Ұлы дала ақын-жырауларының тағылымдық МҰралары


ІІ тарау. ЖЫРАУЛАР МҰРАСЫ – ДӘУІР  ШЫНДЫҒЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет5/30
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Elubaeva Akin Jirau

ІІ тарау. ЖЫРАУЛАР МҰРАСЫ – ДӘУІР  ШЫНДЫҒЫНЫҢ 
КӨРІНІСІ 
 
Қай  халықтың  болмасын  дәуірлік  мәні  бар  мәдени  мұрасы  мен  рухани 
байлығының өсіп-өркендеуі аса күрделі құбылыс.  
«Өткенін білмеген, халқының қадірін білмейді» демекші, қазақ халқының 
да өзіне тән тарихи басынан кешкен кезеңдері, өрлеу сатылары, әрбір дәуірге 
лайық мәдени мұралары, тағылымды қазыналары болған. Халқымыздың рухани 
дүниесі  –  асыл  мұраларымыз  салиқалы  сөздермен,  өнегелі  өсиеттермен, 
ақиқаты  мол  аңыз-әңгімелермен,  даналық нақылдармен, ақын-жыраулардың 
жыр жолдарымен байып отырған.  
Осы  асыл  мұраларымыз  өзінің  бүгінгі биігіне талай асу, қиялардан өтіп, 
сан  қилы  тарихи  оқиғалардың  сәулесін  бойына  сіңіріп,  ұлттық  сипатта 
қалыптасқан. 
Белгілі  жазушы  Ғ.Мүсірепов:  «Қазақ  халқы  бар  тарихын  көше  жүріп 
өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға 
алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күй мен жырын бізге жеткізді. Бұл – 
бәрімізге де қымбат мұра, бай қазына»
10
, – деп өте әділ бағалаған.  
Тарих тылсымына тереңдей бойлап, халық зердесіне байыптай үңілсек, әр 
дәуірде өлмейтұғын артында із қалдырған қайталанбас тұлғалардың кейінгі жас 
ұрпаққа мирас болған асыл қазыналары мен құнды деректері барлық адамзатқа 
ортақ  заман  ағымының,  тарихи  жағдайдың,  елдің,  жердің,  адамгершіліктің 
танымдық  құралы,  рухани  игілігі  болған.  Бүгінгі  күнде  қаламынан  қастерлі 
жыр,  даналығынан  ұлағатты  сөз  туған  ақын-жыраулар  поэзиясындағы                    
мән-мағыналы,  үлгі-өнеге  мен  игі  дәстүрлер  ғасырлар  озған  сайын  құны 
жоғалмай, қайта арта түсетін рухани азық болып отыр. 
Ақын-жыраулар  мұраларында  елдің  ел  болу  тарихы,  шежірелі  жайлары 
кеңінен қамтылған. Олар ел өміріндегі күрделі тарихи оқиғаларға үн қосып, өз 
заманының көкейкесті мәселелерін суреттеп, үнемі халық жанынан табылып, ел 
болашағы үшін замана салмағын өз жырларына арқау еткен. Бұл жөнінде заңғар 
жазушы М.Әуезов: «Ақын-жыраулардың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса 
да, көптің жайы туралы айтылады»
11
 – деген. 
Жыраулық  поэзия  –  халқымыз  бастан  кешкен  тарихи  ірі  оқиғалардың 
көркем шежіресі. Ел тұрмысының сан алуан қырларын қамтып бейнелеуге әр 
кез елеулі үлес қосып отырған асыл мұра. 
Мәселен, Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанында қазақ халқының 
XVIII  ғасырдағы  «ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұлама»  атанған  зұлмат 
күндерінің  көрінісі  қалмақ  әскерлерінің  басқыншылық  жорықтары, 
Қожабергеннің өзі көрген тарихи деректі оқиғалар жырланған. 
Ақынның дастаны халқымен, халықтың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін 
арпалысқан сардарлармен, сарбаздармен амандаса отырып: 
Ассалаумағалейкум, халқымызға, 
Кейісті көріп тұрған жалпыңызға. 
 


10 
 
Қатал жау тұс-тұс жақтан шабуылдап, 
Келтірді үлкен нұқсан салтымызға. 
 
Ассалаумағалейкум, сардарларым, 
Жұрт үшін ерлік еткен дегдарларым. 
Кеңесіп дұшпандардан ел қорғаңдар, 
Кетпесін жау қолында мал-жандарың. 
 
Ассалаумағалейкум, сарбаздарым, 
Болашақ көпке тұтқа маңғаздарым. 
Бабаңның біз сияқты жырын тыңдап, 
Осыдан жағдайды ұқ, сарбаздарым
12
 –  
деп  ел  бүтіндігін,  береке-бірлігін,  туған  жер,  атамекенін  қорғауға  үндеуден 
басталады.  
Орыс елі мен Қытайдың қолдауымен қанышер қалмақ қазақ елін қасіретті 
соққыға душар етті. Оны жырау: 
Алтын, күміс мал беріп аямай-ақ, 
Көршілес екі ірі елден білгір жалдап. 
Сыбан Рабтан ден қойып өнерпазға, 
Ғаскерін үйреттірді он жыл қамдап. 
 
Болмаса қалмаққа өнер қайдан келсін, 
Тетігін дәу мылтықтың қайдан білсін. 
Осындай мол жабдықпен келіп шапты, 
Дегендей қайратымды қазақ көрсін. 
 
...Қырғызып қазақтарды қалмақтарға, 
Орыстар қамалдарын салып жатты. 
...Көк шалғын қазақ жерін қанға бояп, 
Жауыздар сахарамда асыр салды –  
деп баяндаған. 
Сібірдегі  Енесай  өзені  алқабы,  Алтай,  Тарбағатай  таулары,  ежелгі  Еділ 
аралығындағы кең-байтақ даласы, Жетісу, Іле, Еділ, Ертіс, Қобда өзендерінің 
атыраптарын  тұтастай  жаулаған  қалмақ  басқыншылығының  деректі  толық 
суретін  күйзеле  жырлаған.  Дастандағы  тарихи  деректілік  арқылы  Қазақ 
даласына жасалған қанды жорықтардың арғы тарихынан да қанығамыз.  
Сегіз жүз тоқсан бес мың жаудың қолы, 
Доп атқан дәу мылтықпен аршып жолды. 
Айнала қазақ жерін жаулап алып, 
Халқыма аямастан құрды торды. 
Көп жылғы мол дайындық арқасында, 
Паналай дәу мылтықтың қалқасына. 
Екпіндеп ілгерілеп жетті жаулар, 
Қаратау, Сыр менен Шу, Балқашыңа. 


11 
 
Екінші  кезеңі  –  Кердері  (Арал)  теңізі  аймағындағы,  Қаратау,  Сыр 
бойындағы, Шу мен Балқаш өңіріндегі халықты да жаудың басып алғандығы 
сөз болған. 
Түркістан, Ташкент, Шымкент, Сайрам, Созақ, Тараз қалаларын да басып 
алған  жаудың  тағылық  қылықтары  ызалы  кек  тілімен  жырланады.  Әсіресе, 
бүкіл түркі халықтарының қасиетті мекені Түркістанның жаудың қол астына 
қарағанына ашынады. 
Дастанда  қалмақтардың  тарихи  жеңістерін  қамтамасыз  еткен  бірнеше 
жағдайлар шынайы суреттеледі. 
Мәселен,  қазақ  хандығындағы  мемлекеттік  құрылымның  әлсіздігі.  Ол 
туралы ғалым М.Мағауин: «ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басында 
Қазақ Ордасы үшін ең қатерлі кезеңде үш миллион халықтан тым құрыса үш 
жүз  мың  әскер  жасақтай  алмау  –  Орданың  әскери  ахуалының  мүлде  кері 
кеткенін көрсетеді»
13
,
 
– деген. 
Қалмақ  басқыншыларының  жеңіске  жетуіне:  қазақ  хандығының  саяси-
әлеуметтік,  экономикалық  тұтастық  құрылымын  басқаратын  мемлекеттік 
біртұтас  жүйенің  болмағандығы;  ел  ішіндегі  қожалардың,  төрелердің, 
сұлтандардың сатқындық қылықтары; түркі тұқымдас халықтардың дұшпандық 
қарым-қатынастарда  болғандығы  (Қоқан,  Хиуа,  Бұқара  хандықтары  қару-
жарақтарын  қазаққа  сатпай,  қалмақтарға  берген);  оңтүстіктен  түрікмендер, 
қырғыздар, Еділ жақтан башқұрттар (Естек) шабуылдағанының ықпалы болды. 
 
Жау болды ағайын ел Естек бізге, 
Жасады ол да жорық елімізге. 
Қоқан да күнгей беттен қоқаңдайды,   
Соқтықпақ ойғыр, қырғыз тағы бізге. 
Мұсылман көмектеспей, мұсылманға, 
Бермеді қару жәрдем қысылғанда. 
Түрікпен, Қоқан, Хиуа, Бұқар жау боп 
Жат болды өзбек, тәжік, дін исламға –  
деген шумақтардан сол кездегі қазақ елінің ішкі, сыртқы жағдайын тану қиын 
емес. 
Қазақ ұлтының табиғи, шынайы бітім-болмысы, тұрмысы, мінез-құлқы – 
бәрі де ақынның шындық жырымен өрнектеледі. 
Дастанда бет-бетімен бас сауғалап есеңгіреген ел зары, шер-мұңы, ызасы 
мен кегі, ар-намысы, келер күнге сенімі бейнеленген.  
Асынған құтты болсын жарақтарың, 
Жырыма құлағың сал, қарақтарым. 
Шабуылы жау қалмақтың күшті екен деп, 
Кетпеңдер жаудан қорқып, тарап бәрің, – 
деп  бас  сауғаламай,  азаматтардың  атқа  қонуын  тілеп,  халықты  бірлікке 
шақырған.  Жауынгер  қолбасшы  атқа  қонып,  қалмаққа  қарсы  қолды  өзі 
басқарады.  


12 
 
Ақын-жыраулардың  өзі  өмір  сүрген  заманның  басты  мәселелерін 
қаншалықты  айқын  танып,  рухани  байлықтың  дамуына  қаншалықты  үлес 
қосқанын  және  мұраларының  қоғамдағы  орнын  халқымыздың  тарихымен 
ұштастыра қарастырған ағартушы-педагог М.Жұмабаев: «...өз заманының өмір 
шындығынан  із  қалдырған  белгілі  бір  авторлары  бар,  авторсыз  жалпы  ауыз 
әдебиетінен өзгеше, фольклордан жазба әдебиетке көшу сатысындағы әдебиет 
болады.  Сондықтан  жыраулар  мұраларын  тарихи  әдебиеттің  басы  деп 
қараймыз»
14
 – деп ерекше бағаласа, ғалым Ә.Дербісәлин: «Қазақ поэзиясының 
ХV-ХVІІІ ғасырлардағы кезеңін тұтастай бағалар болсақ, ол фольклордан жеке 
авторлардың  алғаш  бөлініп  шыққан  кезінен  бастап  жазба  әдебиет  туғанға 
дейінгі екі ортадағы өткінші кезең, өзіндік туу, іздену, өрлеу жолы бар жанды 
әдеби процесс»
15
 –деп сипаттаған. Зерттеуші Қ.Өмірәлиев: «Бұл табиғи дарын 
иелері  қай  замандарда  да  болып  отырған.  Олар  қазақ  халқының  ауызша 
әдебиетін  –  көшпелі  халықтың  жазба  әдебиетке  дейінгі  жердегі  поэзиясын 
жасады»
16
  –  деген.  Шындығында,  заман  талабына  сай  жыраулар  өзінің 
көріпкел, болжағыштық, дана-кемеңгерлік қасиеттері арқылы әр кезеңде белгілі 
бір ханның қысылғанда кеңес сұрар ақылгөй жыршысы, салауатты биі болған. 
Мәселен, көне дәуірде Қорқыт ата мен Дерсе яки Баяндүр хан, Ұлық жыршысы 
мен Шыңғыс хан, бертінгі Сыпыра мен Тоқтамыс, Асан Қайғы мен Жәнібек, 
Шалкиіз бен Би Темір, Жиембет, Марғасқа жыраулар мен Есім хан, Үмбетей 
мен  Абылай  хан,  Бұқар  мен  Абылай  хан  арасындағы  қарым-қатынасты 
бейнелейтін жырлар пікірімізді дәлелдейтін тарихтың көркемделген беттері. 
Әр 
дәуірдегі 
ақын-жыраулар 
ел-жұртының 
басына 
түскен 
ауыртпашылықтарға ортақтасып, қайғы-қасіреттерін мұңды-сазды әуендермен 
зарлана-шерлене  толғаған,  негізгі  сарыны  замана  күйі  болды.  Олардың 
толғаулары  арқылы  тарихқа  да  болжам  жасауға  болады  (жоңғар 
басқыншылары, отаршылдық кезең, әлеуметтік-экономикалық жағдаяттар т.б.). 
Мәселен,  Асан  Қайғы  жырларынан  қазақтың  алғашқы  ханы  –  Жәнібек, 
қазақ  халқының  құралу  кезіндегі  елдік,  мемлекеттік  мәселелер,  сол  кездегі 
Қазақстан жерін мекендеген ру-тайпалар тірлігі, қоныс аударудағы ішкі тартыс, 
қиындықтар ізін көресіз. 
Ал, Жиембет жыраудың: 
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, 
Қаланың қасы бүлгенде 
Сұлтандар суға сылаған, – 
деген өлең тармақтарынан-ақ жау кім, не үшін, қай кездегі оқиға  басшылары 
кім екені жайында нақты мәліметтерді байқауға болады. 
Жалпы,  қоғамдағы  рухани  байлықтың  бәрінде  халықтың  жандүниесін, 
таным-нанымын,  талғам-талабын,  арман-тілегін  сезіп,  соған  орай,  заман 
жайында түйгендері, мораль, этика хақындағы ой-толғаныстары, әлем, болмыс, 
тіршілік,  табиғат  сырының  мән-мағынасы,  адам  өмірінің  әр  кезеңі,  олардың           
іс-әрекеті, адамгершілік қасиеттері негізге алынып, атамекенді сүю, ардақтау 
арқылы ұрпақтарын отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуге 
мән берген.   


13 
 
Тіпті  жазу-сызуды  білмеген,  ғылым  мен  мәдениеттен  мешеу,  тайпалық 
дәуірдің  өзінде  де,  өз ұрпақтарын өмірге бейімдеп тәрбиелеу халық өмірінен 
өзекті орын алған. Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский: «Адамды табиғат 
жаратқанымен, оны өсіріп, тәрбиелейтін – қоғам»
17
, – деп өте орынды айтқан.  
Түркі  халықтарының  біразына  ортақ  ойшыл,  ғұлама-ғалымдар  өз 
шығармаларында  ел,  жер,  Отанды  сүю,  ар-ождан,  намысты  қорғау,  ғылым, 
білімді халық игілігіне жұмсау сияқты ұлттық рухтың өзекті мәселелеріне мән 
бере суреттеген. 
Қазіргі  қазақ  жерін  мекен  еткен  туыстас  түркі  тайпалары                                
V-ХІV  ғасырлар  да  ұлттық  жікке  бөлінбеген.  Сондықтан сол  кездегі мәдени 
мұралар  (әдеби)  туыстас  халықтардың  бәріне  ортақ,  бәрінің  де  қазіргі 
әдебиетінің басы болып есептеледі. Қазақ, қарақалпақ және ноғай халықтары 
бірге  өмір  сүрген  кез  жыраулық  поэзияның  алтын  дәуірі  болды.  Сондықтан 
ғалым Қ.Өмірәлиев: «...бұл сипаттас сөз үлгілеріне қазақ, ноғай, қарақалпақ т.б. 
халықтардың ортақ еншілігі бар мұра ретінде қарау керек»
18
 – деген. 
Ғасырлар қойнауынан үзік күйінде болсын жеткен асыл мұра – қазақ, ноғай 
және қарақалпаққа да ортақ.  
Жалпы  түріктік,  ортақ  арнадан  бөлініп,  қазақ  халқының  ұлттық  дербес 
мәдени  мұраларының  қалыптасуы  өз  алдына  мемлекет  болып  құрылуынан 
басталады. Зерттеушілер осындай асыл мұралардың арналы саласы қазақтың 
төл  әдебиеті атанған ХV-ХVІІІ ғасырларда жыраулар поэзиясының да жасай 
бастаған уақытын қазақ хандығы құрылған уақытпен сабақтастырады.  
Алтын Орданың күйзелісті күндерінде бой түзеп шыққан қазақ хандығы 
қазақ  даласында  жаңа  мәдени  дәуірдің  бетін  ашты.  ХV-ХVІІІ  ғасырлардағы 
жыраулық өнер жаңа дәуір талабына сай дамыды. Жыраулар қазақ тарихының 
ғасырлық мұңын толғады. 
Ғалым  М.Мағауин  жыраулық  өнер  туралы:  «Қазақ  әдебиеті  қазіргі 
Қазақстан  жерін  жайлаған  тайпалар  туғызған  бай  рухани  қазынаның  заңды 
мұрагері еді. Ол өзіне дейін ғасырлар бойы жасаған мұрадан нәр алды, ежелгі 
дәстүрлерді  дамыту,  тың  тақырыптар  игеру,  соны  соқпақ сараптар қалдыру 
нәтижесінде кемелденді»
19
 – деп тұжырымдаған. 
Халқымыздың өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген өшпес, 
өлмес алғашқы дербес мұралардың бірі – ақын-жыраулар поэзиясын зерделей 
келіп,  әдебиет  зерттеушісі  Н.Келімбетов:  «Қазақ  жыраулары  қазақ  атымен 
аталатын  дербес  әдебиеттің  басы  ғана емес, ...ежелгі түркілердің көркем сөз 
өнерінің  табиғи  жалғасы»
20
  –  деген.  Ғалым ежелгі түркі поэзиясы мен қазақ 
жыраулары поэзиясын салыстыра, саралай келіп: «VIII-XІI ғасырлардың жазба 
жәдігерліктеріне тән осы  тілдік-стильдік, модельдік ішкі заңдылық бертін келе,                        
XV-XIX ғасырлардағы қазақ ақын-жыраулары поэзиясындағы дидактикалық-
шешендік жыр толғауларға да тән қасиет болып шықты»
21
 – деп түйіндеген. 
ХV-ХVІІІ  ғасырларда  өмір  сүрген  жыраулар  мұрасындағы  әлеуметтік-
дидактикалық сарындардың ежелгі түркі әдебиетінен бастау алғаны даусыз. 
ІХ-ХІІІ  ғасырларда  өмір  сүрген  ғұлама  ғалым,  әрі  ақын,  әрі  философ 
ойшылдардың  еңбектерінен  қазақ  халқының  мақал-мәтел,  нақыл  сөздеріне 


14 
 
айналып кеткен әлденеше асыл сөз тіркестерін көптеп кездестіресің. Тек бір 
ғана Ж.Баласағұнидың жүзге тарта асыл ойға, әдемі ұйқасқа құрылған афоризм 
сөз тіркестері бар. 
Кемеңгер  ойшылдардың  заман  озған  сайын  көнермей,  көмескіленбей, 
қайта көркейе, жандана түскен ақыл-нақыл өсиет сөздері орасан көп. Олардың 
асыл сөз маржандарынан бұқара қауымның кәрі-жасы үлкен ғибрат алатыны 
сөзсіз. 
Ақын-жыраулар поэзиясынан да осындай мақал-мәтел боларлық тәрбиелік 
мәні  бар терең ойға толы, афоризм сөз тіркестерін көптеп кездестіреміз. Бұл 
жөнінде  әдебиетші,  ақын  А.Егеубаев:  «...әдебиеттің  алтын  қоры  болып 
есептелетін  ақын-жыраулар  поэзиясының  кемелденіп,  керемет  шеберлік 
деңгейіне көтерілуінің түп-тамыры ІХ-ХІІІ ғасырларда өмір сүрген, бүкіл Орта 
Азия  халықтарына  ортақ  Ж.Баласағұни,  М.Қашқари,  Әл-Фарабилер  сияқты 
кемеңгер ойшылдардың трактаттарынан нәр алуында»
22
 – деп өте орынды пікір 
айтқан. 
Қорқыт  ата,  Аталық  және  Сыпыра  жыраулар  негізін  қалаған  жыраулық 
дәстүрлер – дербес мелекеттік дәрежеде өмір сүрген қазақ хандығының әдеби 
мұрасы. Көрнекті ғалым М.Мағауин: «Қазақ халқының жалпы түріктік ортақ 
этноқұрамынан бөлініп, дербес Орда құрған хандық заманы төрт ғасырға жуық 
ұзақ  дәуірге  созылды»
23
  –  дейді.  Демек,  тәуелсіздік  жолына  мәңгілік  бағдар 
түзеген  Қазақстанның  мемлекет  болып  қалыптасуында  ақын-жыраулар 
мұралары үнемі ықпалды арна болды. 
Дәуірлерге  тән  жыраулар  поэзиясы  кең  арнамен  дамыды.  Ақын 
Ә.Тәжібаев:  «Ақындығы  күшті  жыраулардың  жадындағы  жырлар  үнемі 
жаңғырып, кейінгі ұрпаққа сыйқын бұзбай көрікті күйінде жетіп отырады»
24
 
демекшідей, ата қоныс жер үшін, атамекен ел үшін ұлан-байтақ кең даласын 
ғасырлар бойы «ақ найзаның ұшымен,  ақ білектің күшімен» қан төгіп қорғаған, 
«ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атанған заманда елім деп еңіреген қазақ 
халқын  құрып  кету  қаупінен  сақтап,  елдігін  ерлікпен  қорғап,  жерін  жауға 
бермеген, ұлан-байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ 
құлағы жастыққа тимеген рухани әлеміміздің шамшырақтары – ел азаматтары, 
қаһарман  қазақ  батырлары  мен  тарихи  тұлғаларды,  батырлықты  жыраулық 
өнермен  ұштастырған  бабаларды  нақтылықпен дәл көрсеткен жыраулардың 
құнды өлең-жыр өзегін халқымыз кейінгі ұрпақтарға аман-есен жеткізген.  
Профессор  Е.Ысмайылов:  «Ақындар  ел  тарихын,  мәдени  мұраны  бізге 
жеткізуші,  өткен  ғасырларды  бүгінгі  дәуірмен  жалғастырушы»
25
  –  деп  өте 
орынды айтқан. 
Ақын-жыраулар өз ұрпақтарына ғибратты өлеңімен де, батырлық өнерімен 
де, «елім үшін – жан пида» деген азаматтығымен де үлгі болып өткен. 
Әдебиетіміздің  жеке  сала  болып  тұрақтап  қалыптасуына,  толысып, 
кемеліне келіп, өркендеп дамуына үлес қосқан, яғни, ХV-ХVІІІ ғасырлардағы 
(Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, 
Тәтіқара,  Үмбетей,  Бұқар  т.б.)  ақын-жыраулар  мұраларын  саралай  келіп, 
көрнекті  ғалым  М.Мағауин:  «...Халықтың  рухани  өмірінде  жетекші  орынға 


15 
 
шыққан поэзия әлденеше ғасыр бойы қазақ әдебиетінің жай ғана көшбасшысы 
емес,  ең  басты  жанр  қызметін  атқарды.  Ал  кезеңдегі  қазақ  поэзиясының ең 
ауыр жүгін көтерген, сөз өнерінің жетекші өкілдері – жыраулар болды. Қазақ 
ақын-жыраулары  ХV-ХVІІІ  ғасыр  шегінде  бүкіл  әлемдік  мәні  бар аса құнды 
әдеби мұра жасады»
26
 – деп тұжырымдады. 
Шындығында,  жыраулар  поэзиясы  –  қазақ  хандығы  тұсындағы  дара 
шыққан әдебиет. Ол бізге қазақ халқының құралу кезіндегі қилы күйді жеткізіп, 
хандық  дәуірдегі  қоғамдық-әлеуметтік  ой-пікірлерді  білдіріп,  тұтас  елдің 
болмысын көрсетті. 
Ол жайында зерттеуші Н.Келімбетов: «Жыраулық өнер өзінің табиғи даму 
барысында  ежелгі  түркі  әдебиетіне  тән  жалпылама  өсиет,  ғибрат  айту 
шеңберінен  шығып,  қоғамдық-әлеуметтік  ой-пікірді  білдіретін,  күллі  қазақ 
елінің тынысын аңғартатын қоғамдық күшке айналды»
27
, – деген болатын. 
Жыраудың  өтімді  де  беделді  болған  кезі  –  қазақ  хандығы  дәуірінде  еді. 
Олардың атқарған ісі де көп болды. 
Зерттеуші,  белгілі  ғалым  Қ.Өмірәлиев:  «Жыраулар  ...тұтас  халықтың 
амандығын,  хандықтың  бірлігін  толғады,  болашаққа  көз  тігіп,  болжау,  аян 
сөздер айтты, ұлы ескертулер жасады. Олар ханның қошеметшісі де, өзін ханға 
бұлдаушы  да  болған  жоқ.  Олар  хан  ордасының  ұлы  кеңесшісі,  сәуегей 
ақылшысы  болды.  Өз  заманының,  жалпы  халықтың  мүддесі  тұрғысынан 
толғаулар айтқан осы жыраулар халық поэзиясын жасаушылар да болды»
28
, – 
деген еді.  
Қазақ  халқының  тұңғыш  рет  жеке ел болып бірігіп, өз алдына шаңырақ 
көтеріп,  тарихта  бірінші  рет  тәуелсіз  мемлекет  құруы  да,  онан  кейінгі 
кезеңдердегі  соғыс,  жаугершілік,  шапқыншылық  қатерінің  молдығы  да, 
«ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атанған заманы да елден жауға төтеп 
бере алатын беріктікті, бірлікті, ер азаматтан халқын, жұртын зорлықшыл жау 
қиянаты  мен  басқыншылығынан  қорғап,  пана  боларлық  «ерлік  пен 
қаһармандықты» тіледі. 
Талай  қиямет-қайым  күндерді  өткізген  біздің  тарихымыз  –  ерлікке  бай 
тарих. 
Ерлік  –  кісінің  қайрат-жігерінің,  ақыл-ойының,  ар-намысының,  ынта-
әрекетінің еңбектегі және ел қорғаудағы жеңісті де жемісті көрінісі. 
Екі  талай  заманда  қазақ  елінің  басын  қосып,  ұлттық  ерлік  мектебінің 
негізін  қалаған,  Отанын  сүйіспеншілікпен  қорғаудың  тамаша  үлгілерін 
көрсеткен Абылайдай ханымыз, Төле, Қазыбек, Әйтекедей билеріміз, Бөгенбай, 
Қабанбай, Наурызбай бастаған жүздеген батырларымыз бен мұраларында сол 
дәуірдегі  тарих  іздерінен  көрініс  берген  әйгілі  жырауларымыз  Қазақстан 
тарихының  беттерінде  алтын  әріптермен  жазылды.  Олардың  адамгершілік 
асқақ рухтары күні бүгінге дейін халық жадында, аттары ел аузында сақталып 
келеді.  Бұл  –  сол  дәуірдегі  болмыс  шындығын,  «жатырқап-жасқанбаған, 
батырлығына  қаһармандық  қимылы  сай  ерлер»  кейпін  бейнелеген 
жыраулардың аса құнды мұраларының көрсеткіші. 


16 
 
Ақын-жыраулар  өздері  өмір  сүрген  кездің  ірі  оқиғаларынан  сырт  қала 
алмады.  Олар  қай  кезде  де  дәуір  шындығын  көркемдеген,  халықтың 
қамқоршысы,  ерлік  пен  елдіктің  ұраншысы,  ту  ұстары  болды.  Мәселен,                 
XVIII  ғасырда  қазақ  елі  қилы  кезеңді  басынан  кешірді.  Шығысынан  – 
Қытайдан,  батысынан  –  орыс  империясынан  қауіп  төнген  еді.  Олардың 
өршелендіруімен  Жоңғар  шапқыншылары  қазақ  жеріне  жойқын  шабуылдар 
жасады.  Басқыншы  жау қазақ даласын өртке орады, елді талады, адамдарды 
қырып  жойып,  баланы  да,  кәріні  де  аямады.  Қазақ  елі  тарихта  «ақтабан 
шұбырынды,  алқакөл  сұлама»  атанған  қайғылы  тағдырды  басынан  кешірді. 
Тарихымыздың  осы  бір  тарихи  кезеңі  туралы  энциклопедист-ғалым 
Ш.Уәлиханов: «Бұл қазақ халқының өміріндегі ең ауыр кезең еді» – деп жазған. 
Ақын-жыраулар ХVІІІ ғасырдағы осы «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» 
оқиғасы  кезіндегі  қайғылы  тағдырды,  аласапыран  заманның  тіршілік 
болмысын,  ел  басына  төнген  қауіп-қатерді,  екіталай  кезеңді  жыр  өрнегіне 
түсіріп, халқының тағдырына ортақтасты. Осы ақын-жыраулар мұрасын жетік 
таныған,  оның  озық  қасиеттерінен  нәр  алған  кең  тынысты  ХІХ  ғасырдағы 
(Дулат, Шортанбай, Мұрат, Махамбет, Майлықожа, Базар т.б.) ақын-жыраулар 
да заманының әлеуметтік қайшылықтарын жіті танып, Ресей құрамында болған 
мың  жарым  жылдық  отарлық  дәуір  заман  жайының  шындық  беттерін 
айшықтаған. Яғни, жыраулар мұрасының нысанасы – дәуір шындығын көрсету.  
Жалпы,  ХV-ХІХ  ғасырларда  өмір  сүрген  қазақ  ақын-жырауларының 
поэзиясынан  ғасырлар  сырын,  халықтың  салт-санасын,  ой-өрісін,  тілек-
мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені ақын-жыраулар толғауларында халықтың 
небір  нәзік  сырлары,  мұң-мұқтажы,  қайғы-қасіреті,  қуаныш-сүйініші,  келер 
ұрпаққа айтар өсиеті орын алған. 
Ғалым  әрі  ақын  Ә.Тәжібаев:  «Асан  Қайғы,  Қазтуған  жырау,  Шалкиіз 
жырау,  Бұқар  жырау  айтқан  толғаулардың  бізге жеткен бөлшектеріне қарап 
отырсақ,  тыңдаушысын  теңіздей  шайқайтын  терең  ойлардың  толқынында 
жүзгендей сезінеміз ...өмір, тарих, қоғам, адам жөнінде ғажайып топшылаулар, 
толғау-түюлер айтады. Жастарды сол ой-өрісіне тәрбиелеуді мақсат еткен»
29
 – 
деген. 
Ғалым С.Қалиев: «Бұл пікір жыраулар мұрасының дүниетанымдық қасиеті 
мен тәрбиелік мәнін ашуға берілген әділ баға»
30 
– деп баға берген. 
Ал осы жыраулар поэзиясының тәрбиелік мәні, педагогикалық негіздері де 
қолға алынып зерттелуде. Әсіресе, бұл салада сүбелі үлес қосқан белгілі ғалым 
С.Қалиев еңбектері жас ғалымдарға тірек болары анық. 
Қазақ халқы – сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, 
өнеге ретінде данышпандықты өлеңмен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен 
тәрбиеленіп, өсіп, өнген халық. 
Халық мұрасының танымдық-тәрбиелік мәні, әрине, ұланғайыр дүние. 
Осы  асыл  мұралар  –  бізге  ғасырлар  тынысын  танытып  қана  қоймай, 
өздерінен бұрын өмір сүрген аға буынның тәрбие мәселесіндегі жинақталған 
бай  тәжірибесіне  сүйене  отырып,  келер  ұрпақты  адал  еңбекке,  өнер-білімге 
баулу,  өмірге  бейімдеу,  жанұяның,  ауыл-аймақтың,  Отанның  ар-намысын 


17 
 
қорғау  сияқты  ізгі  адамгершілік  қасиеттерге  тәрбиелеу  міндетіне  жауапты 
қараған. 
Онда  ел  арасында  береке-бірлік,  үлкенге  деген  сый-құрмет,  қазақ 
қыздарына тән биязылық, әдептілік, ізеттілік, қазақ жігіттеріне тән айбаттылық, 
қажырлылық, серілік, ерлік, үлкендерге тән парасаттылық білмегенді үйрету, 
жақсы тәрбие үлгісін көрсету сияқты асыл қасиеттерді, халықтың көрегендігін, 
кемеңгерлігін, даналығын, әділдігін паш еткен. 
Революцияшыл демократ В.Г.Белинский: «Саяси бостандығы жоқ халықта 
әдебиет – бірден-бір трибуна»
31
 – деген. Жыраулар поэзиясы да – мектебі жоқ 
кең даланың халқына тәлім-тәрбие құралы болған. 
Ақын-жыраулар қазақ қоғамының прогресі үшін барша жұртты бай, кедей 
деп  бөлмей,  адамгершілікке,  бірлікке,  бауырластыққа  баулуды  қажет  деп 
санады.  Олардың  ойынша,  адамның  мінез-құлқы  жақсы  болуы  үшін 
айналасындағыларға  жанашырлық,  ізгі  жүректілік  білдіруі, қамқоршы болуы 
қажет.  Өзіне  қажетті  игіліктерді  жасауда  адамдар  бірлесіп,  қоғамдасып, 
бауырмалдық іс-әрекет жасауы керек, сонда ғана бақытқа жетеді, басына бақ 
қонады  деп  ұқты.  Олардың  бүкіл  халқының  қамын  ойлауы,  елді  берекелі 
бірлікке,  шынайы  достыққа,  адал  еңбекке  шақыруы  сол  замандағы 
прогрессивтік маңызы зор гуманистік көзқарас еді. 
Жалпы  Е.Ысмайылов жыраулардың қоғамдық тұлғасын жоғары бағалай 
келіп:  «Ақын-жыраулар  өмірдің  ұсақ  мәселелеріне  аз  араласып,  көбінесе, 
заман-дәуір,  өткен  мен  келешек,  адамгершілік, жақсылық, жамандық жайлы 
ойлар, болжаулар, қағидалы сөздер айтып отырған»
32
 – деп түйген. Халқының 
санасын адамгершілік идеялармен де жаңартқан ақын-жыраулар поэзиясының 
психологиялық күш-қуаты орасан зор болған. 
Жыраудың  қоғамдық  тұлғасы  қазақ  хандығы  жойылған  тұста  өзгеріске 
енді. Мемлекет, қоғам ісін реттеуде жыраулардың атсалысу ісі жойылды. Ханға 
кеңес, мін, сын, мадақ айту өткен тарихтың еншісінде қалды. Ал ел қамын жеу, 
адами-рухани құндылықтар, үгіт-насихат, үлгі-өнеге, ақыл-нақыл, ғибрат т.б. 
сарындар күні бүгінге дейін сақталған.  
Халқымыздың  сол  дарынды  өкілдерінің  таңдаулы  мұраларында  ұлттық 
сезімнің нақты көрінісі мен дәуір көрінісі айқын бейнеленген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


18 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет