8-ТАРАУ
ИНФОРМАТИКАНЫ ҚОСЫМША ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ
8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар
Жалпы білім беретін мектепте əр уақытта оқытудың дəстүрлі
түрлерінен басқа үнемі түрлі үйірмелер, клубтар, сонымен қатар
олимпиадалар мен конкурстар қолданылды. Оқушылардың пəнге
деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қосымша оқу-
зерттеу жұмыстарының əр түрлерін қолдану оқытудың маңызды
компоненті, ал көп жағдайда – дамыту жəне тəрбиелеу болып та-
былды. Балаларды қосымша оқыту мектеп қабырғасында ғана емес,
басқа да əртүрлі қосымша (мектептен тыс) білім беретін мекеме-
лерде, атап айтсақ, сарайлар, орталықтар, мектептер, студиялар, ба-
лаларды сауықтыру-бiлiм беру лагерьлерінде жəне т.б. іске асыры-
лады. Балаларды қосымша (мектептен тыс) оқыту жүйесі əлемде
ұқсас емес отандық білім беру жүйенің дəстүрі болып табылады.
Қосымша оқытудың қазіргі заманғы түсінігі – қосымша
білім беру бағдарламаларын іске асырудың көмегімен оқыту мен
тəрбиелеудің мақсатқа сай үдерісі, қосымша білім беру қызметін
көрсету жəне білім-ақпараттық іс-əрекетті негізгі білім беру
бағдарламаларының ауқымынан тыс мемлекеттің, қоғамның,
адамның қызығушылықтарын ескере отырып іске асыру. Бала-
ларды қосымша оқытудың негізгі мақсаты тұлғаны, оның əр түрлі
бағыттағы танымға деген мотивациясын жəне шығармашылық іс-
əрекетін дамыту деп есептеуге болады.
Балаларды қосымша оқыту келесі принциптерге сəйкес іске асы-
рылады:
– балалардың өзіндік қызығушылығына, бейіміне жəне
қабілетіне сəйкес қосымша білім беру мекемелері мен қосымша
білім беру бағдарламаларын еркін таңдап алуы;
– балалардың əр түрлі қызығушылықтарын қанағаттандыратын
қосымша білім беру бағдарламаларының əр алуандығы;
– қосымша білім берудің үздіксіздігі, қосымша білім беру
бағдарламаларының сабақтастығы, меңгеру үдерісінде оларды
үйлестіру жəне түзету мүмкіндіктері;
214
– баланың жеке дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау;
– балалар мен педагогтардың шығармашылық ынтымақтастығы;
– балалардың физикалық жəне психологиялық денсаулықтарын
сақтау.
Балаларға қосымша білім беру мемлекеттік стандартқа
бағынбайды. Оның мазмұны балалардың, ата-аналардың, басқа
əлеуметтік
институттардың
əлеуметтік
тапсырыстарымен
анықталады. Қосымша білім беру бағдарламаларының құндылығы,
олар саралап жəне вариативті білім беруге, баланың мұқтаждығы мен
қызығушылығына сəйкес жеке даму бағдарын жасауға мүмкіндік
туғызуында.
Қосымша білім беру жүйесінде əр түрлі деңгейдегі қосымша
білім беру бағдарламаларының саны өте көп (500-ден артық): да-
мытушы, оқытушы, сабақтастырылған, зерттеуші жəне т.б. олардың
көпшілігі компьютер мен əр түрлі программалық жабдықтауды
қолдануды ұсынады. Қосымша білі беру бағдарламаларын шартты
түрде ұзақтығы мен қиындығына қарай төрт деңгейге бөлуге бола-
ды:
1. Іздестіру-диагностикалық білім беру бағдарламалары. Кез
келген жастағы балаларға жəне уақыты бойынша орташа алғанда
жарты жылға есептелген. Олар балалардың қызығушылық бағытын
анықтауға мүмкіндік береді.
2. Теориялық-бағытталған білім беру бағдарламалары. Таңдап
алынған сала бойынша өз бетімен шығармашылық іс-əрекетке өтуге
мүмкіндік береді жəне 2-3 жыл аралығында іске асырылады. Орта
жəне жоғарғы жастағы оқушыларға арналған.
3. Кəсіпке дейінгі (кейде бастапқы кəсіби деп те атайды) білім
беру бағдарламалары. Соңында сертификат беріліп, 2-5 жыл
аралығында іске асырылады.
4. Эвристикалық (ғылыми-зерттеу) білім беру бағдарламалары.
Жоғарғы оқу орындарымен бірлесе отырып басынан жоғарғы білім
алуға бағыттай отырып, 2-9 жыл аралығында іске асырылады.
Жалпы білім беретін мектептерге «Информатика мен есептеуіш
техника негіздері» пəнін енгізу үйірме мен клуб жұмыстарының
техникалық бағытын едəуір кеңейтті. Компьютерлік клубтар
пайда бола бастады, олар екі бағытта: программалық жабдық
пен компьютердің жұмыс істеу принциптерін жан-жақты оқуға
тілек білдірушілер үшін, сонымен қатар компьютерлік ойын-
215
дар əуесқойлары үшін жұмыс істеді. Компьютердің жұмыс
істеу принциптерін оқыту алғашқы кезеңде программалау
негіздерін оқытуға бұрды, ол программалаушылық бағытты (мек-
тептер мен балалар шығармашылығы орталықтарында «жас
программалаушылардың» əр түрлі үйірмелері) дамытуға əкелді.
Мектеп информатикасына он жылдан кейін қосымша жұмыстың
тағы бір бағыты – қызметтің əртүрлі саласында тиімді жұмыс жасау
құралы ретінде компьютерді (ақпараттық жəне коммуникациялық
технологияларды) қолдану қосылды.
Балалар мен үлкендердің жаңа техникаға тəуелді пəнге де-
ген қызығушылығының артуы оқытудың дəстүрлі түріне елеулі
əсер етті, клубтар мен үйірмелер сабаққа ұқсас болды. Оқытудың
əртүрлі мəселелерін шешуде компьютерді қолдану, ақпараттық
жəне коммуникациялық технологиялар негізінде оқытуды
ұйымдастырудың жаңа тиімді түрлерін дамытуға итермеледі. Оқу іс-
əрекетінің (жобалар, жеке практикумдар, ынтымақтастықта оқыту,
əр түрлі деңгейдегі оқыту жəне т.б.) жекеше, топтық жəне ұжымдық
түрін дамытудың жаңа векторын алдық.
2005 жылдан бері балаларды қосымша оқыту мекемелерін
ұйымдастыру жергілікті басқару ұйымдарының құзырына кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |