М
Е
Ң
Ж
І
Н
Р
Е
Ы
Н
З
О
Л
Д
Н
А
Ш
Т
Е
І
Т
І
Қ
Ұ
Ж
А
Р
Н
Ə
М
Жауабы: Меңзер, құжат, нышан, жиектеме, үтір, байрақ, файл,
перне, принтер, пернетақта, көшіру, тізім, тасымалдау, жол, мəтін,
сақтау, үзінді.
Мысалы. Информатика пəні бойынша оқушылардың білімін
бақылау үшін ақпараттық диктант жазғызуға болады. Ол үшін
компьютердің құрылғыларының аттары қағазға жазылып қара
жəшікке салынып қойылады. Оқушылар диктант жазып болғаннан
кейін қара жəшікті ашып, бірін-бірі тексеріп, бақылау парағына
сəйкесінше бағаларын қояды.
Ақпараттық диктанттың нұсқасы:
1-нұсқа:
1. Графикалық жəне мəтіндік ақпаратты бейнелеуге арналған
компьютердің құрылғысы (монитор).
204
2. Ақпаратты енгізуге арналған оптикалық құрылғы (сканер).
3. Цифрлық форматта бейнесуреттерді алуға мүмкіндік беретін
ақпаратты енгізу құрылғысы (цифрлық камера).
4. Ойын манипуляторы (джойстик)
5. Ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғы (прин-
тер).
2-нұсқа.
1. Сандық жəне мəтіндік ақпаратты енгізуге арналған құрылғы
(пернетақта).
2. Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (микрофон).
3. Күрделі графикалық объектілерді шығаруға арналған құрылғы
(плоттер).
4. Телефон желісі арқылы компьютерді басқа компьютерлермен
байланыстыру үшін қолданылатын құрылғы (модем).
5. Ақпаратты магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы
(стример).
Мысалы. «Ең көп кім?» ойыны белгілі бір уақыт шеңберінде сұрақ
қою арқылы оқушылардан тақырыпта қолданылатын терминдерді
көбірек атау талап етіледі. Ойын материалдың меңгерілген көлеміне
байланысты 3 немесе 4, өте сирек жағдайда 5 деген баға қойылады,
себебі теориялық білімінің болуы оқушылардың оны практикада
пайдалана алатынын білдірмейді.
Оқушының үйінде жасаған ең жақсы сөзжұмбаққа жарыс
ұйымдастырылады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар
арнайы əдебиеттермен жұмыс істей отырып, терминдерді үйренеді.
Сөзжұмбақтарды бағалауда мұғалім оқушылардың сөзжұмбақ
құрастыруда торын əдемі жəне симметриялы жасағанын,
сөзжұмбақтағы сөздердің екі немесе одан да көп əріпте қиылысуы
сияқты нəрселер ескеруі қажет.
Қорытындылау сабағында оқушының өткен тақырып шегіндегі
қалыптасқан түсінік аппараты, дағдысы мен біліктілігі тексеріледі.
Ол үшін сынып кездейсоқ таңдау қағидасы бойынша ұсақ топтарға
бөлінеді, ол топтарға теориялық жəне тəжірибелік тапсырмалар
беріледі. Ұсақ топтар алдымен «мəтінді толықтыр...» сияқты тап-
сырмаларды орындайды, содан кейін олар мұғалім қоятын сұрақтар
турниріне қатысады. Тапсырманың тəжірибелік бөлігін ұсақ
топтардың бірнеше мүшелері бірігіп орындайтын тəжірибелік тап-
сырмалар құрайды. Мұғалім тапсырмаларды орындау нəтижелерін
кезеңмен бағалайды.
205
3. Сонымен қатар, информатика бойынша емтихандар алу үшін
емтихандық реферат түріндегі тапсырмалар ұсынылады. Реферат
тақырыбы мұғаліммен келісіледі жəне ақпараттық технология мен
компьютерлік техниканың қазіргі жетістіктері ашылып көрсетілуі
керек. Реферат мазмұнын бағалау критерийі тақырыпты ашудың
қиындығы мен толықтығы, оқушының материалды дұрыс, ойланып
топтауы болып табылады.
4. Жоғарғы сыныптарда информатикадан білім бақылауды жоба-
ны қорғау түрінде өткізуге болады. Жобаның тақырыбын мұғалім
береді немесе оқушының өздері ұсынған тақырыптардан алынады.
Жоба келесі бөлімдерден тұрады: есептің қойылымынан; ортаны
таңдаудан; жоба сызбасынан (есептің алгоритмінен); жоба туралы
қысқаша есептен (қатты көшірмеден). Жобаны қорғауды бағалауда
жоғары бөлімдердің қамтылуы есепке алынады.
Білімді бақылаудың қазіргі құралдарының біріне бағалаудың
рейтингтік жүйесі мен портфолио жатады, олар жинақтаушы жүйеге
мысал бола алады: немесе балдар, немесе белгілі бір пəн саласында
жетістікке жетуді растау.
Оқушылардың білімін бақылау бағалаумен тығыз байланыс-
ты. Сонымен қатар, бұл оқушының білімін бақылаудың қажетті
элементі болып табылады. Бағаның дұрыс, əділ қойылуы оқушының
болашақта сабаққа дайындалуына, оның алатын білімінің сапасына
да əсер етеді.
Білімді бағалау барысында оқушының оқу материалдарын
білуінің сапалық сипаттамасын, атап өтсек, оқушының нақты білімі
мен біліктілігінің болуын, оның толықтығын, беріктігін, əртүрлі
жағдайдағы тəжірибеде пайдалана алуын, терминологияны жəне
өзіндік əдісін көрсету мен жазуын білуін ескеру қажет.
Бағалаудың нəтижесі ауызша жауап беру немесе жазбаша
жұмыс кезінде қатені қаншалықты жібергеніне байланысты болады.
Ағаттықтардың ішінен жіберген қателерді, кемшіліктерді жəне ұсақ
қателерді бөліп көрсетуге болады.
Егер ағаттық оқушының негізгі білімі мен біліктілігін жəне оны
өзінің іс-əрекетінде пайдалана алмағанын көрсетсе, онда ол қате бо-
лып саналады.
Оқушының негізгі білім мен біліктілікті берік түсінбегендігін не-
месе бағдарламаға байланысты негізгі болып есептелмейтін білімінің
жоқтығын көрсететін ағаттық кемшілікке жатады. Сонымен қатар,
206
қате болып саналатын, бірақ тек бір ғана жағдайда жіберілген жəне
екінші ұқсас жағдайда жіберілмеген қателік кемшілік болып сана-
лады. Кемшілікке зейінсіздікпен немесе жауапкершілік аз түсіндіру,
ұқыпсыз жазу жатады.
Ұсақ қателерге ауызша жəне жазбаша жауап беру барысында
берілген мағынасыз жауап немесе нəтиже, кездойсоқ жаңылыс жа-
зулар жəне т.с.с. жатады.
Ағаттықтағы қателік, кемшілік жəне ұсақ қателерге байланыс-
ты сұрақтарды мұғалім оқытудың қазіргі кезеңіндегі мəліметті
түсінуіне қойылатын талаптарға байланысты шешеді.
Қателерге, мысалы: алгоритмдік тілдің қызметтік сөздерін
дұрыс пайдаланбау; аргументтерді жəне нəтижені қате көрсету; бір
мағыналы типтің ұзындығын екінші типке дұрыс қоспау; алгоритмді
орындау барысында командалардың орындалу ретін бұзу т.с.с. жа-
тады.
Кемшіліктерге мысалы: алгоритмдік тілдің қызметші сөздерін
тастап кету немесе дұрыс жазбау; аралық ұзындықтарды толық си-
паттамау; құрамдас командалардың шартын тексеру барысында кет-
кен кездейсоқ есептеуіш қателер; алгоритм жазбаларының ұқыпсыз
орналасуы жəне т.с.с. жатады.
Егер бір қате (кемшілік) бірнеше рет кездессе, онда ол бір қате
(бір кемшілік) ретінде қарастырылады.
Сызып тастау жəне қатені түзетуді қате деп санаудың қажеті жоқ.
Егер жауаптың мазмұны сұрақпен сəйкес келсе, берілген жауап
оқушыда қажетті теориялық білім мен практикалық біліктіліктің бар
екенін көрсеткен жағдайда, соңғы нақты жауап дұрыс шешу бары-
сында берілсе жəне ұқыпты жазылса тапсырма толық, өте жақсы
орындалды деп есептеледі.
Егер оқушы тапсырманы орындауға кіріспесе жəне тапсыр-
маны орындау барысында қателіктер жіберсе, онда тапсырма
орындалмаған болып есептеледі.
Оқушының тақырыпты түсінгендігіне баға барлық алынған белгі
негізінде қойылады. Негізгі баға оқушының қорытынды бақылау
жұмысында алған бағасына жəне оқушының барлық тақырып бо-
йынша жүргізілген қорытынды сабақта берген жауабына байланыс-
ты қойылады.
Тақырыптық баға қою барысында алдын қойылған бағаны
оқушы тақырыптық бақылау жұмысының нəтижесінде алған
207
бағасымен растамаса мұғалім ол бағаларды ескермеуге болады
(мысалы, білім мен біліктілікте жіберген қателіктеріне байланысты
алған қанағаттанарлықсыз баға).
Жылдық баға оқушының жылдың соңында алған білімінің нақты
деңгейін көрсету керек.
Білім беру үдерісінде мұғалім қойылған бағаны мемлекеттік
білім беру стандартында қалыптасқан критерийлер негізінде
түсіндіруі қажет.
Қазақстанның мектептерінде білімді бағалаудың бес баллдық
жүйесі қалыптасқан.
Төменде көрсетілген бағаның келесі қағидаларын пайдалануға
болады.
Жаратымды бағалар («3», «4», «5») оқушы бағдарламаның
негізгі материалын білетіндігін көрсеткен жағдайда қойылады. «5»
бағасы 1-2 ұсақ қате кеткен жағдайда немесе сұраққа өте жақсы жа-
уап берген жағдайда қойылады, ал «4» – оқушы жауап бергенде 1-2
кемшілік жіберген жағдайда қойылады. Қанағаттанарлықсыз баға
оқушы бағдарламаның негізгі материалын түсінбегендігін көрсеткен
жағдайда қойылады.
Бекітілген баға қоюдың критерийлерін нақтылауды келесі жол-
мен жүзеге асыруға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |