқу құралдарына негізделген жəне оқу ақпаратын та-

рату, білімді қадағалау, оқыту жəне өзіндік оқыту сияқты құралдарға 

жіктеледі.  Егер  оқу  құралдары  əр  түрлі  мақсаттағы  функцияларды 

бірге қиыстырса, онда олар үйлесімді болады.

Аудиовизуалдық оқу құралдарына жататындар:

 

– оқытушылық,  құжаттық,  көркемдік  жəне  музыкалық  аудио-



жазбалар;

 

– оқытушылық, құжаттық, көркемдік, ғылыми-көпшілік бейне-



материалдар;

 

– мультимедиялық оқу презентациялары.



Қатысушылардың  жазылған  жауаптарына  визуалды  құралдың 

ойнатылуы,  сабақтың  əуенмен  өткізілуі  арқылы  аудиожазбаларды 

диктанттар өткізуде қолдануға болады.



155

Оқытуға  арналған  бейнематериалдар  басқа  аудиовизуалды 

құралдар ішіндегі ең ыңғайлысы  болып табылады. Бейнежазбаның  

дидактикалық  мүмкіндіктері  дидактикалық  мүмкіндіктері  бар  те-

левидение  жəне  оқыту  фильмдері    арасындағы  сəтті  байланысты 

көрсетеді.  Теледидар  сияқты  бейнежазба  аналитика-синтетикалық  

мүмкіндіктерге ие. Олар қабылдау (түсіну) үдерісін басқаруға жол 

береді.  Хабарламаның  дара  (жеке  кадрлар  арқылы)  құралуы  бұл 

тек  объектіні  алмастыру  ғана  емес,  сонымен  қатар  қабылдау  фо-

нын,  мазмұндаманың  тезисі,  оқыту  материалдарының  логикалық 

жəне  образдық  бөлшектелуін  қамтиды.  Бейне  жазбаның  өзіне  тəн 

ерекшелігі – қатысушылардың эмоциалдық аймағына əсер етуі.

Презентацияларды келесі түрде жіктеуге болады:

 

– иллюстрациялық жəне проблемалық (күрделі);



 

– фрагменттік (көріністік) жəне бүтін бөлікті;

 

– жаңа материалдарды орнатуға жəне қайталауға, практикалық 



жұмыстар өткізуге;

Компьютерлік құралдарға мыналар жатады:

 

– педагогикалық программалық құрал-жабдықтар;



 

– электрондық кітаптар мен энциклопедиялар.

Педогагикалық  программалық  құрал-жабдықтардың  өзіндік 

тұрпаттамасы  бар.  Ол  оқыту  үдерісінде  құралдың  қолданудағы 

əдістемелік мақсатын көрсетеді.

Көрсету 


(демонстрациялық) 

программалық 

құралдар. 

Əдістемелік  мақсаты – оқыту  құжаттардың  көрнекті  ұсынысы 

(представление). Осы тəріздес құралдардың үлкен коллекциясы 1C 

компаниясымен құрастырылып «Мир компьютера» атымен белгілі: 

«TeachPro Macromedia Studio 8», «TeachPro Mathcad 13», «TeachPro 

Ms Internet Explorer 5. Базалық курс» жəне т.б. Бұл оқу құралындағы 

оқыту  құжаттары    интерактивті  бейнедəрістер  түрінде  беріледі. 

Оқушы  дəрісті  оқып  отырған  мұғалімнің  дауысын  ести  отырып, 

экраннан сол мұғалімнің не жасап жатқанын көреді.

Программалық  құралдар – жаттықтырғыштар.  Əдістемелік 

мақсаты  –дағдыны  өңдеу,  өз-өзін  дайындауды  іске  асыру.  Мыса-

лы: «Кирил и Мефоди» компаниясының жаттықтыру жүйесі «Опе-

рационная  система – Практический  курс Windows XP», «Редактор 

текстов – Практический курс Word XP», «Верстка текста – Практи-

ческий курс Abode Page Maker 6.5» жəне т.б. əйгілі программалық 

құралдармен жұмыс істеуге бейімдейді.




156

Бақылаушы программалық құралдар. Əдістемелік мақсаты – оқу-

құрал  материалдарын  бақылау  немесе  өзін-өзі  басқару    деңгейінің  

бақылауы  бойынша  түсіну.  Мысалға  «Репетитор  по  информатике 

Кирилла и Мефодия» кітабы. Бұл оқулықта 24 тақырыпқа бөлінген  

1160 мəтіндік жаттығулар бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет