68
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және есеп беру
туралы ережелерге сәйкес, кәсіпорын жыл сайын мүліктің, оның
ішінде кассадағы қолма-қол ақшаның түгендеуін жүргізіп отыруы
тиіс. Түгендеу кезінде бухгалтерлік есептегі мәліметтер мен қолма-
қол ақшаның нақты мөлшері арасындағы айырмашылығы төмендегі
тәртіппен реттеледі.
Ақша қаражаттарының артығы кіріске алынып және қаржылық
нәтижелерге апарылуға жатады. Есепте артық сомаға № 1010 шоттың
дебеті мен № 6280 «Басқа да кірістер» шотының кредиті бойын-
ша проводка жазылады. Кейін артық ақша мен айыпты тұлғалар
анықталады.
Ақшаның кем шығуы айыпты тұлғалардың есебіне апарыла-
ды. Егер олар анықталмаған немесе олардан өндіру жөнінен сот
талап арызын қанағаттандырмаған жағдайда, залалдар өндірістің
шығындарына (№ 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотының дебеті мен
№ 3540 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» шотының кредиті бой-
ынша) проводка арқылы шығыс етіледі. Кем шығулар сомасына мына
проводкалар: № 3540 шоттың дебеті мен № 1010 шоттың кредиті бой-
ынша, ал ақша төлеу кезінде № 1010 шоттың дебеті мен № 3540 шоттың
кредиті бойынша жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: