Ұлы дала ақын-жырауларының тағылымдық МҰралары



Pdf көрінісі
бет7/30
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
Elubaeva Akin Jirau

 
 
Асан Қайғы 
 
Халқымыздың  рухани  асыл  қазыналарын  жасаған  да  ғасырдан-ғасырға, 
ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізген  де  халық  арасынан  шыққан  дарынды  жандар  – 
ақындар, сал-серілер, жыраулар. 
Жыраулар поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі  – Асан Қайғы өз халқына 
еңбек етіп, кейінгі ұрпақтарға үлгі-өнеге етерліктей мұра қалдырды. 
Асан Қайғы жырау туралы ғалым М.Мағауин: «Кейінгі ұрпақ әулие танып, 
аңыз кейіпкерлеріне айналдырған, ал Ш.Уәлиханов «көшпенділер философы»  
атаған Асан Қайғы өз заманының үлкен ойшылы еді... »
42
 – деп жазды. 
Шындығында, Асан – аты аңызға айналып кеткен, даңқты адам, өз кезінің 
ірі  қоғам  қайраткері  әрі  шешен  биі,  асқан  ақылгөйі.  Қолжазба  қорындағы 
аңыздар  мен  түрлі  зерттеулерді  саралай  отырып,  деректерді  негізге  алып, 
көрнекті  ғалым  Х.Сүйіншәлиев  Асан  Қайғы  туралы  көптеген  мағлұматтар 


21 
 
берген: Асанның өз аты – Хасан. Ал әкесі – саятшы Сәбит, шешесі – Салиха, 
әйелінің  аты  –  Күлжазира  сұлу,  баласы  Абат  батыр  екен.  Асанның  енді  бір 
баласы Жетім Жаңалы. Ол Әз Жәнібекпен бірге қалмақ ханында бірнеше жыл 
кепілдікте  жүрген.  Оның  жетім  атануы,  асылы,  ол  Асанға  өкіл  бала  болып 
кеткен аға-інілерінің баласы болса керек. 
Асан  Қайғы  Шыңғыс  хан  тұсында  жасаған  Майқы  бидің  6-шы  ұрпағы. 
Жырау шамамен 1330 жылдары туып, 1450 жылдары дүние салған. 
Академик  М.Әуезов  Асан  Қайғы  жөнінде:  «өзінен  қалған  қысқа  сын 
болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай 
көрініс-елес, білік-дерек береді»
43
 – деген. 
Қолжазба деректері мен аңыздарда 1420 жылы Орманбет хан бөлініп, сары 
ноғайлар  Еділде  қалады  да,  қара  ноғайларды  Қазтуған мен Абат бастап көп 
қиындықты  бастан  кешіре  отырып,  жылы  жақ  Қаратауға  көшіп  келеді. 
Шерқұтты  бастаған  бір  топ  кейін  қайтып  кетеді.  Осы  тұстағы  жыр  атасы 
Асанның  кері  қайтпа  деп  кеңес  берген  ақылы  мен  батасы  жайындағы 
толғауында өз жайынан да, заман аңғарынан да білік-дерек берген. 
Қазтуған мен Абатым, 
Дұшпанды жер болғанда, 
Сегіз қырлы болатым 
Мен бір жасы жеткен қарт едім, 
Көлеңкелі жерде бағатын. 
Күні-түні жатырмын 
Бес намазды тәрк қылмай, 
Құдайдың өтеп тағатын... 
«Әумин» де Абат жан 
Батамды саған берейін 
Балам да болсаң ер едің. 
Тұла бойым тұңғышым 
Менен туып тұр едің, 
Жылы жерге алып бар, 
Қатын, бала тоңбасын, 
Енді кейін қайтуға 
Қақ тағала жазбасын
44

... 
Қайда барсаң, аман бол, 
Маңдайыңнан алла оңдасын! 
Жыр атасы «Асан сөзі» деп айтылатын өлеңдегі: 
Баласы еді ағамның 
Құламай тұрған басында, 
Жұрт билеген Қазтуған –  
деген жолдарынан әрі батыр, әрі шешен жырау Қазтуған Асанның ағасының 
баласы екендігін аңғарасың. 
Жәнібек  бастаған  қазақ  хандығы  ХV  ғасырдың  60-шы  жылдарында 
Әбілхайыр  (Өзбек)  бірлестігінен  бөлініп,  Шу  бойында  жаңа  Қазақ  Ордасын 


22 
 
құрды. Атақты ақын, жырау Хасан Сәбитұлы (тарихта Асан Қайғы аталған) осы 
Қазақ Ордасының ұраншысы болды. Асан Қайғы Жәнібек пен Керей ханның 
қазақ  халқы  үшін  қызмет  етуін,  халықтың  жай-күйін  ойлау  қажеттігін,  қол 
бастап қазақ халқын, жерін жаудан қорғау керектігін, жалпы елжанды болуын 
уағыздаған. 
Жәнібектің ел басқару саясатына жиі араласып отырған Асан Қайғы: «Әй, 
хан,  мен  айтпасам білмейсің», «Қырында киік жайлаған», «Алты атанға қос 
артып»  секілді  толғауларында  ел  бірлігі,  ата  қоныс  жайы,  дербес  ел  болу 
жағдайлары  мен  қиырдан  қиырға,  жат  мекенге  қоныс  аударудағы 
ауыртпалықтар ру-тайпалар арасындағы текетірестік тірліктер сөз болған. 
Асан Қайғы өмір сүрген кезде Алтын Орданың тепкісінде болған орыс елі 
қайта көтеріліп, Алтын Орда ыдырап, оның орнын өзара қырқыстан басқаны 
білмейтін дербес хандықтар басты. Асан Қайғының «Қырында киік жайлаған»  
атты толғауының мазмұнына ой жіберсек, өзара хандыққа таласып, қырқысып, 
елдің  мазасын  кетірген  Алтын  Орда  хандарын  көреміз.  «Туған  жердей  жер 
болмас, туған елдей ел болмас» деген халық даналығын қағида тұтқан жырау 
Жем, Ойыл өзендері мен жерлерінің қоныстық ерекшеліктерін, оның отқа, суға, 
малға, адамға жайлы жақтарын: 
...Қырында киік жайлаған, 
Суында балық ойнаған, 
Оймауыттай тоғай егіннің 
Ойына келген асын жейтұғын, 
Жемде кеңес қылмадың, 
Жемнен де елді көшірдің
45
, – 
деп, үйреншікті мекенінен жат жерге көшірген ханға деген наразылығы мен ата 
қонысына  деген  сүйіспеншілігін,  қимастық  сезімін,  құрметін  өлең  сөзбен 
өрнектеген. 
Ойыл көздің жасы еді 
Ойылда кеңес қылмадың, 
Ойылдан елді көшірдің. 
Ерлер жортып күн көрген, 
Еділ деген қиянға 
Еңкейіп келдің тар жерге, 
Мұнда кеңес қылмадың, – 
деп елді сергелдеңге салып, бауыр басқан өз мекеніне тұрақтамай, ата қоныс, 
ауыл-аймақ, ағайын-туыстан айырдың деп ханды айыптайды.  
Жырауға туған жер, атамекен бәрінен де ардақты.  
Асан  Қайғы  халқының  үйреншікті  мекенінде  еш  ауыртпалықсыз:  жаз 
жайлауында,  қыс  қыстауында,  шөбі  шүйгін,  жайлы  қоныста,  молшылықта, 
бірлігі  мен  тірлігі  жарасқан  бейбіт  өмір  сүруін  тілеген.  Оның  осы  арманы 
толғауларының  негізгі  арнасы  еді.  Сондықтан  да  оны  халқы ел қамқоры, ел 
мұңшысы атаған. Алдағына болжағыш жырау:  
Аңдып жүрген көп дұшпан, 
Елге жау боп келеді, –  


23 
 
деп ескерту жасап, ел басшылары мен халқын қамсыз отырып, қапы қалмау, 
дұшпаннан сақтандыру жайын жырлайды.  
Мал баққан ел басына түсер ауыртпалықты байқаған Асан Қайғы халықты 
береке-бірлікке шақырады. 
Есенің де, тірің де –  
Бір болыңыз бәріңіз! – 
деп «бірлік» мұратқа жеткізер жол екенін насихаттайды. 
Мал  баққан  көшпелі  елге  керегі  –  бейбіт  тіршілік.  Бірақ  ол  кезде  ұсақ 
хандықтар, ру-тайпалық топтар арасында жаугершілік, басқыншылық, соғыс, 
құнарлы жер үшін ұрыс-қақтығыс жиі болып, ел берекесін кетіріп, күйзеліске 
ұшыратқан. Ол туралы С.Сейфуллин: «...жылдың, заманның ыңғайына қарай 
осы жерлердің бірін бір жыл жайлап, бірін күздеп, бірін қыстап, қаптап жүрген. 
Осы  айтылған  жерлердің  бір  жағын  жау  алса,  бір  жағына  жөңкіліп  ауған. 
Қайтадан ол жерді және тағы да жапсарлас жерлерді көршілес елдерден өздері 
де тартып алып жүрген»
46
 – деп сипаттайды. Жырау халық басына түскен осы 
ауыртпалықты көре біліп, халық бақытын, ел тыныштығын ойлаған. Әділдік 
үшін күрескен Асан Қайғы жайындағы аңыздарда «бұл қария қашанда ханға 
жағынбай, жарамсақтанбай тура сөйлеуші еді» делінген. 
Оның  ақиқатын «Әй хан, мен айтпасам білмейсің» деген Жәнібек ханға 
айтқан толғауынан байқаймыз. «Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп 
көрмейсің»  деп  күйзелген  халқыңның  қамын  ойлау  орнына  «Қымыз  ішіп 
қызарып, масаттанып қызып терлейсің, Өзіңнен басқа хан жоқтай, елеуреп неге 
сөйлейсің»  –  деп  мансабына  масаттанған  ханға  батыл  үн  қатып,  ханның 
парықсыз мақтаншақ, өркөкірек, асқақтығын бетіне айтып, ренішін білдіреді. 
Халықпен санасуды, елге қысым көрсетпеуді, егер халық көтерілсе, хан басына 
ауыр күн туатынын ескертеді.  
Құйрығы жоқ, жалы жоқ, 
Құлан қайтіп күн көрер... 
Хан менен билер қысқанда 
Халық қайтып күн көрер? 
Онда халық түнерер, 
Халыққа қысым күш берсең, 
Халықтың кегі күшке енер. 
Онан әрі ханға: 
...Құладан құлы өлтірсе, 
Өз басына келеді 
Құлың кеп сені өлтірер 
Осыны Асан біледі, –   
деген халық күшінің жоғарылығын көрегендікпен болжай ескертеді. 
Ел  қамқоры  Асан  Қайғы  жырларында  ел  бастаған  хан  да,  қол  бастаған 
батыр  да, халқымен бірлікте болуы керектігі, жүрегі елім, жерім, халқым деп 
соққан  азамат  қана  ел  тірегі  болатыны  насихатталып,  адамдарды  кішіпейіл, 
жомарт, кешірімді, шыншыл болуға шақырған ой меңзеуі айқын көрінеді. 
 


24 
 
Арғымаққа міндім деп, 
Артқы топтан адаспа. 
Күнінде өзім болдым деп, 
Кең пейілмен таласпа. 
Ғылымым жұрттан асты деп, 
Кеңессіз сөз бастама. 
Жеңемін деп біреуді 
Өтірік сөзбен қостама, – 
деген өлең жолдарындағы өмір тәжірибесінен түйген, толғамы терең, күрделі 
ойлардың бүгінгілерге де үлгі-өнеге болары анық. 
Жарқын өмір тіленшісі – Асан Қайғының арманы – елдің бірлігі, достығы, 
ынтымағы, бейбіт өмірі, бай өлкесі. Ол ханға: 
...Тіл алсаң, іздеп қоныс көр, 
Желмая мініп жер шалсам, 
Тапқан жерге ел көшір, –  
деп ақыл-кеңес береді. 
Қарт жыраудың бейбіт өмірді, ел-жұрттың татулығын көксеп, ханға: 
Еділ бол да, Жайық бол, 
Ешкімменен ұрыспа, 
Жолдасыңа жау тисе, 
Жаныңды аяп тұрыспа! –  
немесе, 
      Ақың болса біреуде 
Айыбын тап та ала бер, 
Ерегесіп ұрыспа, – 
десе, 
Өлетұғын тай үшін, 
Көшетұғын сай үшін, 
Желке терің құрысып, 
Әркімменен ұрыспа. 
Ашу-дұшпан, артынан 
Түсіп кетсең қайтесің 
        Түбі терең қуысқа!... –  
деп халық нақылдарындағы «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, Ақылыңа ақыл қос» 
деген өсиетті насихаттап ашудың зиянды қасиет екенін ескерткен ежелгі ақыл-
кеңесі бүгінгі күнде де өз күшін жойған жоқ.  
       Оның  ел  қорғаушы  азаматтарды  қайырымды,  кешірімді,  көпшіл болуға, 
достықты  бағалап,  ерлік жасауға, теріс мінездерден аулақ болуға уағыздаған 
жырлары – өз тұсындағыларға да, келешек ұрпаққа да ғибрат, өнеге аларлық 
тағылымы зор мұра. 
Ердің құны болса да, 
Алдыңа келіп қалған соң, 
Қол қусырып барған соң, 
Аса кеш те қоя бер, 


25 
 
Бұрынғыны қуыспа, –  
деп көпшіл бол, кешірімді бол, достықты бағалай біл деп үгіт-насихат айтады. 
Жатса-тұрса  халық  қамын  жеген,  халықты  берекелі  бірлікке,  достыққа 
шақырып, сөз маржанын тізбектеп, терең ойды топшылап өткен Асан Қайғы 
жыраудың:  
Мінезі жаман адамға, 
Енді қайтып жуыспа. 
Тәуір көрер кісіңмен 
Жалған айтып суыспа – 
деген моральдік, насихаттық жыр жолдарына ой жіберсек, Асан Қайғы жырау – 
ұлттық тәрбие тағылымының қайнар көзі, ұлт тәлімінің дүлдүл жыршысы дей 
аламыз. 
Ол  өзі  бастан  кешкен  қорытынды,  тұжырымды  ойларын  аз  сөзбен 
жинақтап беруге бейім. 
Әділдіктің белгісі, 
Біле тұра бұрмаса 
Ақылдының белгісі, 
Өткен істі қумаса 
Жамандардың белгісі, 
Жауға қарсы тұрмаса 
Зұлымдардың белгісі, 
Бейбіттің малын ұрласа 
Надандардың белгісі, 
Білгеннің тілін алмаса. 
Жырау поэзиясындағы адам бойындағы әр алуан қасиеттер ұлтымыздың 
тәлімгерлік  бай  тәжірибесінің  бірі  –  мақал-мәтел,  нақылдарымен  ұштасуда. 
Ғалымдарымыз  ел  ішіне  кең  тараған  қанатты  сөз,  мақал-мәтел  болып 
қалыптасуына жыраулардың да үлес қосқанын көру қиын емес деген пікірлерін 
айтады. 
Сөз өнерінің қадірін білген, оған ерекше мән берген Асан Қайғының мына 
бір өлең жолдары да терең ойлы нақылдар. 
Таза, мінсіз асыл тас – 
Сөз түбінде жатады. 
Таза, мінсіз асыл сөз –  
Ой түбінде жатады. 
Су түбінде жатқан тас, 
Жел толқытса шығады. 
Ой түбінде жатқан сөз,  
Шер толқытса шығады. 
Теңіздей терең ақылдың иесі Асан Қайғы жырау: 
Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер, 
Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер!? 
Шыбын шықса жаз болып, таздар қайтіп күн көрер, 
Жалаң аяқ балапан, қаздар қайтіп күн көрер!? –  


26 
 
деп,  қоғамдық  тұрмыстың  жайы  мен  сыр-сипатын  ашатындай  әлеуметтік, 
азаматтық пафосқа өріп суреттеген. 
«Көлде  жүрген  қоңыр  қаз»  толғауындағы  ғибратнамалық  ойлары  да 
тереңдігімен,  парасаттылығымен  құнды.  Жастардың  туған  жер,  өскен  елдің 
қадірін  біліп,  Отанын  сүю  адамгершіліктің  үлкен парызы деп ұғуын қалаған 
жырау Отан, ел-жұрт намысын қорлаушыларды ашына сынға алып: 
Көлде жүрген қоңыр қаз 
Қыр қадірін не білсін! 
Қырда жүрген дуадақ 
Су қадірін не білсін! 
Ауылдағы жамандар 
Ел қадірін не білсін! 
Көшіп-қонып жүрмеген 
Жер қадірін не білсін!.. 
Ақылыңа көнбеген, 
Жұрт қадірін не білсін! – 
дейді. 
Қазақ  хандығының  жаңа  ғана  қаз  тұра  бастаған  заманда  әлеуметтік 
мәселеге өз жырымен үн қосып, қоғамдық көзқарасын таныта алған ақылшы 
жырау туралы ғалым Б.Кенжебаев: «Асан Қайғының шығармалары өз тұсының 
айнасы,  ол  өз  дәуіріндегі  қазақ  халқының  мұңын,  тілегін  көрсетеді»
47
  –  деп 
жазған. 
Асан  Қайғы  –  данышпан,  ғұлама  адам.  Асан  Қайғы  –  ХV  ғасырдың                  
Әл-Фарабиі.  Ол  тек  Жәнібек  ханға  емес,  бүкіл  қазақ  халқы  үшін  аспандағы 
жұлдыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет