169
16, 17]. Телекоммуникациялық жобалардың негізінде əр елдің, əр
қаланың, əр мектептің оқушыларының ынтымақтастықта бірлескен
жобаларын ұйымдастырудың неғұрлым тиімді екендігін практика
көрсетіп отыр, олар əрқашанда пəнаралық жəне мұнда жалпы
проблеманы жергілікті шешумен алмасу үшін, бірлескен бақылаулар
жүргізу үшін, бірлескен жарияланымдар дайындау үшін, үдерістер
мен құбылыстарды модельдеу үшін жəне т.б. қолданылады [18, 19,
20, 16, 21].
Оқу жобасын жасағанда оқушы ақпаратты өз бетімен іздеп-
тауып жəне түсініп қана қоймай, өзі жаңа идеялар туғыза алуы
қажет. Бұл оқытудың (дəлірек айтсақ компьютерлік технологияға)
іс-əрекеттік əдісінің мысалы болып табылады. Бұл оқытудың жаңа
түрі. Жоба белгілі бір тақырыпты оқытатын компьютерлік курс,
логикалық ойын, компьютерде модельденген зертханалық құралдың
макеті, электрондық поштамен тақырыптық қатынас жəне т.б. бо-
луы мүмкін. Жобалар əдiсiн қолданғанда нақты тəжiрибе негiзiнде
алынған бiрқатар шарттарды ескеру керектiгiн көрсетемiз:
1. Оқушыларға нақты таңдау мүмкiндiктерiн iске асыру үшiн
жеткiлiктi үлкен жобалар жиынын көрсетуi керек. Жоспарлау
өзiндiк немесе ұжымдық болуы мүмкiн екендiгiн айта кету керек.
Соңғысы, басқаларға қарағанда оқушыларды ұжымдық жұмыс
əдiсiн меңгертуге машықтандырады.
2. Оқушы жұмысты жоспарлау əдiсiн бiлмегендiктен, ол жобамен
жұмыс iстеу ережесiмен қамтамасыз етiлуi керек. Мұндай жағдайда
əрбiр оқушының өзiндiк қабiлетiн ескеру маңызды (бiреулерi –
мəтiндi оқи отырып, екiншiлерi – түсiндiргендi тыңдай отырып, ал
үшiншiлерi – тəжірибелік жұмыс барысында қателескенiн шешiмiн
таба отырып материалды жақсы меңгередi).
3. Бала үшiн алған нəтижесiнiң тəжірибелік мəндiлiгi мен
айналасындағылардың берген бағасы маңызды. Сондықтан ОЖ
орындаушыға iстелген жұмыстарының ойын немесе имитациялық
түрде жинақтылығы мен аяқталғандығын болжауы керек. Бiткен
жобаның көрсетiлуi жəне үлкендер мен құрдастарының назарында
болуы өте маңызды.
4. Практика көрсеткендей, оқушылардың бiр-бiрiнiң жетiстiктерi
мен сəтсiздiктерiн өзара талдау үшiн оларға жағдай жасау керек. Бұл
жағдайда өзара оқыту үдерісі жүредi, ол оқушыға да, мұғалімге да
пайдалы.
170
5. Жобалау əдiсi компьютермен (АКТ) жұмыс жасауды меңгеруге
бағытталады.
Өнімді оқыту оқушылардың шығармашылық ойлауын
дамытудың негізгі қызметтерімен қатар, əлеуметтік белсенділікті та-
ныту түрі ретінде информатика аумағында оқушылардың танымдық
белсенділіктерін қалыптастыруға байланысты неғұрлым күрделі
мəселені шешеді.
Достарыңызбен бөлісу: