7.2 Информатика кабинеті жəне оның жұмысын
ұйымдастыру жəне программалық жабдықтау
Информатика пəнiн мектепке енгiзумен қатар бiр мезгiлде
техникалық құралдар тiзiмi бойынша бiрiншi əдiстемелiк нұсқаулар,
көрнекi оқу құралдары мен есептеуiш техника кабинеттерi
жиһаздары пайда бола бастады [25, 26]. Содан кейін мектептегi ЕТК-
ны жабдықтауға нұсқау беретiн нормативтiк-əдiстемелiк актiлер, со-
нымен қатар оларды қауiпсiз жəне тиiмдi пайдалану шарттары пайда
болды [27, 28, 29-31]. ЕТК туралы ресми түрде бекiтiлген бiрiншi ере-
жеге сəйкес [29], қазiргi кезде есептеуiш техника кабинеттерi өзiнiң
ұйымдастыру бөлiктерiндегi мəнiн сақтап отыр. Есептеуiш техника
кабинеттерi – бұл есептеуiш техниканың оқу кешенiмен (ЕТОК),
көрнекi оқу құралдарымен, оқыту құрылғыларымен, жиһазбен,
173
оргтехникамен жəне информатика курсы бойынша теориялық,
практикалық, сыныптық, сыныптан тыс жəне факультатив сабақ
өткiзуге лайықтап жабдықталған орта мектептiң оқыту-тəрбиелеу
бөлiмшесi. ЕТК сонымен қатар, əртүрлi оқу пəндерiн оқытуға, оқу-
тəрбиелеу үдерiсiн тиiмдi басқаруда еңбекке оқытуға, оқушылардың
қоғамдық пайдалы жəне өндiрiстiк еңбектерiн ұйымдастыруға
арналған. ЕТК сондай-ақ оқушылардың компьютерлiк клубтарын
ұйымдастыруда жəне мектептегi сыныптан тыс жұмыстардың басқа
түрлерiнде де қолданылуы мүмкiн. ЕТК оқытудың табыстылығына
жоғарғы дəрежеде ықпал етуi, оқушылардың ойлау қабiлетiн да-
мыту мен тəрбиелеу, олардың информатика жəне басқа ғылым бо-
йынша мықты бiлiм, бiлiктiлiк жəне дағдысын қалыптастыру жəне
мұғалiм мен оқушы еңбегiнiң қауiпсiздiгi мен денсаулығын сақтауды
толығымен қамтамасыз ету үшiн психологиялық, гигиеналық жəне
эргономикалық қолайлы орта ұйымдастырылуы қажет.
Уақыт өте келе, бiлiм беру саласында (мектепте) есептеу техни-
касы құралдарының функционалдық қызметiн жəне программамен
қамтамасыз етудi кең ауқымда қолдануды қарастырады [28, 32]:
– жалпы бiлiм беретiн жəне арнайы пəндердi оқуда жəне кəсiби
дайындықта оқыту құралы ретiнде;
– оқушыларда ақпараттық мəдениет негiздерiнiң қалыптасуы
үшiн, ЭЕМ-да тəжірибелік жəне қазiргi заманғы колданбалы про-
граммалармен жұмыс жасау бiлiктiлiгi мен дағдысына төселдiру;
– ақпараттық желiлер (жергiлiктi жəне таратылған) жəне теле-
коммуникациялар қызметiн қамтамасыз ету үшiн;
– бiлiм берудi басқару жүйесiнде жəне оқу орнының iшiнде
құжаттарды жүргiзудi жəне iс-қағаздарын жүргiзудi автоматтандыру
үшiн;
– мультимедиа құралдары, ақпараттық жəне коммуникациялық
технологиялар негiзiнде оқу-зерттеу жұмыстарын жүргiзу жəне
ұйымдастыру үшiн;
– бақылау үдерісiн автоматтандыруды қамтамасыз ету, оқу iс-
əрекетiнiң нəтижесiн коррекциялау, тестiлеу жəне психологиялық
барлау үшiн;
– оқу,
демонстрациялық
құрылғыларды
басқару,
оқу
экспериментiнiң нəтижесiн өңдеу үдерісін автоматтандыруды
қамтамасыз ету үшiн;
– педагогикалық программалық қамтамасыз етудi жасау жəне
174
онымен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзудi
қамтамасыз ету үшiн мектептегi есептеу техникасы кабинетiн
қалай жабдықтау (не сатып алу керек) мəселесi бойынша арнайы
жасалған нұсқаулар бар [33, 34]. Əдетте, бұл бiлiм беру саласын-
да қолданылатын есептеуiш техникасына қойылатын психология-
педагогикалық, эргономикалық, техникалық сипаттамалардың жəне
аппараттық, программамалық құралдар параметрiнiң мол жиыны-
нан тұратын құжаттар. Осындай құжаттар, жекеше алғанда, бiлiм
беру қажеттiлiгiне орай есептеуiш техниканы таңдауды iске асыра-
тын сараптық кеңес үшiн бiлiм берудi басқару ұйымдарына көмек
көрсету нұсқауы ретiнде қажет.
Өкiнiшке орай, ЕТҚ техникалық жəне қызметтiк сипаттама-
ларының тез жетiлдiруiне байланысты бұл нұсқаулар өте аз уақытқа
жарайды, сондықтан да оларды 5 жылда бiр рет жаңартудың өзi
аздық етедi.
Компьютерлiк құрылғылардан басқа информатика кабинетiн
жабдықтау ұсынылады [27]:
– оқушылардың қауiпсiздiк техникасына арналған кiрiспе жəне
мерзiмдi нұсқаулар журналымен;
– əрбiр жұмыс орнында ЕТОК-ты пайдалану журналымен;
– ДЭЕМ-ның iстен шығу жəне оны жөндеу жайлы мəлiмдеу
журналымен;
– демонстрациялық кесте жəне оқушылардың жұмыстарын ор-
наластыру үшiн стендтермен;
– алғашқы көмек көрсету қобдишасымен;
– өрт сөндiру құралдарымен;
– мектеп директоры бекiткен информатика кабинетiнiң
жабдықтаудан бұрынғы жоспарымен, кабинеттегi барлық оқу
құрылғыларын тiркейтiн инвентарлық кiтапшалармен.
Компьютерлiк кабинеттердi жабдықтауда жəне қолданғанда
бейнедисплейлiк терминал (БДТ) жəне ДЭЕМ-мен жұмыс iстеу
кезiнде адамға қауiптi факторлардың қолайсыз əсер етуiнен сақтап
қалу үшiн санитарлық ережелер мен нормаларды қатты қадағалау
өте маңызды болып табылады [30]. Қазіргі кезде информатика
кабинеттері негізінен электромагниттік жəне электростатистикалық
өрістерінің көздері болып табылатын электрондық-сəулелі
түтікшенің негізінде жасалған мониторлары бар дербес компью-
термен жабдықталған. Бұл өрістердің қарқындылығы көптеген
175
факторларға, жекеше алғанда монитордың экранына шығарылатын
бейненің
типінен,
бейненің
ашықтығынан,
шығарылатын
символдардың санынан, экранның ауысу жиілігінен, шаң, темпера-
турадан, ауаның ылғалдылығы мен циркуляциясына тəуелді болады.
ДК қызмет етуі кислород концентрациясының төмендеуіне, озон
құрамының көтерілуіне, ауаның иондық құрамының бұзылуына
əкеледі.
Бейне-дисплейлік терминалда (БДТ) оқушылардың үздiксiз
жұмыс iстеуi олардың жастарына байланысты, ол мына рұқсат
етiлген уақыттардан аспауы керек:
– 1 сынып (6 жас) оқушылары үшiн – 10 минут;
– I-V сынып оқушылары үшiн – 15 минут;
– VI-VII сынып оқушылары үшiн – 20 минут;
– VIII-IХ сынып оқушылары үшiн – 25 минут;
– Х-ХI сынып оқушылары үшiн сабақтың бiрiншi бөлiгiнде – 30
минут, екiншiсiнде – 20 минут.
БДТ мен ДЭЕМ-да жұмыс жасағанда жоғарыда белгiленген
жұмыс ұзақтығынан асып кеткен жағдайда көзге жаттығулар
кешенін, ал əрбiр сабақтан кейiн үзiлiсте – жалпы шаршаудан сақтану
үшiн физикалық жаттығулар жасау керек. Х-ХI сынып оқушылары
үшiн БДТ жəне ДЭЕМ қолдану сабақтарының саны аптасына 2-ден,
ал басқа сыныптар үшiн 1 сабақтан аспауы керек. БДТ жəне ДЭЕМ-
қолданып үйiрме сабақтарын өткiзу аптасына екi реттен артық бол-
мауы керек, жалпы мынадай ұзақтықта:
– II-V сынып (7-10 жас) оқушылары үшiн 60 минуттан аспауы
керек;
– VI жəне жоғары сынып оқушылары үшiн 90 минуттан аспауы
керек.
Санитарлық-гигиеналық талаптар факторы ЕТК-да оқу үдерісін
ұйымдастыруға, информатикадан əрбiр сабақ құрылымына
қатаң шектеулер қояды, ол жоспарлауда ескерiлуi керек. Жекеше
жағдайда, бұл программалық құралдарды пайдалану уақытының
ұзақтығын есепке алуға тiкелей қатысты, оның қолданылуы сабақта
қарастырылады.
БДТ мен ДЭЕМ-да жұмыс жасаудың қауіптік мəселесі өзекті,
себебі ол балалардың денсаулығына əсер етеді. Санитарлық ере-
желер мен нормативтерге сəйкес, жалпы бiлiм беретiн мектептер-
де мұғалiмдер үшiн дисплей сыныптарында жəне информатика
176
кабинеттерiнде жұмыс iстеу ұзақтығы күнiне 4 сағаттан аспауы
керек, ал кабинеттерде БДТ жəне ДЭЕМ-мен оқу үдерісіне қызмет
көрсететiн инженерлер үшiн жұмыс ұзақтығы күнiне 6 сағаттан
аспауы керек. Жұмыс күнiндегi жүктеменi азайту үшiн жұмыста
қосымша үзiлiстер берiледi.
Информатика кабинетiндегi жұмысты ұйымдастыру үшiн мек-
теп директорының бұйрығымен информатика мұғалiмдерiнің
iшiнен ЕТК-нiң меңгерушiсi тағайындалады. Кабинет меңгерушiсi
кабинеттi жабдықтау, мұғалiмдер мен оқушылардың есептеуiш тех-
ника құралдарын пайдалану жұмыстарын, ақпараттық технология-
ны қолданып информатиканы жəне басқа оқу пəндерiн оқытуды
ұйымдастырушы болып табылады. ЕТК меңгерушiсi кабинеттi
мектептiң оқу жоспарына сəйкес пайдалануын қамтамасыз етедi,
кабинеттi жабдықтаудың алдағы уақыттағы жоспарын жасай-
ды. «Тiзiмге» сəйкес оны жабдықтауды, оқу-əдiстемелiк көрнекi
құралдармен жəне оқыту техникалық құралдарымен толықтыру ша-
раларын жасайды, сонымен қатар кабинеттегi бар жабдықтар мен
есептеуiш техника құралдарының сақталуын жауапкершiлiкпен
қарайды [14]. Кабинет меңгерушiсi инвентеризациялық жазу жур-
налын жүргiзуге, жабдықтардың қолдануға əрқашан даяр тұруын,
ЕТ профилактикалық техникалық қызмет көрсетуiнiң өз уақытында
жəне ұқыпты болуын, ДЭЕМ-ның iстен шығу жағдайында оларды
тiркеу жəне жөндеуiн ұйымдастыру, ЕТК-да санитарлық-гигиеналық
талаптар жəне қауiпсiздiк техникасына қойылатын талаптарды
қолдауды өз жауапкершiлiгiне алады.
Кабинет меңгерушiсi ЕТК-де оқушылармен өткiзiлетiн оқу,
үйiрме, қосымша сабақ жəне басқа сабақтарды жоспарлауға
қатысады; сабақтың барлық түрлерi мұғалiмнiң қатысуымен өтуi
мiндеттi. Кабинет меңгерушiсi ЕТК-де сабақ өткiзетiн мұғалiмдердiң
алғашқы жəне мерзiмдi қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi нұсқауын өз
уақытында жүргiзуiн қадағалауды жауапкершiлiгiне алады. Алғашқы
нұсқауда мұғалiм оқушыларды кабинеттегi тəртiп ережелерiмен,
қауiпсiздiк техника ережелерiмен жəне еңбек гигиенасымен, жұмыс
кезiнде кездесiп қалатын қауiптi кезеңдер жəне оған сəйкес сақтану
шараларымен таныстырады. Алғашқы нұсқау дəріс, əңгiмелесу
түрiнде өткiзiледi. ЭЕМ-де жұмыс iстеу алдындағы нұсқау алғашқы
нұсқауды толықтырады, оның мақсаты – оқушыларды жұмыс ор-
нын дұрыс ұстап жəне ұйымдастыру талаптарымен, қауiпсiз жұмыс
177
əдiстерiмен жəне қорғаныс құралдарын қолдану ережелерiмен,
нақты жұмыс кезiнде мүмкiн болатын қауiптi кезеңдермен, жұмыс
атқарушының өз жұмыс орнындағы мiндеттерiмен, сонымен қатар
қауiптi жағдайлар туғанда өзiн-өзi ұстау ережесiмен таныстыру бо-
лып табылады. Жұмыс орнындағы мерзiмдi нұсқау қысқаша болуы
керек, нақты нұсқау жəне керектi жағдайда жұмысты дұрыс жəне
қауiпсiз орындау тəсiлдерi қоса көрсетiлуi керек. Оқушылармен
өткiзiлген нұсқау мəлiметтерi арнайы журналға жазылады (1-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |