20
К.Оразбекова: «...ұлттық тәрбиенің тәлімдік негіздері Адам атадан бастау
алып, бүкіл өмірі – өлеңге, өлеңі – өмірге айналған жыраулар арқылы жалғасын
тауып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырды...»
41
– деп өте орынды түйіндеген.
Дербес мемлекет дәрежесінде өмір сүрген қазақ хандық дәуірінде
жыраулық дәстүр кеңінен дамыды. Олар халыққа өнегелі сөздерімен ықпал
етіп, оларды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды. Ақын-жыраулар
жаугершілік заманда хандар мен бектердің ақылгөй кеңесшісі болып,
жорықтарға бірге аттанды, ру-тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды
майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды
жоқтап, ел қайғысын бөлісті.
ХV-ХVІІ ғасырлар аралығында өмір сүрген ақын-жыраулар қазақ
қоғамының қалыптасу, даму кезеңінен бай рухани мұра қалдырды, олар
өздерінің жырларында қоғамдық өмірдің әлеуметтік саяси жағдайы мен
халықтың ой-санасын бейнелеп, өзіндік айшықты орны бар, өткірлігімен,
тапқырлығымен, көрегендігімен, қажымас күш-қуатымен, ақыл-парасатымен,
басқаша айтқанда, көсемдігімен, шешендігімен, әділдігімен, өз мүддесін ұлт
мүддесімен ұштастыруымен, ұлтжандылығымен халықтың сана-сезімін
тәрбиелеп, қоғамдық тәрбиешілердің рөлін атқарды.
Осындай асыл мұралардың арналы саласы жыраулар поэзиясын жете біліп
зерделеп, ондағы үлгі-өнеге мен игі дәстүрлерді ұрпақ тәрбиесіне ұтымды
пайдалану тұрғысында этнотәлімгер-ғалым С.Қалиевтің ғылыми еңбектерін
басшылыққа ала отырып қарастыру өте тиімді.
Аталмыш оқу құралының осы бөлімінде өздерінің өлең-жыр,
толғауларымен елдік пен ерлікті, сақилық пен серілікті, әділдік пен адалдықты
жалықпай насихаттап, «ел намысы – ер намысы» деп қарап, дұшпанға өткір
тілді өлеңін де, алмас қылышын да жұмсай білген ХV-ХVІІ ғасырларда өмір
сүрген Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа сияқты
ақын-жыраулар мұраларының тәлім-тәрбиелік қырларына тоқталдық.
Достарыңызбен бөлісу: