дәстүрлі пікірлер мен дәйекті болжамдар демеулікті үдетті. Өркениет кезінде
адамгершілік тәртібі мен тәжірибесі алдымен сынға ұшырады, солай болса да
адамгершілікке, тектілікке негізделген қарым-қатынас көркейді, тағзым
күшейді. Адамгершілікке бет бұру - ізгі жүрек ізгілігінен, туған жері, еліндегі
тұма бастаулар мен мінез ерекшеліктерін іздестіруге ұйытқы болды. Ал ойлы
іс-әрекет еркіндігі, көркемдік және ғылыми-философиялық шығармашылық
қарқынының ауқымдануы - адам болмысына және ел бірлігіне деген
қызығушылықты арттырды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, дастанның идеялық
композициясы төрт ұлы ұғымнан, төрт қымбат қасиеттерден: 1) шындық
жолы, Әділет; 2) құт пен ырыс, Дәулет; 3) Ақыл менен парасат; 4)
ұстамдылық, Қанағат ұстанымнан құрастырылуы тегін емес. Ж.Баласағұн
ұстанымында мұндай жеке кісілік қасиеттер бір-бірімен тұрақты үйлескен.
Достарыңызбен бөлісу: