Бухгалтерлік есеп


V. БӨЛІМ. КАПИТАЛ МЕН РЕЗЕРВТЕР



Pdf көрінісі
бет203/243
Дата22.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#26137
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   243
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

V. БӨЛІМ. КАПИТАЛ МЕН РЕЗЕРВТЕР
 
Бұл  бөлімнің  пассивті  екені  және  5  (№  50,  51,  52,  53,  54) 
бөлімшелерден  тұратындығы  кестеден  көрініп  тұр.  Капиталдың 
түрлері пассив болып табылады, өйткені ол шаруашылық құралдар, 
ақша қаражаттарының  және т.б. пайда болу көзін бейнелейді. 
Капитал элементтерінің пайда болуын (есептелуін) қараймыз.
Бұл  жағдайда  олар  кредит  бойынша  өтеді.  Бұл  жерде  біз  капи-
талдың  қандай  элементтерден  ұйымдастырылатынын  немесе  ол 
қандай баптарға алып барылуына назар аударуымыз керек.
а)  Капиталды  жариялаудан  (тіркеуден).  Бұл  шаруашылық 
операциялар  №  5  «Капитал  мен  резервтер»  бөлімінің  пассивті 
шоттарында  бейнеленеді.  Жарияланған  капитал  құрылтайшылар 
мен  қатысушылардың  салымдары  есебінен  жарияланатындықтан, 
шаруашылық операция № 5010 шоттың  кредитінен № 5020 шоттың 
дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
   Дт                                Кт                               Құжаттар
 
5020            —              5010                   Құрылтай құжаттары,  
                                                      жалпы жиналыстың хаттамалары
Жазудың  дұрыстығын  тексереміз:  дебеттік  жағында  тек  қана 
пассивті  шот  орналасқан.  Бұл  жағдайда  баланстың  пассивінде  тек 
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын 
алады.  Бір  жағынан  жарғылық  капитал  жарияланады  (тіркеледі), 
екінші  жағынан  бір  мезгілде  сол  сомаға  оның  пайда  болу  көздері 
бойынша  міндеттемелер  келіп  шығады.  Бұл  жағдай  жазудың  дұ-
рыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет